Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, шағынаудандар тұрғындарының өтініштерін және қалалық ономастикалық комиссияның шешімін қарап, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы "Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
2. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының әкімі
кезекті 9-шы сессиясының
төрайымы
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 2 шілдедегі N 9-11
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 1044
"Орал қаласы "Кең дала" және
"Көктем" шағынаудандарындағы жаңа
көшелерге атаулар тағайындау туралы"
бірлескен шешімі мен қаулысына
қосымша
"Кең дала" шағынаударында:
1) Баян сұлу көшесі;
2) Қозы Көрпеш көшесі;
3) Асан қайғы көшесі;
4) Жерұйық көшесі;
5) Аяз би көшесі;
6) Тұмар ханым көшесі.
"Көктем" шағынаударында:
1) Баян сұлу көшесі;
2) Қозы Көрпеш көшесі;
3) Аяз би көшесі.