Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Бірлік ауылдық округі тұрғындарының 26 наурыз 2008 жылғы сход жиналысының, 20 маусым 2008 жылғы аудандық ономастикалық комиссияның қаулысын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік селосының орталығындағы жаңадан салынып жатырған балалар бақшасының шығыс бетіндегі көшеге еңбек ардагері М. Мусагалиеваның атағы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау жетекші маман Сағынғалиев Алпамысқа жүктелінсін.
3. Осы шешім әділет органдарынан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкімі