Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2009.07.16 N 225 қаулысымен.
Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 13), 14) тармақшаларының негізінде Жарма ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕД1:
1. Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша).
2. Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамтылғандырылған азаматтарына материалдық көмекпен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және тәртібі жөніндегі нұскаулық бекітілсін (2 қосымша).
3. Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау бойынша аудандық комиссия құрамы Жарма аудандық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілсін.
4. 2007 жылғы 15 наурыздағы № 45 Жарма ауданының әкімдігінің
«Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы» каулысының күші жойылды деп есептелсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен
бастап, он күннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Д. Мусин
Жарма ауданыныц әкімиятының
2008 жылы 28 қаңтардағы N 38
каулысына 1 косымша
Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы төлемдерін бөлу жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы: Отынбаева Гульжан Таурбековна,
«Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" MM-ci бас маманы
Комиссия мүшелері Туембаева Зекен Оразбековна,
зейнеткер (келісімі бойынша);
Ахметова Роза Александровна,
зейнеткер (келісімі бойынша);
Айтаков Жумабек зейнеткер
(келісімі бойынша)
Комиссия хатшысы: Байбосынова Алма Мырзагаликызы,
«Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" MM-ci бас маманы.
Аудан әкімі
аппаратыныц басшысы М. Каримов
Жарма ауданының әкімиятының
2008 жылы 28 қаңтардағы № 38
каулысына 2 косымша
Жарма ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекпен, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
I. Жалпы нұсқаулар
1. Біржолғы материалдык көмек ауданының өте мұқтаж аз қамсыздандырылған азаматтарына яғни әр адамға жылына 6ip рет қана керсетіледі.
2. Біржолғы материалдык көмекті алуға Жарма ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың құкығы бар.
3. Біржолғы материалдық көмек әкімияттың қаулысына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет есебінен төленеді.
4. Облысқа сіңірген енбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға ай сайын арнаулы жәрдемақы 6ip айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржы есебінен төленеді
II. Біржолғы материалдық көмекті бөлу тәртібі
5. Біржолғы материалдық көмек өте мұқтаж жалғыз тұратын аз қамсыздандырылған зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар
отбасыларына,мугедектерге,жұмыссыз азаматтарға керсетіледі.
6. Материалдық көмек табиғи апат кесірінен ауыр материалдық жағдайда отырған отбасыларына, қайғылы оқиғалары бар, аурудың ауыр түрімен ауыратын және баска да ceбeптepi бар азаматтарға керсетіледі.
7. Жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін әлеуметтік төлем «Жеңіс күні», «Қарттар мен мүгедектер күні» және тағы да басқа мерекелерге аудандағы коғамдық ұйымдардың ұсынуымен беріледі.
8. Біржолғы материалдық төлем 5-шi, 6-ші тармақшаларда керсетілген адамдар үшін төмендегідей құжаттарды ұсынған кезде бөлінеді:
материалдық көмек көрсету жөнінде өтініш;
төлқұжат немесе жеке басының куәлігі;
салық төлеушінің тіркелу нөмipi;
азаматтың материалдық көмек қажет ететінін растайтын басқа да құжаттар (қайғылы оқиға жөніндегі құжаттар, ауруы туралы дәрігерлік анықтама және тағы басқалар).
9. Келіп түскен әpбip өтініш бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімi немесе округ әкімшілігі атаулы көмек жайлы учаскелік комиссия мүшелерінің қоғамдық ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың өкілдерін қатыстыра отырып, өтініш жасаған азаматтың тұратын жеріне барып отбасының әлеуметтік картасын (жан-жақты зертеудің қорытындысын) толтырады.
10. Комиссия қоғамдық ұйымдар өтініштерін карау бойынша қандайда болмасын көмек көрсетуге немесе көмек бермеуге шешім шығаруға құкы бар.
10-1. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, бұрын «Батыр ана» атағын алған I, II, дәрежедегі «Аналық даңқ» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға әлеуметтік төлемдер жүргізіледі.
10-2. 10-1 тармақта көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік төлем мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы ұсынған алушылардың базасы негізінде бөлінеді.
Ескерту. 2-бөлімі 10-1, 10-2 тармақтармен толықтырылды – Жарма ауданы әкімдігінің 2008.05.12 N 164 шешімімен.
III. Біржолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі
11. Біржолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттарды көмек сұраған азаматтың есепшотына аудару жолымен төленеді
12. Материалдық көмек төмендегідей мөлшерде белгіленген:
табиғи апат, бақытсыздық жағдайларға, апат салдарынан өте ауыр науқаска шалдыққандарға әлеуметтік төлем 50000 теңгеге дейін;
осы Ереженің 5-шi, б-шi тармақшасында көрсетілген жағдайларға 1000 теңгеден 7000 теңгеге дейін;
қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен: «Жеңіс күні», «Қарттар мен мүгедектер күні» тағы да басқа мерекелер өткізуге 50000 - 100000 теңгеге дейін;
мерейтойларға 5000 теңгеден 50000 теңгеге дейін;
мерекелік күндерге 2000 теңгеден 10000 теңгеге дейін.
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, бұрын «Батыр ана» атағын алған I, II, дәрежедегі «Аналық даңқ» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға 5000 теңге көлемінде, Балаларды қорғау күні мерекесіне бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға 5000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік тағамдарының бағаларының көтерілуіне байланысты аз қамтылған адамдарға қосымша материалдық көмек көрсету үшін ай сайын 0,5 АЕК теңгеден бөлінеді.
Ескерту. 12 тармаққа өзгерістер енгізілді – Жарма ауданы әкімдігінің 2008.05.12 N 164 шешімімен.
IV. Облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке
шыққан азаматтарға арнаулы жәрдамақы
тағайындау мен төлеу тәртібі
13. Облысқа сіңірген енбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға осы мәртебесін жергілікті атқарушы органдардың уақытында берген арнайы куәлігімен немесе зейнетақы төлеу орталығының анықтамасымен куәландырады.
14. Арнаулы жәрдемақы тағайындау үшін қаржы бағдарламасының әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар өткізеді:
жеке басының куәлігінің өзі мен көшірмесі;
облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткер екендігі туралы арнайы куәліктің өзi мен көшірмесі, немесе зейнетақы төлеу орталығының куәландыратын анықтамасы;
ауылдық округ әкімшілігінің зейнеткердің тұрғылықты жері туралы анықтамасы;
зейнеткердің арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы өтініші.
15. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізілген құжаттар негізінде азаматқа арнаулы жәрдемақы тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Арнаулы жәрдемақы тиісті емес болған жағдайда өтініш иесіне жазбаша жауап беріледі.
16. Арнаулы жәрдемақы өтініш берген айдан бастап тағайындалып, телемі ай сайын жүргізіліп отырады.
17. Арнаулы жәрдемақыны қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған каржы есебінен жүзеге асырылады.
V. Жергілікті бюджет қаражатының көзделген
мақсатта пайдалануын бақылау
18. Аса мұқтаж азаматтарға атаулы материалдық көмек көрсетуге бөлінген, жергілікті бюджет қаражатының көзделген мақсатта пайдаланылуын бақылауды ауданның каржы бөлімі жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы М. Каримов