Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2012.12.20 № 8-9 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктарды) саудаға қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Зеленов аудандық мәслихатының "Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы" 7 қарашадағы 2006 жылғы № 30-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-40 тіркелген, 2007 жылғы 6 қаңтардағы аудандық "Ауыл тынысы" газетінің № 1 жарияланған) күші жойылсын.
4. Зеленов аудандық мәслихатының "Зеленов аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 24 желтоқсандағы 2007 жылғы № 4-9 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-60 тіркелген, 2008 жылғы 16 ақпандағы аудандық "Ауыл тынысы" газетінің № 7-8 жарияланған) 5 тармағының күші жойылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн бастап қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | Е. Тоқсанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | В. Шохина |
Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-12 шешіміне 1 қосымша |
Базар аумағындағы дүнгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда
тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер
көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғаларға біржолғы талондардың құны
№ | Сауда базарының атауы | Базарлардың мамандандырылуы | Бір күнге біржолғы талондардың құны (теңгеде) |
1 | Барлық базарлар үшін | Азық-түлік тауарларын сату | 40 |
2 | Барлық базарлар үшін | Өнеркәсіп және шаруашылық тауарларын сату | 40 |
3 | Барлық базарлар үшін | 1) Жеңіл автомашинадан сату | 100 |
2) Жүк автомашинадан сату: | |||
1 тоннаға дейін | 150 | ||
1 тоннадан 3 тоннаға дейін | 180 | ||
3 тоннадан 5 тоннаға дейін | 200 | ||
5 тоннадан 10 тоннаға дейін | 220 | ||
10 тоннадан жоғары | 240 | ||
4 | Барлық базарлар үшін | Басқалары, сауда орнының көлемі мынаны құрайтын: | |
1 х 2 ш.м. | 40 | ||
1 х 3 ш.м. | 60 | ||
1,5 х 3 ш.м. | 80 | ||
2 х 3 ш.м. | 120 | ||
3 х 3 ш.м. | 160 | ||
3 х 3 ш.м. жоғары | 180 |
Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-12 шешіміне 2 қосымша |
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке
тұлғаларға біржолғы талондардың құны
№ | Қызмет түрлерінің тізбесі | Бір күнге бір жолғы талондардың құны (теңгеде) |
1 | Тауарларды өткізу (стационарлық орындарда өткізуді қоспағанда): | |
1) газеттер мен журналдарды | 50 | |
2) тұқым, сондай-ақ отырғызылған материал (екпелер, көшет) | 50 | |
3) бақша дақылдарын | 150 | |
4) саяжайларды және үй маңындағы учаскелерде өсірілген гүлдерді | 100 | |
5) қосалқы ауыл шаруашылық, бақбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін | 70 | |
6) жануарлар мен құстардың жемдерін | 100 | |
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық | 50 | |
2 | Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі | 200 |
3 | Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар | 50 |