Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2012.04.19 № 3-5 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 18 мамырдағы № 3-873 ұсынысы бойынша мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Дүсеев
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев
Аудандық мәслихатының
2010 жылғы 29 маусымдағы
№ 23-4 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
Ақжайық ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (одан-әрі Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.
Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұргын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғын жай меншік иесі немесе жалдаушы болып табылатын қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен берілетін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетінін шығыстар үлесі–телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға комуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы-тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум обьектісін басқару органы-кондоминум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган–тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елдімекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалданушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) комуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, комуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегін комуналдық қызметтің есептеу құралы бар алушыларға есептеу кезінде белгіленген тарифтер мен нормативтерден аспайтын санауыш көрсеткіштері бойынша нақты шығындар қолданады.
5. Тұрғын үйді күтіп ұстау және комуналдық қызметті пайдалану шекті шығынының көлемі төмендегідей болып белгіленсін:
аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) отбасы табысының 5 пайызы көлемінде белгіленсін.
6. Коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар: тұрғын үй қорының өмірін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын электр жарығы,ауыз су, табиғи газ (газ баллон), жылумен қамтамасыз ету үшін отын ретінде қолданылатын ағаш, көмір немесе тезек, қоқыс шығару, телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғайуы бөлігіндегі байланыс қызметі енеді.
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган тағайындайды.
8. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
9. Күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерді, күтіп отырған 80 жастан асқан қарияларды, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған азаматтарды, сонымен қатар есепте тұрған психикалық денсаулық орталығында және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды, күндізгі оқу нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттерді, мүгедектер мен зейнеткерлерді, асыраушысынан айырылған және жалғыс аналарды, жұмыс жасамайтындарды, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгендерді, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды қоспағанда, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Жұмыссыз ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз мәртебесі берілген айдан бастап тағайындалады.
10. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде 10 күн мерзім ішінде (отбасы құрамы, бюджеті, жылжымайтын мүлік алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қайта есептеу жайттары жөнінде уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшіресі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
6) жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминимум обекътісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) комуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
8) телекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
9)тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
12. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде ұсынылады және Қазақстан Ұлттық банкісінің келісімімен екінші дәрежелі банктер арқылы, аудандық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаржы есебінен азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегін есептеу
13. Тұрғын үй көмегі арыз берілген күннен үш ай мерзімге тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттарды тіркеу, арыздары қабылдау әр тоқсанның бірінші айында жүргізіледі.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша әр азаматпен (отбасымен) шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, бір данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарттың үлгісі бөліммен белгіленеді. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
Коммуналдық қызметті тұтыну шығындары, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, отбасының (азаматтың) жалдау ақысы жөнінде мәлімет жасалады. Мәліметтерде көмек тағайындау есебі көрсетіледі.
14. Ұсынылған мәліметтердің растығына күмән туса, уәкілетті орган қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін қайта есептеуге қажетті ақпаратты беруге тиіс.
Отбасының жиынтық табысына отбасының барлық мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік табыс, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік көмектің атаулы әлеуметтік көмектен басқа түрлері, балаларға және басқа да күтудегі тұлғаларға берілетін алимент, стипендия, ақшалай және табиғи формада алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар түріндегі табыстары қосылады.
15. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және комуналдық қызметтерді төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтің тарифтері мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақтылы ескертілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын жай ұстау және комуналдық қызметтерді пайдалану үшін, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың шығындарын төлеуге, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы белгіленген нормаларға сәйкес нақты есептелген соммадан аспауы қажет.
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 29 маусымдағы
№ 23-4 шешіміне қосымша
Ақжайық аудандық мәслихаттың
күші жойылған кейбір шешімдері
1. Аудандық мәслихаттың "Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 5-наурыздағы № 4-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-54 тіркелген, 2008 жылғы 26 сәуірінде, "Жайық таңы" газетінде № 18 жарияланған),
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5-наурыздағы № 4-5 "Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы. № 8-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-62 тіркелген), 2008 жылғы 21 қарашасында, 2008 жылғы 12 желтоқсаныңда "Жайық таңы" газетінде № 48, № 51 жарияланған),
3. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5-наурыздағы № 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Кағидасына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 13-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-74 тіркелген), 2009 жылғы 29 мамырында "Жайық таңы" газетінде № 22 жарияланған),
4. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5-наурыздағы № 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы № 16-9 шешімі 2009 жылғы 23 қазандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-79 тіркелген), 2009 жылғы 6 қарашасында, "Жайық таңы" газетінде № 45 жарияланған).