Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округіндегі ұсақ малдың сарып ауруына байланысты жайсыз аймаққа жатқызу, шектеулі аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі N 742 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 24 шілдеде N 5-14-70 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 1371 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2009.11.09 N 1371 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      2008 жылы ауданның ауыл шаруашылық жануарларын сарып ауруына аурушаңдығын тексерген кезде Ақбұлақ ауылдық округінің Күнгей-Бөкенбай ауылы, Нұрғазы, Чұқын, Ермек мал қыстақтарынан тексерілген малдардың арасынан 2 бас мүйізді ірі қара малы, 116 бас қой мен ешкі және 1 бас ит оң нәтиже берді. Аталған ауылдарда сарып ауруымен адамдардың да ауру фактілері орын алуда. Ауруға шалдығуы себепті және ауыл шаруашылық мал басын сарып ауруына бірінші рет толық және қайталап тексеру барысында жайсыз аулалардан сарып ауруымен ауырған ұсақ малдың бөлінуінің тоқталмай сарып ауруының өршіп кету қаупі бар. Ауруды жою және аурудың бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, Күршім аудандық инспекциясының 2008 жылдың 25 маусымындағы № 302 ұсынысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі «Ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» № 407 қаулысының, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасының негізінде, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақбұлақ ауылдық округі аймағында шектеулік тәртіп жариялай отырып, ұсақ малдың сарып ауруына байланысты жайсыз аймаққа жатқызылып, шектеулі аймақ белгіленсін.
      2. Ақбұлақ ауылдық округіндегі жануарлардың сарып ауруын жою және оның таралуының алдын алу мақсатында ветеринарлық іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
      3. Ақбұлақ ауылдық округінің әкіміне (Райымханов А.С.) шектеулі аймаққа ауыл шаруашылық жануарларын әкелу және оларды осы аймақтан алып кету, мал шикізатын дайындау және тұтыну, мал азығын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік-шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Қауылы Әділет органдарында тіркеуден өткізілсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.

      Күршім ауданының әкімі                А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 9 шілдедегі
№ 742 қаулысына
№ 1 қосымша

Ақбұлақ ауылдық округінде сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шараларының 2008 жылға арналған кешенді жоспары

      Ақбұлақ ауылдық округі солтүстігінде Катонқарағай ауданымен  шектесіп, Күршім ауданының солтүстік шығысында орналасқан. Халқының саны 1054 адам, ауылдық округте 260 аула бар, олардың негізінен айналысатын кәсіптері мал өсіру. Ақбұлақ ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық мал басы төмендегідей: ірі қара малы-4577 бас, ұсақ мал-28295 бас, жылқы- 1192 бас, иттер-296. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша мал басы сарып ауруына әлі толығымен тексеріліп болған жоқ, бірақ 2008 жылдың наурыз-маусым айында Күршім аудандық зертханасы филиалында сарып ауруына бірінші рет 2185 бас ірі қара тексеріліп, 1 бас оң нәтиже көрсетті. Екінші peт 70 бас ірі қара тексеріліп, 1 бас оң нәтиже көрсетті. Ұсақ мал сарыпқа бірінші рет 6642 бас тексеріліп,  97 бас оң нәтиже берді, екінші рет 563 бас ұсақ мал тексеріліп, 19 бас оң нәтиже көрсетті. 5 бас ит тексеріліп, 1 бас оң нәтиже көрсетті. Сарыпқа оң нәтиже берген барлық мал басы ірі қара - 2 бас; ұсақ мал-116 бас; иттер-1 бас.
      Аумақтың /Ақбұлақ ауылдық округі бойынша/ және жануарлардың статусын анықтау.
      Ақбұлақ ауылдық округіндегі ірі қара - 4577 бас, тексерілгені  2255 бас, оң нәтиже берген мал басы 2 бас, 0,09 % класс А тексерілген мал бойынша, зақымданған табын.
      Ұсақ мал бойынша Ақбұлақ ауылы - мал басы 28295 бас, тексерілгені 7205 бас, оң нәтиже берген мал 116 бас, 1,6 %, класс С  зақымданған табын.
      Ақбұлақ ауылдық округі, ауыл шаруашылық малдарының сарып ауруынан жайсыз пунктке жатады, 2008 жылғы сарып ауруына жоспарлы диагностикалық тексерулер нәтижесінде, сарыпқа оң нәтиже берген жануарлардың шығуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі сарыпқа уақытша жайсыз статусы берілді.

Аралық іс-шаралар

Іс шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Бақылау

1

Сарыпқа оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және диагнозын анықтау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілерінің бастығы, лицензиат малдәрігері, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С. Күршім АВЗ

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

2

Індеттанулық зерттеулер бойынша сарып ауруының қоздырушысының бастауын және берілу факторларын, табынның статусын  анықтау

Тұрақты

Ауылдық округтің мемветинспекторы утпаев С. Күршім АВЗ

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

Сауықтыру іс-шаралары

Іс шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Бақылау

I. Шаруашылық ұйымдастыру іс-шаралары

1

Мал басын күту кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, жеке басының тазалығын сақтау ережесін орындау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілерінің бастығы

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

2

Бруцеллездің алдын алу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С. ФАП фельдшері, атқарушы органдар

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім  ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

3

Мал иелерін және ауру малмен қатынаста болған адамдарды медициналық тексеруден өткізу үшін тізімін медициналық мекемеге беру

Ауру шыққаннан кейін

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім  ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

4

Ветеринарлық санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық қызметтер таза емес пунктер анықталғанда эпидемиологиялық- эпизоотиялық тексерулерді бірлесе жүргізу

Тұрақты

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық инспекторлары, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

ҚР АШМ Күршім аудандық инспекциясы, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

5

Санитарлық сою пунктін салу, мал қорымын ветеринарлық-санитарлық талапқа сай ұстау

2008 жыл

Ауылдық округ әкімі Раимханов А.С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

6

Сарып ауруына оң нәтиже берген малдардың санитарлық сойылуын қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес қамтамасыз ету

5 күн ішінде

Мал иелері, ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Раимханов А.С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

II. Ветеринарлық-санитарлық іс шаралар

7

Мал өсіретін аулаларда, Алғабас ауылында мал енгізілген, шығарылған кезде ветеринарлық- санитарлық іс шараларын және шектеу шараларын орындау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілердің бастығы, Күршім ауылдық округінің әкімі Раимханов А.С. ауылдық округтің  мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

8

Ветеринарлық санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, сарып ауруы статусы бойынша аумақтарды кластарға бөліп зоналау және сарып статусы бойынша малдардың басын бөлу

Тұрақты

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі мемветинспекторлары, ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім аудандық аумақтық инспекциясы

9

Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық ережелерге сәйкес, аурудың алдын алу үшін сарыпқа қарсы вакциналармен иммундау

Жоспарға және бюджеттік бағдарламаға сәйкес

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

10

Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық ережелерге сәйкес, барлық мал басына диагностикалық тексеру жүргізуді қамтамасыз ету

Жоспарға және бюджеттік бағдарламаға сәйкес

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, РМҚК РВЗ Күршім ауданындағы филиалы, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

11

Мал қораларын, ауланы сарып ауруына оң нәтиже  берген мал әкетілген соң дезинфекциядан өткізу және көңдерді залалсыздандыру

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы  Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

12

Күдік туған жағдайда тиісті ветеринарлық ережелерге сәйкес, сарыпқа зертханалық тексеру үшін қан сары суы, биоматриал алу және жіберу

Тұрақты

Лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

13

Дезинфекцияның сапасына бактериологиялық бақылау жүргізу

Тұрақты

РМҚК РВЛ Күршім аудандық филиалы , мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

III Арнайы іс шаралар

14

Эпизоотиялық ошақтың, қатер төнген аймақтың және таза емес пункттің шекарасын анықтау, ауру қоздырғышының көзі және берілу факторын, эпизоотиялық ошақ және эпизоотиялық үрдістің ерекшеліктерін анықтау мақсатында эпидемиологиялық- эпизоотиялық зерттеу жүргізу

Кезеңмен

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

ҚР АШМ Күршім аудандық аумақтық инспекциясы, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

15

Қазақстан Республикасы АШМ-ның 05.11.2004 жылғы № 632 бұйрығымен бекітілген «адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурудың (сарып) алдын алу және күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережесіне» сәйкес  жануарлардың сарып ауруы диагнозы бекітілген жағдайда шектеу іс-шараларын құру

Тұрақты

Аудандық, ауылдық атқарушы органдар

ҚР АШМ Күршім ААИ, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

16

Сарып ауруы бойынша таза емес пунктердегі шектеу шаралары жағдайларының сақталуын ветеринарлық ережеге сәйкес қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, жергілікті атқарушы органдар

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

17

Арасына 15-20 күн салып кешенді АР, КБР, ҚҰБР, РБС, ИФА серологиялық әдістермен 2 реттік тазалыққа дейін серологиялық тексеру жүргізу, оң нәтиже берген малдарды бір күннен қалдырмай оқшаулауды қамтамасыз ету

Тұрақты

РМҚК "РВЛ" Күршім филиалы, мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

18

Сарыпқа оң нәтиже берген жануарларды 3 күн ішінде союға өткізу немесе жою, ауру мал сойылған орынға дезинфекция жасау

Тұрақты

Ауылдық округ әкімі А.С. Раимханов, мал иелері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚРАШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

19

Мал сейілдейтін аулалар және басқа объектілерге оң нәтиже берген жануарлар оқшауланғаннан кейін дезинфекция жасалуын қамтамасыз ету, дезинфекция сапасын анықтау

Үнемі

Мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы  Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім АВЗ

20

Мал сейілдейтін аулалар және басқа объектілерге, оң нәтиже берген жануарлар өткізіліп, мал басы сарыпқа 2 реттік теріс нәтижеге жеткеннен кейін қорытынды дезинфекция жасау, сонымен қатар мал қораларына дезинсекция және дератизация жүргізу

Тұрақты

Мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері, жергілікті атқарушы органдар, Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С.

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім АВЗ

21

Қатарынан 2 реттік теріс нәтиже алынғаннан кейін, аурудан таза емес пункттердегі барлық мал басы 3 айлық бақылауға қойылып, арасына 1,5 ай салып диагностикалық зерттеулермен тексеру. Бақылаулық тексерулер кезінде теріс нәтижелер алынып, қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін шектеуді алу

Кезеңмен

Аудандық, ауылдық атқарушы органдар

ҚР АШМ Күршім ААИ аудандық аумақтық инспекциясы, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

22

Сарыппен ауырған малдардың төсенішін, көңін және жем шөп қалдығын жоюды немесе залалсыздандыруды қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

23

Сарып ауруынан таза емес пункттегі сиырдан алынған сүт, кілегей 85-90 температурада 20 секунд бойы залалсыздандырылады, пісіріледі немесе тортасы айырылады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

24

Сарыптан таза емес пунктерде ұсталатын қой ешкілерді, сарыппен ауырған сиырларды саууға тиым салынады, алынған тері мен жүн залалсыздандырылады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

25

Сарыппен ауырған малдарды етке сойған кезде, алынған залалсыздандырылмаған ет және басқа өнімдерді аңдарға азық ретінде пайдалануға тиым салынады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

26

Аурудан таза емес пунктен алынған залалсыздандырылмаған (қайнатылмаған) сүтті базарларда сатуға тиым салынады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

27

Жануарлардың өлекселері, іш тасталған төл міндетті түрде жойылады немесе утилдеуге жіберіледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

28

Бруцеллезден таза емес жануарлар жайылған жерлерден орылған шөп 3 ай бойы сақталады. Сонан соң барып сол аумақта ұсталатын малға беріледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

29

Шаруашылықта сарыппен ауырған малдарды етке сою, осы мақсатта арнайы дайындалған орындарда ветеринарлық санитарлық іс-шаралардың талаптарын сақтай отырып сояды

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

30

Шектеу шарттары бойынша тиым салынады

1. ауру малдарды оқшауханадан басқа жерде ұстауға

2.індет ошағы және аурудан таза емес аумаққа жануарларды кіргізуге және шығаруға

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

IV Ұсақ мал сарып ауруынан таза емес пунктерді сауықтыру

31

Шаруашылық субъектісінде қойдың, ешкінің сарып ауруы айқындалған кезде, індет ошағындағы барлық мал басы физиологиялық жағдайына, шаруашылық мәніне қарамастан, алынған төлімен бірге тез арада етке союға жіберіледі

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

32

Аурудан таза емес пункте, қауіп төнген аумақта орналасқан ауруға бейім мал басын серологиялық әдіс кешенімен сарыпқа тексереді. Егер шаруашылық субъектісінде қой, ешкі арасында ауру жануарлар болмаса, аурудан таза емес пунктте  сталатын барлық ауруға бейім мал басы бойынша зерттеу барысында қатарынан 2 рет теріс нәтиже алынса және барлық санитарлық шаралар орындалса шектеуді алады

Шектеу кезінде

Ақбұлақ ауылдық округінің мемветинспекторы Дутпаев С. жергілікті атқарушы органдар

ҚР АШМ Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

33

Сау малға індеттің жұғу қаупі төнген жағдайда, оларды вакцинамен егеді. Вакцина қолдану тәртібі және сонан кейінгі диагностикалық зерттеулер жүргізу нұсқамаға сәйкес шектелуі және шаруашылық субъектісінің сауықтыру жоспарында көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда барлық классификациялық аумақтың қозыларын иммундеуді, оларды  алдын ала тексеру арқылы жүзеге асырады. Барлық жастағы қой топтарын жылдың бір мезгілінде (шілде-тамыз) вакцинамен егеді

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

V. Адамдарды аурудың жұғуынан қорғау шаралары

35

Бруцеллезден таза емес шаруашылықтарда мал сою тәртіптерін сақтау, соңынан жабдықтарды залалсыздандыру, ауру мал тасымалданған көлікті дезинфекциялау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

36

Бруцеллезге тексергенде оң нәтиже берген жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және шикізаттарын өңдеуге мекеменің тек тұрақты сарыпқа диспансерлік тексеруден өткен, оның ішінде сарыпқа тексергенде оң иммунологиялық нәтиже берген, бірақ титрлерінің өсу динамикасы байқалмайтын, медициналық мекемелер сарып ауыруының тұрақты түрлері айқындалған жұмыскерлер жіберіледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

37

Қолдарының саусақтарында жара және басқа терінің зақымдануы бар тұлғалар, жұмысқа терінің зақымданған жерлерін алдын ала өңдеп, резиналы қолғап кигеннен кейін жіберіледі. Сарыптан таза емес шаруашылықтан келген, тексерген кезде сарыпқа оң нәтиже берген малдарды сойғанда, өңдегенде, осы жұмысқа қатысатын барлық адамдар резиналы қолғап киюге тиісті

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

38

Бруцеллезге тексергенде оң нәтиже берген жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және шикізаттарын өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, уақытша алынған жұмысшылар, жіті және созылмалы түрдегі ауру адамдар, сарыптың клиникалық белгілері байқалған, сарыптың алдын алу жөніндегі сынақтан өтпеген адамдар жіберілмейді

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

39

Бруцеллезден таза емес шаруашылықтан алынған мал өнімдері мен сүтті пайдалануда және өңдеуде белгіленген тәртіпті сақтау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

40

Мекемелер мен шаруашылықтарда жануарлармен жұмыс істеу ережелерін сақтауға; сарыптың жұғу қаупі бар жұмысшыларды жеке гигиеналық құралдармен, жеке және арнайы киімдермен қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

41

Арнайы дем алу, тамақ ішу, жуыну бөлмелерінің болуы және оларды дұрыс пайдалану

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

42

Ыстық сумен, жуғыш заттармен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуге

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

43

Шаруашылықта және мекемелерде орталықтандырылға  түрде арнайы киімдерді дезинфекциялау, жууды жәнетазалауды ұйымдастыру

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

44

Жұмысшыларға гигиеналық ережелер, жеке қорғану заттарын қолдану, сарыпқа қарсы режимдерді сақтау туралы міндетті инструктаж жүргізуге

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округтің мемветинспекторы Дутпаев С.

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және жекеменшік малдәрігерлік қызметтердің, жекеменшік түріне қарамастан меншік мал иелерінің лауазымдық міндеттері

Жеке меншік түріне қармастан барлық мал иелерінің міндеттері:

      Ауылдық округтің мемлекеттік мемветинспекторына мал сатып алғаны туралы дереу хабарлауға және өзінің аумағында карантиндік талаптың орындалуына жауапты.
      Ауылдық округтің мемветинспекторының талабына сәйкес ауылшаруашылық меншік малдарын сарып ауруына тексертуге әкелу.
      Сарып ауруына оң жағдай берген меншік малдарын ауылдық округтің мемветинспекторының рұқсатынан кейін ғана және оның қатысуымен арнайы бөлінген жерде сою.
      Меншік малдары тұрағын орынды ветеринарлық-санитарлық талапқа сай таза ұстау.
      Малмен жұмыс істейтін жұмыскерлердің медициналық тексеруден өтуіне және олардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауына жауапты.
      Жеке меншік түріне қарамастан мал иелері жоғарыда аталған лауазымдық міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының 30.01.2001 жылы № 155-11 бекітілген "Әкімшіліктік заңбұзушылық туралы" Кодексінің 310 бабына сәйкес төмендегідей мөлшерде айыппұл салынады:
      Жай азаматтарға - 5 есепті айлық көрсеткішіне дейін.
      Лауазым иелеріне- 20 есепті айлық көрсеткішіне дейін.
      Заңды тұлғаларға - 100 есепті айлық көрсеткішіне дейін.

Жергілікті атқарушы органдар

      Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шаралары белгіленген кешенді жоспардың ұйымдастырылуына және уақтылы жүргізілуіне ауылдық округтің мемветинспекторымен бірге белсене араласады.
      Ауылдық округтің мемветинспекторымен бірге сарып ауруына қарсы іс-шаралардың жүргізілуінде маңызды орын алатын ауыл шаруашылық мал басын бірдейлендіру жұмысының жүргізілуін және қатаң есептін болуын қамтамасыз етеді.
      Ауылдық округтің мемветинспекторының рұқсатынсыз ауылдық округ аумағына малдарды, жем-шөпті кіргізу мен шығару, шектеулі аумаққа бөтен адамдардың кіруіне шектеу қоюды қамтамасыз етеді.
      Қажеттілігіне байланысты сүтті залалсыздандыру жұмысына көмек жасайды, ауру малдарды соятын арнайы орынды белгілеп, жарақтандыру, залалсыздандыру бөгесінін жасап, мал қорымын салу, ауру мал тұрған орынның күзеті мен жаңадан сатылып алынған малдардың 30 күн оқшаулауда тұруын қамтамасыз ету.
      Қолдан ұрықтандыру жұмысын ұйымдастыру.
      Қажеттілігіне байланысты іс-шараларды орындау барысында учаскелік немесе ветеринарлық полицияны жұмысқа тартады.

Ауылдық округтің мемветинспекторы

      Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шаралары белгіленген кешкенді жоспарды орындау мақсатында іс-шараларды ұйымдастырады және қадағалайды.
      Ауыл шаруашылық малдарын сарып ауруына диагностикалық тексеру жұмысына тікелей қадағалау жүргізеді.
      Карантиндік және шектеу ветеринарлық -санитарлық талаптарына сәйкес іс-шараларының жеке және заңды тұлғалар тарапынан орындалуына қадағалау жүргізу.
      Сарып ауруына оң нәтиже берген малдарды оқшаулауға тікелей қатысады және олардың сойылуы мен өткізілуін қадағалайды.
      Сойылатын малды сою алдында клиникалық тексеруден өткізу және сойылғаннан кейін ұшасына сараптама жасап, ветеринарлық құжаттар толтыру.
      Аудандық малдәрігерлік зертханаға тексертуге жіберуге зардапты сынама алу;
      Жүргізілетін дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия жұмыстарына қадағалау жүргізу.
      Қажеттілігіне байланысты ҚР АШМ 16.09.2002 жылы бекітілген № 283 бұйрығында көрсетілген құқын пайдаланады.

Жекеменшік лицензиат мал дәрігері

      Ауылдық округтің мемветинспекторымен тікелей қатынаста жұмыс істейді және келісім шартта көрсетілген тапсырмаларды орындайды.

Аудандық зертхана орталығы

      Мемлекеттік тапсырыс пен жасалынған жоспарға сәйкес бактериологиялық, серологиялық және басқа да диагностикалық тексерулер жүргізеді.
      Сарып ауруына дифференциялды диагноз қою үшін жүргізілетін тексеруді үйымдастырады және методикалық басшылық жасайды.
      Жайсыз пунктерден алынған сүтке жүргізілген пастеризацияның және жайсыз нысандарда жасалынған дезинфекцияның сапасын анықтау.

      Күршім ауданының бас мемлекеттік
      ветеринарлық инспекторы                  Қ. Айдарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады