Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 6-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 19 наурызда N 7-13-68 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы N 31-8 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010.08.10 N 31-8 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" 97 бабының 2 тармағына және 2001 жылғы 23 қантардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарың басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2009.10.21 N 22-3 Шешімімен.

      1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы шешімнің орындалуын басшылыққа алынсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Шотпанов А. Т.) жүктелсін.

      4. Шыңғырлау аудандық маслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" N 30-3 шешімі күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім қабылдаған мерзімінен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Ғ.Е.Жакиев
      Мәслихат хатшысы М.Ж.Малтиев

  Шыңғырлау аудандық мәслихатының
2008 жылғы 6 наурыздағы
N 6-3 шешімімен бекітілген

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру тәртібімен
ҚАҒИДАСЫ

1. Тұрғын үй көмегі

      1. Тұрғын үй көмегі – халықтың табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызыметтерге ақы төлеу үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға берілетін халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.

      2. Тұрғын үй көмегі Республикада тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызыметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, (бірақ ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек) тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызыметтер мен пайдалануға нормативтері шығыны осы мақсаттардағы ұйғарымды шекті шығын үлесінен асса көрсетіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Ауған соғысына қатысушылар тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызыметтерді төлеудің ұйғарымды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысы есепке қосылмайды. Тұрғын үй көмегі Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Ауған соғысына қатысушылар отбасына есеп бойынша 18 шаршы метр шегінде бірақ нақтылы көлемінен аспай, бір адамға тағайындалып төленеді.

      Ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер және сексен жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу, көп балалы отбасылар, жұмыссыз 50 жастан асқан әйел және 55 жастан асқан ер адамдар, 1-2 топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызыметтерді төлеудің ұйғарымды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы, қалғандары 25 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызыметтің ақысы жалпы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-3 Шешімімен.

      3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңынын мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрін құрайды. Ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер және сексен жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу, жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жай көлеміне байланыссыз 50 шаршы метр шегінде бірақ нақтылы көлемінен аспайды.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-3 Шешімімен.

      4. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызыметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарымды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.

      4.1 "Меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшін ақы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен бекітіліп тарифтер бойынша алынады.

      Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын ұйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін аудандардың жергілікті өкілді органдары белгілейді".

      5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.

      6. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызыметтерді төлеуге белгіленген өтемақыға электр жүйесі, судың, газдың, отынның (көмір) шығыны есептеледі.

      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге белгіленген өтемақыға телефон шығыны есептеледі.

      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-3 Шешімімен.

      7. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса, немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, отбасының тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Бұл санатқа жатпайтындар: Стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттер, тындаушылар мен курсанттар, әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу, көп балалы отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер, өз шаруашылығымен айналысушылар.

      8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы әлеуметтік қорғау органдарына хабарлап отыруы керек, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға, немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

      9. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) салық төлеуші нөмерінің (СТН), жеке куәлiгiнің көшірмесі, арызы, және қоса берілген отбасы құрамы туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Ауған соғысына қатысушылар растайтын туралы, отырған үйдің (пәтердің) оның меншігіне жататындығы туралы, арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы, құжаттардың негізінде әлеуметтік қорғау органымен қабылданады.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-3 Шешімімен.

      10. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратұға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

      11. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін көмек, арнаулы үкіметтік көмек, материалдық көмек, атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың тандауына қарай беріледі.

      12. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы тағайындауда дау-жанжал, келіспеушілік жағдай туса, жергілікті атқарушы және өкілдік органдар құралған арнаулы комиссияға қарауға беріледі.

      13. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы ақшалай тағайындалып, пайдаланушылардың есеп шотына аударылады. Ақы мөлшері, белгіленген нормативтер бойынша пайдалануға, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалауға төленуге тиісті ақы мөлшерінен аспауға тиісті.

      14. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы, өтініш берген уақыттан бастап 6 айға тағайындалады. Үш айға тағайындалған қаржы мөлшері бір уақытта беріледі.

      15. Тапсырылған құжаттар қаралып шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, оның бір данасы үйді пайдаланушыда сақталады.

      16. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшесі қайтыс болғанда жерлеуге берілетін және баланың тууына байланысты отбасына берілетін жәрдемақылардан басқа барлық табыстары есептеледі.

2. Тұрғын көмегін қаржыландыру көздері

      1. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

      2. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иесінің (жалдаушының) тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақылардың сомасын көрсете отырып, қаржы органдарына тапсырылады.

      3. Қаржы органдары тізімдемелердің негізінде бағдарламалардың иелеріне жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен төлем тапсырмаларымен қаржыларды өтейді.

      4. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруден өткізеді.

      5. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады