Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.10.08 N 21-12 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының ""Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4-4 "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 мамырдағы N 8-3 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 2 маусымда 7-1-91 нөмірмен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 24, 2008 жылғы 19 маусымдағы N 25, 2008 жылғы 26 маусымдағы N 26, "Пульс города" газетінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 24, 2008 жылғы 19 маусымдағы N 25, 2008 жылғы 26 маусымдағы N 26 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
4 тармақтағы "оның ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі" сөздері "2008 жылғы 1 қаңтардын бастап қолданысқа енгізіледі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
11-ші сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы