2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру және нысаналы топтарды анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 421 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарында N 5-18-74 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 385 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009.06.17 N 385 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, облыстық әкімдігінің 2004  жылғы 5 шілдедегі № 509 «Нысаналы топтарға жататын адамдарды  жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды қаржыландыру ережелері  туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)  тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының әкімдігі қаулы  етеді:
      1.Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру  нұсқаулығы, әлеуметтік жұмыс орындары  мен жастар іс-тәжірибесі  ұйымдастырылатын ұйымдар және нысаналы топқа жататын жұмыссыздар  тізбесі бекітілсін (№ 1, № 2, № 3, № 4 қосымшалар).
      2.Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары   С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      3.Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн  өткен соң қолданысқа енеді.

      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

Үржар аудандық Әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 421 қаулысына № 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру  нұсқаулығы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық жұмыссыздар мен нысаналы тобына жататын  жұмыспен қамтылмаған адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін  әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін  белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік  иесіне байланыссыз) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін  реттейді.
      2. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына  және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес әзірленді.
      3. Осы нұсқаулықта қолданылған негізгі түсініктер:
     әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы  жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен  шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу  шығындары ішінара өтелетін уақытша жұмыс орны.
     Нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиыншылықтарға кездесетін  және әлеуметтік қорғауды талап ететін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген адам топтары.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға  Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және жұмысқа орналасу

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыратын  және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақысы шығындарын  жергілікті бюджет қаржысынан жартылай өтеуімен жұмыс беруші  белгілейді.
      6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша  келісімі бойынша ұйымдардың (кәсіпорындардың) тізбесін және оған  жұмыссыздар мен нысаналы топқа жататындарды жұмысқа орналастыру үшін  әлеуметтік жұмыс орындарының санын анықтайды.
      7. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»   мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына алынған азаматтардың  еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуді екі жақтың міндеттері,  жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары,  қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілген келісім - шартқа сәйкес  жүзеге асырады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін «Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  жұмыссыздар мен нысаналы топқа жататындар арасында таңдау жүргізеді.
      9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің жолдамасы бойынша орналастырады, жолдаманың үзінді  талонын толтырып, оны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жібереді.
      10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына қабылдарда жұмыс беруші  онымен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесімен жасалған еңбек шартында көрсетілген Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес еңбек шартына (контрактқа) отырады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен шарттары.

      11. Әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздар мен  нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке  еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен  орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және күнделігіне байланысты  жүзеге асады.
      12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан  жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған  азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда  жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, «Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген  атқарылған жұмыстар туралы актілер негізінде алты айдан аспайтын  мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде  жергілікті бюджет есебінен жартылай өтеледі.
      Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған  азаматтардың еңбегінің төлемі бойынша дотация «Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен  қамту бағдарламасы қаржысы есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына  аударылады.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және  нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек  ақысына заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орынына орналасқан, жұмыссыздар мен  нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек  төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
      15. Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен  қамтылмаған адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.
      
      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                            С. Семенова

Үржар аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 421 қаулысына № 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі

      1. «Үржар ЖМК-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
      2. Ашық акционерлік қоғам «Үржар -Астық»
      3. ЖШС «Атамекен»
      4. «Береке» шаруа қожалығы
      5. Жеке кәсіпкер Тлеубердиева Ж.
      
      Барлығы:       10 адам
      
      Үржар аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                         С. Семенова

Үржар аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 421 қаулысына № 3 қосымша

Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі 

      1. Үржар аудандық әділет басқармасы
      2. Үржар аудандық жылжымайтын мүлік орталығы
      3. Аудандық қазынашылық бөлімі
      4. Аудандық салық инспекциясы
      5. Аудандық пошта торабы
      6. Үржар ауылдық әкімшілігі
      7. Үржар аумақтық сот орындаушылар бөлімі
      
      Барлығы:       10 адам
      
      Үржар аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                           С. Семенова

Үржар аудандық Әкімдігінің
2008 жылғы 25 желтоқсанындағы
№ 421 қаулысына № 4 қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдар:

      табысы аз адамдар;
      бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылардан;
      16-дан 25 жасқа дейінгі жастар;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 25-жасқа дейінгі балалар
      мен жетім балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті
      көп балалы ата-аналар;
      50 жастан асқан әйелдер;
      мүгедектер;
      оралмандар;
      Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен бекітілген
      тәртібімен тұрақты күтімді, көмек пен бақылауды қажет
      ететін жандары бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына
      байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босағандар;
      мәжбүрлеп емдеу және бас бостандығынан айыру орындарынан босап
      келгендер;
      наркотәуелділер;
      ВИЧинфекциялылар.
      
      Үржар аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы             С. Семенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады