Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" N 6-3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қазандағы N 22-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қазанда N 7-13-113 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы N 31-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010.08.10 N 31-8 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" N 6-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-68 тіркелген, 2008 жылғы 4 мамырда "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      Шешімінің кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін әжәне өзін-өзі басқару" сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады