Айына салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қаңтарда № 7-7-77 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 қарашадағы № 38-11 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2011.11.17 № 38-11 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін басшылыққа алып және Зеленов ауданы әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1001 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап айына салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалары келесі мөлшерде бекітілсін:

      1) Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 11 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 17 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер – 2 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Ойын жолы – 70 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Карт – 10 айлық есептік көрсеткіш;

      6) Бильярд үстелі – 20 айлық есептік көрсеткіш.

      2. Зеленов аудандық мәслихатының "Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы" 26 сәуірдегі 2006 жылғы № 24-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-28 тіркелген, 2006 жылғы 3 маусымдағы аудандық "Ауыл тынысы" газетінің № 22 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Зеленов аудандық мәслихатының "2006 жылғы 26 сәуірдегі № 24-5 "Салық төлеушілер үшін ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызметтерін көрсететін салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салық жылдық ставкасын бекіту туралы" 25 желтоқсандағы 2006 жылғы № 32-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 25 желтоқсандағы 2006 жылғы № 32-2 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-45 тіркелген, 2007 жылғы 20 қаңтардағы аудандық "Ауыл тынысы" газетінің № 3 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Е. Тоқсанов
      Аудандық мәслихат хатшысы В. Шохина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады