Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 сәуірде N 7-2-54 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 29 маусымдағы N 23-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010.06.29 N 23-4 Шешімімен

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008.10.22 N 8-3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарын басшылыққа алу негізінде аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру Қағида бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008.10.22 N 8-3 Шешімімен.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі "Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру туралы" N 30-7 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде N 7-2-39 санымен тіркелген) күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008.10.22 N 8-3 Шешімімен.

      Сессия төрағасы
      Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы

2008 жылғы 5 наурызындағы
аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ІV сессиясының
N 4-5 шешімімен бекітілген

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008.10.22 N 8-3 Шешімімен.

Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға
тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
      2. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
      3. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      4. Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармақшасын басшылыққа алып және осы Қағидаға сәйкес белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      5. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын жай иесінің (жалдаушы) өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын шекті шығындар үлесінен асып кеткен жағдайда беріледі.
      Шекті шығынның үлесі – отбасының жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2009.04.29 N 13-4 Шешімімен.
      6. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер тарифтері мен мөлшері қолданыстағы заңнамада анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыс бойынша жүргізіледі. Есептегіші бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға өткен тоқсанның немесе қызмет толық көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша нақтылы шығынмен анықталады. Тұтыну ақысы құрамына мыналар: тұрғын үй қорының тіршілігін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын электр жарығына,табиғи газға, пайдаланылатын ауыз суға, тұрмыстық газ плиталарға қолданылатын газ баллонға, қысқы мерзім кезінде үйді жылыту үшін отын ретінде қолданылатын ағаш, көмір немесе тезекке, қоқыс шығаруға жұмсалатын шығын қаражаттары енеді.
      7. Тұрғын үй көмегін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды.
      8. Ведомстволық тұрғын жайда тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегі осы қағидада белгіленген жалпы негізде тағайындалады.
      9. Күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларды немесе мүгедектерді (1, 2 топ), 80 жастан асқан қарияларды, 7 жасқа дейінгі балаларды күтіп отырған азаматтарды, туберкулезбен ауыратын азаматтарды, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді,барлық топ мүгедектері мен зейнеткерлерді, жалғызбасты қарияларды, асыраушысынан айырылған және некесіз бала тәрбиелеп отырған аналарды,жұмыс істейтіндерді, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгендерді және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғаларды қоспағанда, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істемейтін, әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз статусы берілген айдан бастап тағайындалады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар қатарына: жеке қосалқы шаруашылығында бір немесе одан да көп ірі-қара малын (2 жастан асқан) бағып отырған тұлғалар жатады.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін,оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
      1) арызы мен оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат);
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгені туралы куәлігі (СТН);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);
      4) пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту,сатып алу - сату, жалға беру т.б жөнінде келісім-шарттар);
      5) жылжымайтын мүлік жөнінде анықтама (жылына бір рет);
      6) Ұлы Отан Соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;
      7) мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
      8) алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен жарты жылдыққа табыстары жөнінде мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
      9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжатарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар).
      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008.10.22 N 8-3 Шешімімен.
      11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және   коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде ұсынылады және Қазақстан Ұлттық банкісінің келісімімен екінші дәрежелі банктер арқылы, аудандық бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінген қаржы есебінен азаматтардың келісімімен олардың есеп шоттарына немесе электр қуатымен, газбен қамту, коммуналдықкәсіпорындардың есеп шоттарына аудару жолымен белгіленеді.
      12. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі үш жақты келісім –шарт бойынша жүргізіледі. Келісім шарт екінші дәрежелі банкімен, коммуналдық қызмет корсету кәсіпорындарымен және тұрғын үй жәрдемақысын жүзеге асыратын мекеме арасында жасалады.
      13. Тұрғын үй көмегі арыз берілген күннен алты ай мерзімге, жарты жылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бірінші жартыжылдықта: 1 тоқсан - жылыту мерзімі, 2 тоқсан - жазғы мерзім, екінші жартыжылдықта: 3 тоқсан - жазғы мерзім, 4 тоқсан - жылыту мерзімі болып бөлінеді. Жаңа мерзімге көмек алғашқы процедураға сәйкес ресімделеді. Тұрғын үй көмегі арыз берілген күннен бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өткен тоқсанның табысы есепке алынады.Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақының шекті шығын көлемі, отбасының табысы, коммуналдық тарифтер өзгерген жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралып, шешіледі.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар жәрдемақы тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде 10 күн мерзім ішінде (отбасы құрамы, табысы, жылжымайтын мүлік алуы және пәтер жалдаушылар жіберуі т.б), сондай-ақ көмекті қайта есептеу жайттары жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндетті. Заңсыз түрде алынған жәрдемақы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда, сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      16. Тұрғын жай алаңының нормасы пайдаланып отырған бір тұрғын жай бірлігі көлемінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 75-бабына сәйкес әр адамға 15 шаршы метрден және көп дегенде 18 шаршы метрге дейін пайдалы алаң болып белгіленеді.

3. Тұрғын үй көмегін есептеу     

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызының және оған қоса берілген отбасының құрамы, табысы туралы анықтамалар, отырған үйдің кітапшасының көшірмесі, коммуналдық қызметтер шығынын дәлелдейтін құжат, күтімге мұқтаж адамдар болған жағдайда дәрігерлік анықтаманы арызына қоса жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылғаннан кейін шешім шығарылады.
      18. Ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр отбасымен шарт жасалады.Шарт екі дана жасалып, біреуі арыз иесіне (жалдаушыға) беріледі. Шарт тұрғын үй көмегін төлеуге негіз болып табылады.
      19. Ұсынылған мәліметтердің растығына күмән туса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажетті ақпаратты беруге міндетті.
      20. Отбасының жиынтық табысына бала дүниеге келгенде берілетін бір жолғы мемлекетік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін бір жолғы көмекті, тұрғын үй жәрдемақысын, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда,- отбасының барлық мүшелерінің еңбекақысы, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар енеді.    

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі

      21. Барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      22. Жыл сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тұрғын үй көмегін қаржыландыруға бюджетті сұраным дайындалып, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Аудандық қаржы бөлімі ақшалай қаржыны ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады.
      23. Қате ресімделген құжаттар бойынша тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған жағдайда кінәлі лауазым иелері Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша жауапқа тартылады.

5. Аудан бойынша тұрғын үйді ұстау мен
коммуналдық қызметтер көрсету нормативтері

      24. Пайдаланылатын - ауыз су мөлшері адам басына шаққанда - тәулігіне 30 литр, 1 литр салқын судың құны - 0,25 теңге.
      Әр отбасына айына газ баллон нормасы - 11 килограмдық 1 баллон, құны - 1 300 теңге (тасымал құны қоса есептелмегенде).
      Көмір - әр отбасының тұрғын үйінің 1 шаршы метріне 72,8 кг шартты отын, көмір құны - 7 000 теңге.
      Егерде тұрғын жайды жылыту үшін көмір қолданылмай, тезек қолданған жағдайда әр отбасына бір айға (1 тонна) тезек, құны 5 800 теңге.
      Отын ағаш әр отбасына бір айға – 10 текше метр, құны - 5 000 теңге.
      Электрэнергия мөлшерлемесі 1 кв/сағ - 4,96 теңге, 1 айға норма 200 кв/сағ.
      Табиғи газ мөлшерлемесі 1 текше метр - 6,73 теңге, 1 айға норма 200 текше метр.
      Ескерту. 24 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2009.04.29 N 13-4 Шешімімен.
      25. Бекітілген нормативтер өзгерген жағдайда су, табиғи газ нормалары өзгеріске сай есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады