2009 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесіне 17 жасқа толатын еркек жынысты жасөспірімдерді есепке алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 134 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда № 5-13-54 тіркелді. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты Катонқарағай ауданы әкімінің аппаратының 2009 жылғы 10 тамыздағы № 488 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты Катонқарағай ауданы әкімінің аппаратының 2009.08.10 № 488 хатымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      2009 жылға Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 33 бабы, 1 тармағы,13 тармақшасына және 37 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17 бабы негіздерінде, ШЕШЕМІН:
      1. 2009 жылғы 1 қаңтардан- 31 наурызға дейінгі аралықта Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шакыру учаскесіне осы жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алу жүргізілсін.
      2. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы-комиссия төрағасы А.Д. Қаңтарбаевқа:(келісімі бойынша)
      1) Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 08 шілдесіндегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" № 74 Заңының талаптарына сәйкес он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алуды қамтамасыз ету;
      2) Он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алу үшін шақыру пунктін дайындау;
      3) Он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамынан барлық округтерге баратын арнайы топ құру және анықтау жұмыстарын ақпан айында ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігінің бас дәрігері Ж.Б. Тілеуберлинге (келісімі бойынша):
      1) әскерге шақыру учаскесіне есепке алынатын азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі маман- дәрігерлерін: хирург, невропотолог, психиатр, терапевт, тіс дәрігері, отоларинголог, көз дәрігері, дерматолог, сондай-ақ медбикелер қатарынан есепке алу жөніндегі комиссияның хатшысын бөлу, сонымен қатар Катонқарағай ауданының ауылдары шалғай орналасқандықтан қосарланушы құрам ұйымдастыру;
      2) аудандық ауруханада тексеру өткізу үшін қосымша орындар бөлу;
      3) аудандық ауруханада есепке алуға жататын азаматтардың кеуде клеткаларын флюорографиядан өткізу, анализдерді өткізуді (жалпы қан, зәр, микрореакция, ЭКГ- электрокардиограмма);
      4) әскерге шақыру учаскесіне есепке алынатын азаматтарды дәрігерлік куәландырудан соң емдеуді қажет ететін тұлғаларды маман- дәрігерлерге бекіту, Катонқарағай ауданының ауылдары шалғай орналасқандықтан қосарланушы құрам ұйымдастыру ұсынылсын;
      4. Ауылдық округ әкімдері әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери шақыру участкесіне шақырылғаны туралы хабардар етуді және аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге жасөспірімдерді есепке алуды жүргізуде көмек көрсетуді қамтамассыз етсін.
      5. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Г.М. Ағажаева аудан көлеміндегі мектептердің бастауыш әскери дайындық (БӘД) пәнінің оқытушы – ұйымдастырушыларының он жеті жасқа толатын еркек жынысты оқушылардың қажетті құжаттармен келуін қамтамассыз етсін, оқушылардың дәрігерлік комиссиядан уақытында өтуіне жауаптыларды тағайындасын.
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Чукубаева Д.Н. 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларына Катонқарағай аудандық қорғаныс істер бөлімінің шақыру учаскесіне жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтар арасынан қоғамдық жұмысқа техникалық қызметкерлерді бөлсін.
      7. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Ж.К. Сарсенбаеваға:
      1. Шақыру учаскесіне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алуды өткізу кезіндегі әскери қызметтен жалтарған адамдарды және шалғай жерлерде тұратын азаматтарды шақыру участкесіне жеткізуге, учаскені жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен жабдықтауға жұмсалатын шығындарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен төленуін жүзеге асырсын.
      8. Есепке алуды жүргізу кезінде әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді алдын-ала іріктеу, олардың білім деңгейлерін, денсаулық дайындықтарын тексеру, кестеге сәйкес дәрігерлік куәләндіру, әскери-техникалық мектептерде В,С, санатты жүргізуші мамандығы бойынша оқуға іріктелген әскерге шақырушылардың тізімін жасауды және кәсіби іріктеуді өткізу үшін мына құрамдағы топ құрылсын:
      1. Саябаев Мейірхат Мұратқазиевич – топтың басшысы (келісімі бойынша)
      2. Шыңғыстаев Қадырбек Замзинович-дәрігер-психиатр (келісімі бойынша)
      3. Смаилов Ермек Ерболатович– АІІБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі өкілі (келісімі бойынша)
      9. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.С.Ішкібаевқа (келісімі бойынша)
      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 44 бабының 2 тармағы негізінде есепке алу кезінде есепке алудан жалтарғандарды жеткізуді ұйымдастыру, әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамассыз ету ұсынылсын;
      10. ШҚО мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағау Департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша басқармасының бастығы Қ.К. Сқақоваға есепке алу кезінде ауданның қандай да бір елді мекенінің эпидемиялық қолайсыз жағдайлары туралы хабардар ету ұсынылсын. (келісімі бойынша)
      11. Катонқарағай ауданы әкімінің осы шешімі ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      12.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Садуовқа жүктелсін.
      Катонқарағай ауданының әкімі С.Зайнулдин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады