Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 34 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда № 7-6-80 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 16.02.2009 № 7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМIН:

      1. Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А. Мағзомов) жасы 17-ге толатын, сондай-ақ одан жоғары, бұрын тіркелімнен өтпеген азаматтарды 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізсін.

      2. Ауданда шақыру учаскелері және құрамында:

      комиссия төрағасы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы;

      комиссия төрағасының орынбасары – аудан әкімдігінің уәкілетті өкілi;

      комиссия мүшелерi:

      аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;

      медицина қызметкерлерiнiң жұмысына басшылық жасайтын дәрiгер - медициналық комиссияның төрағасы;

      хатшысы бар тiркеу жөнiндегi комиссия құрылсын.

      3. "Жәнібек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Т. Мұсағалиев) мыналар ұсынылсын:

      1) тіркеуден өтетін азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлік комиссияны құрып, қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын алу;

      2) әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті азаматтарды флюорографиядан өткізуді қамтамасыз ету;

      3) қан тобының ерекшелік сипатын анықтау үшін тіркелім кезеңінде жұмыс істеуге лаборант бөлу;

      4) тіркелім өткен соң, тиісті азаматтарды емдеу мен сауықтыру жөнінде шұғыл нақты шаралар алу.

      4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша тапсырламарды орындау үшін аудандық білім беру бөлімі (С. Мамбеталиев) методист және Жәнібек ауылдық округі әкімі (Ғ. Лұқпанов) 3 техникалық қызметкерлер бөлетін болсын;

      5. Тіркелім кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіп орнату, азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, олардың тіркелімнен жалтару әрекеттеріне жол бермеу аудандық ішкі істер бөліміне (С. Мұқатов) міндеттелсін.

      6. Ауылдық округтер әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер басшыларына:

      а) әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркелуін қамтамасыз ету;

      б) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әрбір азамат мінездемесін, отбасылық мүліктік жағдайы туралы анықтамасын жеткізу;

      в) тіркелімге жататын азаматтарды толық қамтылуын ұйымдастыру және тіркелімді өткізу үшін жауапты лауазымды адамды белгілеу, ауа-райы жағдайын есепке ала отырып, адам тасуға жабдықталған қажетті көлік бөлу ұсынылсын.

      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Есенғалиевке жүктелсін.

      8. Бұл шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:
"Жәнібек аудандық аурухана"
МКҚК директоры
___________________ Т.Қ. Мұсағалиев
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
___________________ А.Т. Мағзомов
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
___________________ С.Б. Мұқатов
Жәнібек ауылдық округінің әкімі
___________________ Ғ.Қ. Лұқпанов
Аудандық білім беру
бөлімінің меңгерушісі
___________________ С.А. Мамбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады