Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009.06.17 N 385 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қаратұма ауылдық округында иттер арасынан құтырық індетінің орын алуына байланысты, ҚР «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339-II Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 27 бабына сәйкес, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялык инспекторының ұсынысы мен эпизоотиялык тексеру актісі және Семей қаласындағы аймақтық ветеринариялык зертханасының 20-шы наурызындағы № 55 сараптау актісі негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратұма ауылдық округына құтырық індетінен шектеу қойылсын.
2. Эпизоотияны жою жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңына сәйкес іске асырылсын.
3. Шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына ауданның бас мемлекеттік ветеринариялык инспекторы (Б.У. Сатай) (келісімі бойынша) бақылау жүргізуі ұсынылсын.
4). Осы каулының орындалуына бақылау жүргізу Үржар ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің ММ-сі бастығына (А.А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
5). Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Үржар ауданы әкімі Б. Жанақов