Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010.06.29 N 23-4 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-54, 2008 жылы 26 сәуірінде "Жайық таңы" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 5-ші тармақтың 2-ші азат жолындағы "20" саны "5" санымен ауыстырылсын,
2) 24-ші тармақтағы "Электроэнергия мөлшерлемесі 1 кв/сағ - 4,96 теңге, 1 айға норма" деген сөзден кейінгі "150" саны "200" санымен ауыстырылсын.
Осы тармақтағы "Табиғи газ мөлшерлемесі 1 текше метр - 6,73 теңге, 1 айға норма" деген сөзден кейінгі "150" саны "200" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Ерғалиев |
Мәслихат хатшысы | Д. Жақсыбаев |