Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 7-5-80 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 21-10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 21-10 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:

      1) азық-түлік тағамдарының қымбаттауына байланысты 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кедейлік шегінен төмен тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

      2) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бейбітшілік кезде әскери қызметін өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына - 1 000 теңге көлемінде;

      5) 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқаны үшін бұрынғы Совет Одағының орденімен марапатталған әскери жауынгерлерге, мүгедектерге - 2 000 теңге көлемінде;

      6) "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аймақтарда тұратын бала жасынан мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және 1 топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш, 2 топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш,3 топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек ауданның мұқтаждықта өмір сүріп отырған азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (әрі қарай комиссия) шешімі негізінде берілетін төмендегі түрлері белгіленсін:

      1) Шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін жағдайда (тұрмыстық қажеттіліктерге отбасының бір мүшесінің өлімі, емделу үшін, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және де басқа қиын жағдайларда) төлем комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет;

      2) Жеңіс күніне орай бір жолғы берілетін төлем:

      ҰОС қатысушылары мен мүгедектерге - 40 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 5 000 теңге;

      Ұлы отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге - 5 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 10 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 5 000 теңге;

      Тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;

      1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне - 3 000 теңге;

      Бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 000 теңге.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Б. Шүкірғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. А. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады