Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 16-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 7-13-90 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 18-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2009.04.25 N 18-2 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

      2. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      4. Жеңіс күніне – Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 30 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 30 000 теңге, Ауған Соғысы ардагерлеріне 5 000 теңге, бейбіт кезеңде қайтыс болған әскери қызметшілер отбасыларына 3 000 теңге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5 000 теңге көлемінде белгіленсін.

      5. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет үш ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

      6. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3 000 (үш мың) теңгеден 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

      7. 2009 жылдың 1 тамыз айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 айылық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін.

      8. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 қазандағы "Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-85 нөмірмен тіркелген, аудандық "Серпін" газетінде N 51 (1045) 2008 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Е.Байкатов
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады