Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.03.03 N 18-5 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы" Бөрлі аудандық мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 36-4 (2007 жылғы 13 шілдедегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-48 тіркелген және "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 58 жарияланған) шешіміне 2008 жылғы 14 тамыздағы N 7-10 (2008 жылғы 3 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-60 нөмірмен тіркелген, "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі N 73 жарияланған), 2008 жылғы 23 қазандағы N 8-4 (2008 жылғы 3 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-66 нөмірмен тіркелген, "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 92 жарияланған) аудандық мәслихаттың шешімдермен оған енгізілген өзгерістер ескере отырып, мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесінде:
3-тармақтағы:
1) "30%" деген санды "20%" деген санымен ауыстырылсын;
2) "15%" деген санды "10%" деген санымен ауыстырылсын;
3-тармағы келесі сөздермен толықтырылсын: "Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі, тиісті қаржы жылына арналған "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген, бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде бір отбасына тағайындалады".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Куянов |
Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы | И. Измағамбетов |