"Северо-Восток" ауданындағы жаңа көшеге "Жигер көшесі" атауын тағайындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 27 мамырдағы N 8-5 шешімі және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 1044 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 маусымда N 7-1-92 тіркелді

      Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Северо-Восток" ауданындағы жаңа көшеге "Жигер көшесі" атауы тағайындалсын.
      2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы N 46-22 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 1186 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
      3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады. 

      Орал қалалық мәслихатының         Орал қаласының әкімі
      кезектен тыс 8-ші сессиясының
      төрайымы

      Орал қалалық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады