Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағы, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына келесі қосымша тізбесі анықталсын:
1) ұзақ уақыт ( бір жылдан артық ) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
2) 50 жастан асқан әйел азаматтар;
3) асыраушысы жоқ жалғызіліктер;
4) ауыл тұрғындары;
5) нашақорлыққа тәуелді азаматтар;
6) адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтырған азаматтар.
2. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі Н. Әзімбаев