Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 19-5 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 601 бұйрығына сай аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудан бойынша 2009 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет түрінің тізбесі мен базардан алынатын бір күндік алым мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | М.Құрманғалиева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т.Сағынов |
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 желтоқсандағы N 9-8 шешімімен бекітілген қосымша |
Аудан бойынша 2009 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет түрінің тізбесі мен базардан алынатын бір күндік алым мөлшері:
1. Сату (стационарлық және басқа да жағдайда көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру):
1) газет–журнал - 30 теңге;
2) ауылшаруашылық өнімдері мен бақша өкімдері - 255 теңге;
3) тұқымдар және басқа да өсімдіктер - 130 теңге;
4) ет өнімдерін сату - 255 теңге;
5) балық сату - 255 теңге;
6) үй жануарларын бағу немесе жаю - 130 теңге.
2. Жер өндеуде жеке трактормен қызмет көрсету - 255 теңге.
3. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009.03.02 N 10-5 Шешімімен.