Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 16-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 7-13-89 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 17-8 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009.02.18 N 17-8 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-11 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 373 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Кәсіпкерлік ісінде рыноктегі тізбе түрлеріне сәйкес біржолғы талондар бағасының мөлшері мынадай болып бекітілсін:

      1) Тарату "стационарлық орында жүзеге асырылатын қызметтен басқа" қолдан алынатын газет пен журналдар - 20 теңге;

      тұқым, сондай-ақ егу материалдары "жас теректер, көшеттер" - 20 теңге;

      өздері өндірген бақшалық дақылдар - 100 теңге;

      базар аумағында басқа жерлерден әкелінген бақшалық дақылдар - 500 теңге;

      әкелген бақшалық дақылдарын автокөлікпен сауда жасау - 1 000 теңге;

      қосалқы ауылшаруашылығының, бау-бақша, саябақ учаскелері өнімдері - 50 теңге;

      өнеркәсіптік тауарлар бір шаршы метрге - 35 теңге;

      азық-түлік тауарлары әр бір шаршы метрге -30 теңге;

      2) Балық аулау және оны сату;

      10 килограммға дейін 50 теңге;

      10 килограммнан 50 килограммға дейін 100 теңге;

      50 килограммнан 100 килограммға дейін 150 теңге;

      100 килограммнан жоғары 1 000 теңге;

      3) Жолаушылар тасымалдау жөніндегі жеке жеңіл автокөлік иелерінің қызметі;

      5 километрге дейін 100 теңге;

      5 километрден 30 километрге дейін 150 теңге;

      30 километрден 50 километрге дейін 200 теңге;

      50 километрден 100 километрге дейін 250 теңге;

      100 километрден жоғары 300 теңге;

      2. Шыңғырлау ауданы бойынша салық комитетіне (Ж. Р. Есеналиев) осы шешімді басшылыққа алуы ұсыныс етілсін.

      3. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Ауданда бір жолғы талондар бағасын белгілеу туралы" N 6-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-69 нөмірмен тіркелген, аудандық "Серпін" газетінде N 21 (1015) 2008 жылғы 17 мамырда жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жариялангған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Е.Байқатов
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады