Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округі тұрғындарының ірі-қара малдары арасынан қарасан ауруы шығуына байланысты жайсыз аумаққа жатқызу, шектеулі аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 895 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 желтоқсанда N 5-14-75 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 982 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2008.12.18 N 982 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Қ.А. Айдархановтың 2008 жылдың 22 қазанындағы № 200 ұсыныс хаты бойынша Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең, Дарственное, Бесжылдық, Вознесеновка ауылдарында 2008 жылдың қазан айының 13-21 аралығында қарасан ауруы індетінен 14 бас ірі қара малдарының төлдері ауруға шалдығып, 11 бас ірі қара малы шығынға ұшыраған. Күршім аудандық ветеринарлық зертханасының 2008 жылдың 21 қазанындағы № 132 сараптау актісі және 2008 жылдың 13 қазанында жүрізілген эпизоотиялық тексеру актісі негізінде аурудың бұдан ары таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27 - бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1 тармағының 18) тармақшасы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең, Дарственное, Бесжылдық, Вознесеновка ауылдары қарасан ауруынан жайсыз аумаққа жатқызылып, карантин қойылсын.
      2. Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең, Дарственное, Бесжылдық, Вознесеновка ауылдарындағы қарасан ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринарлық-санитарлық және ұйымдастыру кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
      3. Сарыөлең ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қ. Сураужановаға карантиндік аймаққа ауыл шаруашылық жануарларын әкелу және оларды осы аймақтан алып кету, мал шикізатын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік-шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                     А. Сеитов

      Келісілді:
      ШҚО МСЭҚД Күршім ауданы
      бойынша бөлімнің бастығы                 Қ.Төлеуғазин

Күршім ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 895 каулысына
№ 1 қосымша

Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің ірі қара малдарының қарасан ауруының алдын алу және онымен күресу іс-шараларының 2008 жылға арналған кешенді жоспары.

      Сарыөлең ауылдық округі Күршім ауданының орталығында орналасқан. Сарыөлең ауылдық округі, шығысында Қалғұты, солтүстігінде Абай, оңтүстігінде Балықшы, батысында Күршім ауылдық округтарымен шектеседі Сарыөлең ауылдық округінде төрт елді мекен (Сарыөлең, Дарственное, Вознесеновка, Бесжылдық) жене 11 мал қыстақтары ( Саркел, Кенжебай, Сабырбай, Майлы, Сәтжол, Исабай-ши, Баян-қызыл, Абақан, Шұңқұр-ши, Аманқызыл, Амангелді) орналасқан. Халқының саны 2734 адам, ауылда 602 аула бар, олардың негізінен айланысатын кәсіптері мал өсіру, егінмен айналысу. Сарыөлең ауылдық округінде ауылшаруашылық мал басы 2008 жылдың 01 қазан айына төмендегідей: ірі қара малы - 3568 бас, ұсақ мал-16503 бас, жылқы - 754 бас.

Қарасан ауруын жоюдың іс шаралары

Іс шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Бақылау

1

Әкімшілік-аумақтық бірлігіне тиісті  мемветинспекторына  малдың ауырғанын  немесе өлгені  туралы жағдайды тез арада хабарлайды.

Тұрақты

Мал иелері, лицензиат-мал дәрігері.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

2

Ауырып тұрған  малды оқшаулап,  өлген малдың  өлексесін мал  қорымына тастау. Тұрғындар арасында  қарасан ауруының  алдын алу туралы  түсініктеме  жұмыстарын жүргізу.

Тұрақты

Мал иелері,  денсаулық  сақтау  мекемесінің мамандары.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі, Күршім ААИ  ветеринарлық  бөлімі, Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ  маманы,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов.

3

Ауырған немесе  өлген малдың  диагнозын анықтау.

Тұрақты

Лицензиат-мал дәрігері,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  РМҚК Күршім АВЗ  мамандары.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі.

4

Жайсыз ошақтағы  қарасанға жұғымтал  малдарға клиникалық тексеріс жасау,  термомерия жүргізу. Қарасанға  клиникалық ( ақсау, ісік, жоғары  температура)  белгілері бар  малдарды оқшаулау. Мал өлген жағдайда өлексесін мал  қорымына тастау.

Тұрақты

Мал иелері,  лицензиат-мал дәрігері, Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі.

5

Ауру мал тұрған  және мал өлген  орнындағы жердің  қиларын, төсенішін,   жем-шөп  қалдықтарын жинап,  оларды және аулалар мен қораларды  10%-тік каустикалық ерітіндісімен  залалсыздандыру.

Тұрақты

Мал иелері,  лицензиат-мал дәрігері,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  әкімі Қ.Қ. Сураужанова.

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов

6

Мал қорымын қоршап, санитарлық  тазалығын сақтау. Мал өлексесін  көмген жерді  залалсыздандыру.

Тұрақты

Ауылдық  округ  әкімшілігі,  лицензиат  мал дәрігері

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  Күршім ауданы бойынша ШҚО МСЭҚДБ  маманы.

7

Су қоймаларын,  құдықты қарасанмен  ауырған немесе  күдікті мал су  ішпейтіндей етіп  қоршау.

Тұрақты

Ауылдық  округ  әкімшілігі

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  Күршім ауданы бойынша ШҚО  МСЭҚДБ  маманы.

8

Ветеринарлық  мамандардың  рұқсатынсыз малды  союға, лажсыздан  сойылған малдың  етін және ет өнімін  сатуға тиым  салынады.

Тұрақты

Мал иелері

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  Күршім ауданы  бойынша ШҚО  МСЭҚДБ маманы.

9

Жайсыз мекендегі  қарасан ауруына  клиникалық  белгілері жоқ  барлық мал басын  қарасанға қарсы егу шараларын өткізу.

Жедел

Мал иелері, лицензиат - мал дәрігері.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

10

Қарасанмен ауырып  жазылған малды етке клиникалық  белгілері (ақсау,  ісік, сықырлау)  кеткеннен кейін 30 күннен кейін союға  рұқсат беріледі

Тұрақты

Мал иелері, лицензиат-мал дәрігері, Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық бөлімі.

11

Қарасанға қарсы  егілген малдың  сүтін қайнатудан  кейін қолданылады.

Тұрақты

Мал иелері, шаруашылық  субьектілердің бастығы.

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

12

Қарсан ауруының  диагнозы  анықталғаннан  кейін карантин  жарияланған жайсыз   мекеннің, аумақтық шекарасын анықтау.

Жедел

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  әкімінің  міндетін  атқарушы  Қ.Қ. Сураужанова.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі.

13

Аудан әкімінің  шешімімен Қазақстан Республикасының  "Ветеринария"  заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес карантин  жарияланады.

Күршім  АВЗ-ң  тұжырымдамасынан  кейін

Аудан  әкімшілігі

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі.

14

Қазақстан  Республикасының  "Ветеринария"  заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес   қарасаннан "жайлы  ошақ"- деп жариялау және карантин алу.

акырғы  ауырған  малдың  сауыққа нынан  немесе  өлгенінен 14 күн  өткен соң

Аудан  әкімшілігі

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі.

15

Карантиннің ережесі бойынша 1) ірі қара мен  ұсақ мүйізді малды  карантин қойылған  аумақтан шығаруға; 2) карантин  қойылған аумаққа  ірі қара мен ұсақ  мүйізді малды  әкелуге және осы  аумақ арқылы малды айдап өтуге;
3) ірі қара мен  ұсақ малдарды  шаруашылық ішінде  топтастыруға,айырбастауға,сатуға;
4) карантин  қойылған аумақтан  жиналған жем-шөпті осы аумақтан  шығаруға; Осы  жем-шөп карантин  қойылған аумақтағы жылқыларға жене  қарасанға егілген  ірі қараларға 14  күн өткеннен кейін беріледі.
5) Ауру малдың  сүтін пайдалануға;
6) Ауру малды  союға;
7) Өлген малды  жаруға жене терісін сыпыруға;
8) Қарасаннан  жайсыз фермаға  бөгде адамның жене көліктің кіруіне, осы фермада қызмет көрсетушілерден басқа;
9) Малдарды бір су көздерінен  суғаруға;
10) Қарасанға  егілген жене  қабынған малдың  сүтін пайдалануға;

Карантин Қойылған мерзім.

Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  әкімінің  міндетін  атқарушы  Қ.Қ. Сураужанова.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

16

Ауру мал тұрған  орынды үнемі  тазалау жене қолданылған  құрал-жабдықтарды,  өлексе орнын  залалсыздандыру. Ауру және ауруға  күдікті малды  баптауда арнайы  киім кию.

Мал  ауырған  жағдайда.

Мал иелері,  жұмысшылар,  лицензиат  мал дәрігерлері.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ  ветеринарлық  бөлімі,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С.  Қапталов.

17

Жайсыз мекеннен  карантинді алу  алдында  ветеринарлық  шаралардың  заңдылыққа сәйкес  толық орындалғанын тексеріп ұсыныс енгізу.

Эпизоотиялық  тексеру  жүргізіл геннен  кейін

ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ ветеринарлық бөлімі,  Сарыөлең  ауылдық  округінің  мемветинспекторы С. Қапталов.

ҚР АШМ АӨК-гі  МИК Күршім  ААИ

Аббревиатура:
      ҚР АШМ АӨК-гі МИК Күршім ААИ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы;
      ШҚО МСЭҚДБ - Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі;
      РМҚК Күршім АВЗ - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Күршім аудандық ветеринарлық зертханасы;
      ФАП фельдшері - фельдшерлік акушерлік пунктінің фельдшері;

      Күршім ауданының бас мемлекеттік
      ветеринарлық инспекторы:            Қ.А. Айдарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады