Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010.08.10 N 31-8 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-68 тіркелген, 2008 жылғы 4 мамырда аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) N 6-3 шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қағидасының:
2 тармағында:
""Батыр ана", "Алтын алқа" медалімен марапатталған аналарына", ""Батыр ана", "Алтын алқа" медалімен марапатталған аналар" деген сөздер алынып тасталсын;
"Зейнеткерлер, әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгідектердің, мүгедек балалардың" деген сөздер "Ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер және сексен жастан асқан зейнеткерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 тармағында:
"Зейнеткерлер, әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгідектердің, мүгедек балалардың" деген сөздер "Ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер және сексен жастан асқан зейнеткерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
6 тармағы осы мәтіндегі абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге белгіленген өтемақыға телефон шығыны есептеледі.";
9 тармағында:
""Батыр ана", "Алтын алқа" медалімен марапатталғанын" деген сөздер алынып тасталсын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Е. Жакиев
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ж. Малтиев