Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, шағынаудандар тұрғындарының өтініштерін және қалалық ономастикалық комиссияның шешімін қарап, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 6 шағынауданына "Д.А.Қонаев атындағы шағынаудан" атауы тағайындалсын.
2. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының әкімі
кезекті 9-шы сессиясының
төрайымы
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы