Сайқын ауылдық округінің "Сайқын" ауылына және осы аумақта орналасқан "Мамбет", "Саралжын", "Сад", "Жаңа пункт", "Қоян", "Ұзынкөл" және "Қара көл" елді мекендеріне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу қою туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 қазандағы № 244 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 17 қарашадағы № 7-4-75 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 17.11.2009 № 246 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағы (9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Султангалиевтың, Сайқын ауылдық округінің "Сайқын" ауылының және осы аумақта орналасқан "Мамбет", "Саралжын", "Сад", "Жаңа пункт", "Қоян", "Ұзынкөл" және "Қара көл" елді мекендерінің ірі қара малдары бруцеллез ауруымен ауыратыны анықталғандығы жөнінде хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайқын ауылдық округінің "Сайқын" ауылына және "Мамбет", "Саралжын", "Сад", "Жаңа пункт", "Қоян", "Ұзынкөл" және "Қара көл" елді мекендерінің ірі қара малдары бруцеллез ауруынан сәтсіз деп жарияланып, аталған елді мекендерге ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу қойылсын.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудан әкімдігінің 2009.10.01 N 199 Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы (Ж. Қ. Сұлтанғалиев) (келісім бойынша), Сайқын ауылдық округінің әкімі (Ш. М. Ишанғалиева) ветеринариялық шараларды бақылауға алып, іш тастаған және ауруға оң нәтиже берген ірі қара малдарын 5 күн ішінде жойдыртып, сау малдарды серологиялық тәсілімен жүйелі тексертіп және залансыздандыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      4. Аудандық санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (С. Рамазанова) (келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын болдырмау шараларын алып, бруцеллез ауруы жөнінде үгіт–насихат жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын қадағалап отыру аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа тапсырылсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады