Ауылдық округтерде, аудан орталығында орналасқан, құрылысы мен ғимаратымен бірге тұрғын үй қорымен қамтылған жерлерді қоспағанда жер салығының базалық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 7-5-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 19-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.02.23 N 19-4 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жер салығының ставкалары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381–бабымен бекітілген жер салығының базалық ставкасы 50 пайызға жоғарлатылсын.

      Жаңақала кентінде бір шаршы метр – 1,44 теңге.

      Селолар (ауылдар) бір шаршы метр – 0,72 теңге.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Б. Шүкірғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. А. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады