Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "Сайқын ауылдық округінің "Сайқын" ауылына және осы аумақта орналасқан "Мамбет", "Саралжын", "Сад", "Жаңа пункт", "Қоян", "Ұзынкөл" және "Қара көл" елді мекендеріне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу қою туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы № 244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 199 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қазанда № 7-4-93 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 246 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 17.11.2009 № 246 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "Сайқын ауылдық округінің "Сайқын" ауылына және осы аумақта орналасқан "Мамбет", "Саралжын", "Сад", "Жаңа пункт", "Қоян", "Ұзынкөл" және "Қара көл" елді мекендеріне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу қою туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы N 244 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-75 тіркелген, 2008 жылғы 29 қарашадағы "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Карин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады