Күршім ауданының Алғабас ауылында ұсақ малдың сарып ауруына байланысты жайсыз аймаққа жатқызу, шектеулі аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 тамыздағы N 776 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 14 тамызда N 5-14-72 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 1370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2009.11.09 N 1370 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Алғабас ауылы тұрғындарының ауыл шаруашылық малдарын сарыптан сауықтыру ветеринарлық іс-шараларын жүргізу барысында Алғабас ауылы бойынша 2008 жылдың 7 шілдесінде Күршім аудандық ветеринарлық зертханасында ірі қара малы бірінші рет 801 бас, екінші рет 22 бас сарып ауруына тексеруден өткізіліп, тексеру нәтижесі аурудан таза болып шықты. ұсақ мал басынан бірінші рет 2947 бастан қан алынып, 29 басы оң нәтиже берді, 2 рет 484 бас ұсақ мал тексеріліп 5 бас оң нәтиже берді.
      Ауыл шаруашылық малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты аса қауіпті ауруын (сарып) жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында, Күршім аудандық аумақтық инспекциясының 2008 жылдың 22 шілдедегі № 361 ұсынысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі «Ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» № 407 қаулысының, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасының негізінде, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алғабас ауылына шектеулік тәртіп жариялай отырып, ұсақ малдың сарып ауруына байланысты жайсыз аймаққа жатқызылып, шектеулі аймақ белгіленсін.
      2. Алғабас ауылындағы жануарлардың сарып ауруын жою және оның таралуының алдын алу мақсатында ветеринарлық іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Алғабас ауылындағы жануарлардың сарып ауруын жою және оның таралуының алдын алу мақсатында ветеринарлық іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      З. Күршім ауылдық округінің әкіміне (Д.Қ. Меңғалиев) шектеулі аймаққа ауыл шаруашылық жануарларын әкелу және оларды осы аймақтан алып кету, мал шикізатын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік-шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Қаулы Әділет органдарында тіркеуден өткізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі            А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 8 тамыздағы 
№ 776 қаулысына № 1 қосымша

Күршім ауылдық округінің Алғабас ауылында ұсақ малдың
сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шараларының
2008 жылға арналған кешенді жоспары

      Күршім ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылы Зайсан көлімен шектеліп Күршім ауданының оңтүстік батысында орналасқан. Халқының саны 1033 адам, ауылда 186 аула бар, олардың негізінен айланысатын кәсіптері балық аулау және мал өсіру. Алғабас ауылындағы ауыл шаруашылық мал басы 2008 жылдың 1 шілде айына төмендегідей: ірі қара малы-2222 бас, ұсақ мал-7324 бас, жылқы- 415 бас. Алғабас ауылы бойынша 2008 жылдың 7 айында Күршім аудандық зертханасында сарып ауруына бірінші рет ірі қара малы 801 бас, екінші peт 22 бас, ұсақ мал бірінші рет 3252 бас, екінші рет 484 бас, 20 бас жылқы, 1 5 бас ит тексеріліп, тексеру нәтижесінде 34 бас ұсақ мал сарып ауруына оң нәтиже берді.
      Аумақтың /Алғабас/ және жануарлардың статусын анықтау. Ірі қара малы бойынша - мал басы 2222 бас, тексерілгені 823 бас, сарып ауруына оң жағдай берген мал жоқ, Класс таза,таза табын.
      Ұсақ мал бойынша - мал басы 7200 бас, тексерілгені 3756 бас, сарып ауруына оң жағдай берген 34 бас, 0,009 %, Класс А. зақымданған табын.
      Жылқы малы бойынша - мал басы 415 бас, тексерілгені 20 бас, сарып ауруына оң жағдай берген мал жоқ, Класс таза, таза табын
      Алғабас ауылы ауылшаруашылық малдарының сарып ауруынан жайлы пунктке жатқан, 2008 жылғы сарып ауруына жоспарлы диагностикалық тексерулер нәтижесінде, ресми тестілер бойынша сарыпқа оң нәтиже берген жануарлардың шығуына және эпизоотиялық-эпидемиологиялық жағдай онда инфекция қоздырушысының бастауы барлығын дәлелдеуіне байланысты Күршім ауылдық округінің Алғабас ауылына сарыпқа уақытша жайсыз статусы берілді.

Аралық іс-шаралар

Іс шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Бақылау

1

Сарыпқа оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және диагнозын анықтау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілерінің бастығы, лицензиат малдәрігері, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, РМҚК Күршім АВЗ

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

2

Індеттанулық зерттеулер бойынша сарып ауруының қоздырушысының бастауын және берілу факторларын, табынның статусын анықтау

Тұрақты

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, РМҚК Күршім АВЗ, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім  уданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

Сауықтыру іс шаралары

Іс шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Бақылау

I. Шаруашылық ұйымдастыру іс-шаралары

1

Мал басын күту кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, жеке басының тазалығын сақтау ережесін орындау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілерінің бастығы

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

2

Сарып ауруының алдын алу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы  А. Шапатов, ФАП фельдшері, атқарушы органдар

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім  ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары.

3

Мал иелерін және ауру малмен қатынаста болған адамдарды медициналық тексеруден өткізу үшін тізімін медициналық мекемеге беру

Ауру шыққаннан кейін

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы  А. Шапатов

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім  ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

4

Ветеринарлық санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық қызметтер таза емес пунктер анықталғанда эпидемиологиялық- эпизоотиялық тексерулерді бірлесе жүргізу

Тұрақты

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

5

Санитарлық сою пунктін салу, мал қорымын ветеринарлық-санитарлық талапқа сай ұстау

2008 жыл

Күршім ауылдық округінің әкімі Д.Қ. Менғалиев

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

6

Сарып ауруына оң нәтиже берген малдардың санитарлық сойылуын қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес қамтамасыз ету

3 күн ішінде

Мал иелері, Күршім ауылдық округінің әкімі Д.Қ. Менғалиев

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары

II. Ветеринарлық-санитарлық іс шаралар

7

Мал өсіретін аулаларда, Алғабас ауылына мал енгізілген, шығарылған кезде ветеринарлық- санитарлық іс шараларын және шектеу шараларын орындау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық субъектілерінің бастығы, Күршім ауылдық округінің әкімі Д.Қ. Менғалиев

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

8

Ветеринарлық санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, сарып ауруы статусы бойынша аумақтарды кластарға бөліп зоналау және сарып статусы бойынша малдардың басын бөлу

Тұрақты

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі мемветинспекторлары, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі

9

Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық ережелерге сәйкес, аурудың алдын алу үшін сарыпқа қарсы вакциналармен иммундау

Жоспарға және бюджеттік бағдарламаға сәйкес

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

10

Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық ережелерге сәйкес, барлық мал басына диагностикалық тексеру жүргізуді қамтамасыз ету

Жоспарға және бюджеттік бағдарламаға сәйкес

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, РМҚК Күршім АВЗ.

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

11

Мал қораларын, ауланы сарып ауруына оң нәтиже берген мал әкетілген соң дезинфекциядан өткізу және көңдерді залалсыздандыру

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

12

Күдік туған жағдайда тиісті ветеринарлық ережелерге сәйкес, сарыпқа зертханалық тексеру үшін қан сары суы, биоматриал алу және жіберу

Тұрақты

Лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

13

Дезинфекцияның сапасына бактериологиялық бақылау жүргізу

Тұрақты

РМҚК Күршім АВЗ, мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

III. Арнайы іс шаралар

14

Эпизоотиялық ошақтың, қатер төнген аймақтың және таза емес пунктің шекарасын анықтау, ауру қоздырғышының көзі және берілу факторын, эпизоотиялық ошақ және эпизоотиялық үрдістің ерекшеліктерін анықтау мақсатында эпидемиологиялық- эпизоотиялық зерттеу жүргізу

кезеңмен

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ мамандары, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

15

Қазақстан Республикасы АШМ-ның 05.11.2004 жылғы № 632 бұйрығымен бекітілген «адамдар иен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурудың (сарып) алдын алу және күресу бойынша ветеринарлық- санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережесіне» сәйкес жануарлардың сарып ауруы диагнозы бекітілген жағдайда шектеу іс-шараларын құру

Тұрақты

Аудандық, ауылдық атқарушы органдар

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

16

Сарып ауруы бойынша таза емес пунктердегі шектеу шаралары жағдайларының сақталуын ветеринарлық ережеге сәйкес қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері, жергілікті атқарушы органдар

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

17

Арасына 15-20 күн салып кешенді АР, КБР, ҚҰБР, РБС, ИФА серологиялық әдістермен 2 реттік тазалыққа дейін серологиялық тексеру жүргізу, оң нәтиже берген малдарды бір күннен қалдырмай оқшаулауды қамтамасыз ету

Тұрақты

РМҚК Күршім АВЗ, мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

18

Сарыпқа оң нәтиже берген жануарларды 3 күн ішінде союға өткізу немесе жою, ауру мал сойылған орынға дезинфекция жасау

Тұрақты

Күршім ауылдық округінің әкімі Д.Қ. Менғалиев, мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

19

Мал сейілдейтін аулалар және басқа объектілерге оң нәтиже берген жануарлар оқшауланғаннан кейін дезинфекция жасалуын қамтамасыз ету, дезинфекция сапасын анықтау

Үнемі

Мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері, РМҚК Күршім АВЗ

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

20

Мал сейілдейтін аулалар және басқа объектілерге, оң нәтиже берген жануарлар өткізіліп, мал басы сарыпқа 2 реттік теріс нәтижеге жеткеннен кейін қорытынды дезинфекция жасау, сонымен қатар мал қораларына дезинсекция және дератизация жүргізу

Тұрақты

Мал иелері, лицензиат мал дәрігерлері, жергілікті атқарушы органдар, РМҚК Күршім АВЗ

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

21

Қатарынан 2 реттік теріс нәтиже алынғаннан кейін, аурудан таза емес пункттердегі барлық мал басы 3 айлық бақылауға қойылып, арасына 1,5 ай салып диагностикалық зерттеулермен тексеру. Бақылаулық тексерулер кезінде теріс нәтижелер алынып,  қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін шектеуді алу

Кезеңмен

Аудандық, ауылдық атқарушы органдар

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ

22

Сарыппен ауырған малдардың төсенішін, көңін және жем шөп қалдығын жоюды немесе залалсыздандыруды қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшыл ары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

23

Сарып ауруынан таза емес пунктегі сиырдан алынған сүт, кілегей 85-90 температурада 20 секунд бойы залалсыздандырылады, пісіріледі немесе тортасы айырылады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

24

Сарыптан таза емес пунктерде ұсталатын қой ешкілерді, сарыппен ауырған сиырларды саууға тиым салынады, алынған тері мен жүн залалсыздандырылады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

25

Сарыппен ауырған малдарды етке сойған кезде, алынған залалсыздандырылмаған ет және басқа өнімдерді аңдарға азық ретінде пайдалануға тиым салынады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

26

Аурудан таза емес пунктен алынған залалсыздандырылмаған (қайнатылмаған) сүтті базарларда сатуға тиым салынады

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

27

Жануарлардың өлекселері, іш тасталған төл міндетті түрде жойылады немесе утилдеуге жіберіледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

28

Сарыптан таза емес жануарлар жайылған жерлерден орылған шөп 3 ай бойы сақталады. Сонан соң барып сол аумақта ұсталатын малға беріледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

29

Шаруашылықта сарыппен ауырған малдарды етке сою, осы мақсатта арнайы дайындалған орындарда ветеринарлық санитарлық іс-шаралардың талаптарын сақтай отырып сояды

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

30

Шектеу шарттары бойынша тиым салынады
1. ауру малдарды оқшауханадан басқа жерде ұстауға
2.індет ошағы және аурудан таза емес аумаққа жануарларды кіргізуге және шығаруға

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

IV. Ұсақ мал сарып ауруынан таза емес пунктерді сауықтыру

31

Шаруашылық субъектісінде қойдың, ешкінің сарып ауруы айқындалған кезде, індет ошағындағы барлық мал басы физиологиялық жағдайына, шаруашылық мәніне қарамастан, алынған төлімен бірге тез арада етке союға жіберіледі

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

32

Аурудан таза емес пункте, қауіп төнген аумақта орналасқан ауруға бейім мал басын серологиялық әдіс кешенімен сарыпқа тексереді. Егер шаруашылық субъектісінде қой, ешкі арасында ауру жануарлар болмаса, аурудан таза емес пунктте ұсталатын барлық ауруға бейім мал басы бойынша зерттеу барысында қатарынан 2 рет теріс нәтиже алынса және барлық санитарлық шаралар орындалса  шектеуді алады

Шектеу кезінде

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі, Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

33

Сау малға індеттің жұғу қаупі төнген жағдайда, оларды вакцинамен егеді. Вакцина қолдану тәртібі және сонан кейінгі диагностикалық зерттеулер жүргізу нұсқамаға  сәйкес шектелуі және шаруашылық субъектісінің сауықтыру жоспарында көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда барлық классификациялық аумақтың қозыларын иммундеуді, оларды алдын ала тексеру арқылы жүзеге асырады. Барлық жастағы қой топтарын жылдың бір мезгілінде (шілде-тамыз) вакцинамен егеді

Шектеу кезінде сауықтыру ветеринарлық іс-шараларында бекітілсе

Мал иелері, шаруашылық басшылары, лицензиат мал дәрігерлері

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

V. Адамдарды аурудың жұғуынан қорғау шаралары

35

Сарып ауруынан таза емес шаруашылықтарда мал сою тәртіптерін сақтау, соңынан жабдықтарды залалсыздандыру, ауру мал тасымалданған көлікті дезинфекциялау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

36

Сарып ауруына тексергенде оң нәтиже берген жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және шикізаттарын өңдеуге мекеменің тек тұрақты сарыпқа диспансерлік тексеруден өткен, оның ішінде сарыпқа тексергенде оң иммунологиялық нәтиже берген, бірақ титрлерінің өсу динамикасы байқалмайтын, медициналық мекемелер сарып ауыруының тұрақты түрлері айқындалған жұмыскерлер жіберіледі

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов

37

Қолдарының саусақтарында жара және басқа терінің зақымдануы бар тұлғалар, жұмысқа  терінің зақымданған жерлерін алдын ала өңдеп, резиналы қолғап кигеннен кейін жіберіледі. Сарыптан таза емес шаруашылықтан келген, тексерген кезде сарыпқа оң нәтиже берген малдарды сойғанда, өңдегенде, осы жұмысқа қатысатын барлық адамдар резиналы қолғап киюге тиісті

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

38

Сарыпқа тексергенде оң нәтиже берген жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және шикізаттарын өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, уақытша алынған жұмысшылар, жіті және созылмалы түрдегі ауру адамдар, сарыптың клиникалық белгілері байқалған, сарыптың алдын алу жөніндегі сынақтан өтпеген адамдар жіберілмейді

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

39

Сарыптан таза емес шаруашылықтан алынған мал өнімдері мен сүтті пайдалануда және өңдеуде белгіленген тәртіпті сақтау

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов.

40

Мекемелер мен шаруашылықтарда жануарлармен жұмыс істеу ережелерін сақтауға; сарыптың жұғу қаупі бар жұмысшыларды жеке гигиеналық құралдармен, жеке және арнайы киімдермен қамтамасыз ету

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

41

Арнайы дем алу, тамақ ішу, жуыну бөлмелеренің болуы және оларды дұрыс пайдалану

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

42

Ыстық сумен, жуғыш заттармен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуге

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

43

Шаруашылықта және мекемелерде орталықтандырылған түрде арнайы киімдерді дезинфекциялау, жууды және тазалауды ұйымдастыру

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

44

Жұмысшыларға гигиеналық ережелер, жеке қорғану заттарын қолдану, сарыпқа қарсы режимдерді сақтау туралы міндетті инструктаж жүргізуге

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық басшылары

Күршім ауылдық округінің мемветинспекторы А. Шапатов, ШҚО МСЭҚДБ мамандары

      Аббревиатура:
      ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы;
      ШҚО МСЭҚДБ - Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі;
      РМҚК Күршім АВЗ - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Күршім аудандық ветеринарлық зертханасы;
      ФАП фельдшері - фельдшерлік акушерлік пунктінің фельдшері;
      АР - аглютинация реакциясы;
      КБР - комплемент байланыстыру реакциясы;
      ҚҰБР - комплементті үзақ байланыстыру реакциясы;
      РБС - роз бенгал сынамасы;
      ИФА - иммунды ферменттік анализі;

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік
және жекеменшік малдәрігерлік қызметтердің,
жекеменшік түріне қарамастан меншік мал иелерінің
лауазымдық міндеттері

Жеке меншік түріне қарамастан барлық
мал иелерінің міндеттері

      Ауылдық округтің мемлекеттік мемветинспекторына мал сатып алғаны туралы дереу хабарлауға және өзінің аумағында карантиндік талаптың орындалуына жауапты.
      Ауылдық округтің мемветинспекторының талабына сәйкес ауыл шаруашылық меншік малдарын сарып ауруына тексертуге әкелу.
      Сарып ауруына оң жағдай берген меншік малдарын ауылдық округтің мемветинспекторының рұқсатынан кейін ғана және оның қатысуымен арнайы бөлінген жерде сою.
      Меншік малдары тұрағын орынды ветеринарлық-санитарлық талапқа сай таза ұстау.
      Малмен жұмыс істейтін жұмыскерлердің медициналық тексеруден өтуіне және олардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауына жауапты.
      Жеке меншік түріне қарамастан мал иелері жоғарыда аталған лауазымдық міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының 30.01.2001 жылы № 155-11 бекітілген "Әкімшіліктік заңбұзушылық туралы" Кодексінің 310 бабына сәйкес төмендегідей мөлшерде айыппұл салынады:
      Жай азаматтарға - 5 есепті айлық көрсеткішіне дейін.
      Лауазым иелеріне- 20 есепті айлық көрсеткішіне дейін.
      Заңды тұлғаларға - 100 есепті айлық көрсеткішіне дейін.

Жергілікті атқарушы органдар

      Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шаралары белгіленген кешенді жоспардың ұйымдастырылуына және уақтылы жүргізілуіне ауылдық округтің мемветинспекторымен бірге белсене араласады.
      Ауылдық округтің мемветинспекторымен бірге сарып ауруына қарсы іс-шаралардың жүргізілуінде маңызды орын алатын ауыл шаруашылық мал басын бірдейлендіру жұмысының жүргізілуін және қатаң есептін болуын қамтамасыз етеді.
      Ауылдық округтің мемветинспекторының рұқсатынсыз ауылдық округ аумағына малдарды, жем-шөпті кіргізу мен шығару, шектеулі аумаққа бөтен адамдардың кіруіне шектеу қоюды қамтамасыз етеді.
      Қажеттілігіне байланысты сүтті залалсыздандыру жұмысына көмек жасайды, ауру малдарды соятын арнайы орынды белгілеп, жарақтандыру, залалсыздандыру бөгесінін жасап, мал қорымын салу, ауру мал тұрған орынның күзеті мен жаңадан сатылып алынған малдардың 30 күн оқшаулауда тұруын қамтамасыз ету.
      Қолдан ұрықтандыру жұмысын ұйымдастыру.
      Қажеттілігіне байланысты іс-шараларды орындау барысында учаскелік немесе ветеринарлық полицияны жұмысқа тартады.

Ауылдық округтің мемветинспекторы

      Сарып ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шаралары белгіленген кешкенді жоспарды орындау мақсатында іс-шараларды ұйымдастырады және қадағалайды.
      Ауыл шаруашылық малдарын сарып ауруына диагностикалық тексеру жұмысына тікелей қадағалау жүргізеді.
      Карантиндік және шектеу ветеринарлық -санитарлық талаптарына сәйкес іс-шараларының жеке және заңды тұлғалар тарапынан орындалуына қадағалау жүргізу.
      Сарып ауруына оң нәтиже берген малдарды оқшаулауға тікелей қатысады және олардың сойылуы мен өткізілуін қадағалайды.
      Сойылатын малды сою алдында клиникалық тексеруден өткізу және сойылғаннан кейін ұшасына сараптама жасап, ветеринарлық құжаттар толтыру.
      Аудандық малдәрігерлік зертханаға тексертуге жіберуге зардапты сынама алу.
      Жүргізілетін дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия жұмыстарына қадағалау жүргізу.
      Қажеттілігіне байланысты ҚР АШМ 16.09.2002 жылы бекітілген № 283 бұйрығында көрсетілген құқын пайдаланады.

Жекеменшік лицензиат мал дәрігері

      Ауылдық округтің мемветинспекторымен тікелей қатынаста жұмыс істейді және келісім шартта көрсетілген тапсырмаларды орындайды.

Аудандық зертхана орталығы

      Мемлекеттік тапсырыс пен жасалынған жоспарға сәйкес бактериологиялық, серологиялық және басқа да диагностикалық тексерулер жүргізеді.
      Сарып ауруына дифференциялды диагноз қою үшін жүргізілетін тексеруді үйымдастырады және методикалық басшылық жасайды.
      Жайсыз пунктерден алынған сүтке жүргізілген пастеризацияның және жайсыз нысандарда жасалынған дезинфекцияның сапасын анықтау.

      Күршім ауданының бас мемлекеттік
      ветеринарлық инспекторы                  Қ.А. Айдарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады