Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 2137 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағынының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының Ақтоғай кенттік округі бруцеллез ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
2. Аягөз ауданының Ақтоғай кенттік округі карантинді аймақ деп танылып, 2009 жылға ветеринариялық шектеу қойылсын.
З. Аудандық аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторына (С. Декуртов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Б. Тлебалдин) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Әзімбаев