Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.02.23 N 19-4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңдарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінің талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде қызметтерін базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер қөрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Б. Шүкірғалиева |
Аудандық Мәслихат хатшысы | Р. А. Саматов |
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 1 қосымша |
Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі
арнаулы салық режимінде қызметтерін жүзеге
асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардын
құны
N | қызмет түрлері | Жаңақала ауылы | Басқа ауылдар |
1 | Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда); | ||
1) | Газеттер мен журналдар; | 15 | 15 |
2) | Тұқым, сондай ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) | 50 | - |
3) | Бақша дақылдары | 100 | 70 |
4) | Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген тәбиғи гүлдер; | 75 | - |
5) | Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдер | 100 | 70 |
6) | Жануарлар мен құстардың жемдері | 50 | 40 |
7) | Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар | 50 | 40 |
8) | Балық сату | 50 | 25 |
2 | Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері | 150 | 100 |
3 | Үй жануарлары мен құстарын бағу | 80 | 65 |
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 2 қосымша |
Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі
арнаулы салық режимінде қызметтерін базар аумағындағы
дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы
(оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардын құны
N | Қызмет түрлері | Жаңақала ауылы | Басқа ауылдар |
1 | Азық түлік тауарлары: | ||
1) | Сөре арқылы сату | 75 | 50 |
2) | Қолдан сату | 50 | 25 |
3) | Ет сату | 150 | 125 |
4) | Сүт тағамдарын сату | 40 | 25 |
2 | Автокөліктен сату, соның ішінде: | ||
жүк көліктен | 400 | 300 | |
жеңіл көліктен | 200 | 150 | |
3 | Өнеркәсіп тауарлары: | ||
1) | Сөреден сату | 100 | 75 |
2) | Қолдан сату | 75 | 50 |
3) | Автокөліктен сату, соның ішінде: | ||
жүк көліктен | 400 | 300 | |
жеңіл көліктен | 200 | 150 | |
4 | Орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет | 50 | |
5 | Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) | ||
6 | Жолаушылар (лицензиялық тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері | 100 | 80 |
7 | Жеке трактормен: | ||
1 тоннаға дейін | 100 | 80 | |
1,5-3,5 тоннаға дейін | 200 | 150 | |
3,5-5,0 тоннаға дейін | 300 | 250 | |
5,0-10,0 тоннаға дейін | 400 | 350 | |
10,0 тоннадан жоғары | 500 | 400 |