Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010.08.10 N 31-8 Шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3 бабы 2 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" N 6-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 наурыздағы N 7-13-68 нөмірімен тіркелген, "Серпін" газетінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) "Аз қамтылған отбасыларына(азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" шешімінің атауындағы, мәтініндегі "Ережесін", "Ережесі" деген сөздер "Қағидасын", "Қағидасы" деген сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Ж. Малтиев
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ж. Малтиев