Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 25-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5565 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.06.28 № 237-ө (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары ;

      2) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.

      2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г.А. Ділімбетоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      __________ Ж. Досқалиев

      2009 жылғы 29 қаңтар


      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ______________ Ж.Түймебаев

      2009 жылғы 27 қаңтар



  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 25-ө бұйрығымен
бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптары халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мынадай әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) әлеуметтік қызмет жөніндегі маман;

      2-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      2. Әлеуметтік қызметкер:

      " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Неке және отбасы туралы", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

      арнайы педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс негіздерін білуге тиіс.

      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша);

      мамандығы бойынша кемінде 3 жыл немесе әлеуметтік қызмет жөніндегі маман лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

      4. Әлеуметтік қызмет жөніндегі маманның және әлеуметтік қызмет жөніндегі консультанттың біліктілігі мынадай талаптардың біреуіне сәйкес болуға тиіс:

      жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) және мамандығы бойынша немесе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша), мамандығы бойынша немесе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      5. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша болғаны дұрыс, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша).

      5-1. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін лауазымына кіріскен адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 25-ө бұйрығымен
бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      2. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға (бұдан әрі – аттестаттау) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер жатады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      3. Аттестаттаудың негізгі мақсаты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Аттестаттау бес жылда кемінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.

      5. Аттестаттау:

      1) біліктілігі бойынша тестілеуді;

      2) әңгіме жүргізуді;

      3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығаруды қамтиды.

2. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік мекемедегі әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – облыстық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      7. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – аудандық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      8. Комиссия, саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны тиісті уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, не оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.

      9. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті уәкілетті органның қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің өкілдері мен жоғары оқу орындарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі.

      10. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және шешім қабылдауға қатысуға құқығы жоқ.

      10-1. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екі бөлігі оған қатысса заңды болып есептеледі.

      Аттестаттау комиссиясының шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      12. Аттестаттау комиссиясы әлеуметтік қызметкерді аттестаттауды оның қатысуымен жүргізеді.

      Аттестатталатын адам комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, дәлелді себептер бойынша (еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңінде, демалыста болған кезеңінде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезінде, жақын туыстары қайтыс болған кезде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, ол аттестатталмаған болып есептеледі.

      Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөніндегі мәселе келе алмаған күннен бастап 1 айдан кем емес мерзімге ауыстырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      12-1. Аттестаттаудан өту үшін арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер және медициналық-әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары облыстың уәкілетті органына, ал әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер ауданның уәкілетті органына мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) кадрларды есепке алу жеке парағының көшірмесі;

      3) нотариуспен расталған білімі туралы дипломының көшірмесі;

      4) ұйымның кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі.

      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

3. Біліктілігі бойынша тестілеу

      13. Тестілеу аттестатталатын адамның таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілер әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға және облыстың уәкілетті органы әлеуметтік қызметке қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін жеке әзірлеген және бекіткен 80 сұрақтан тұруға тиіс. Тестілерді орындауға берілген уақыт 60 минуттан аспайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      14. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады және сол тапсыру күні хабарланады. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады.

      15. Жазбаша тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған әлеуметтік қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.

4. Әңгімелесуді өткізу

      16. Аттестатталатын әлеуметтік қызметкермен әңгімелесу шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтуге тиіс.

      17. Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған және оның лауазымына сәйкес болуға тиіс.

      18. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын қызметіне лайықты;

      2) қайта аттестаттауға жатады.

5. Қайталап аттестаттау

      19. Қайталап аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.

      20. Комиссия қайта аттестаттаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын қызметіне лайықты;

      2) атқаратын қызметіне лайықты емес.

      21. Әлеуметтік қызметкерлердің аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту қорытындылары комиссияның төрағасы мен оның басқа да мүшелері қол қоятын хаттамалық шешімде тіркеледі.

6. Қорытынды ресімдер

      22. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кәсіптік даярлығының деңгейін растайтын сертификат беріледі.

      23. Сертификаттың болуы әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметке рұқсат беру болып табылады.

      Сертификат берілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында 5 жылға дейін жарамды.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      24. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге сертификат беруді облыстың уәкілетті органы жүзеге асырады және ол сертификат беру журналында тіркеледі.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      25. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарына хаттамалық шешімнің көшірмесін облыстың уәкілетті органы береді.

      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарға және күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге хаттамалық шешімнің көшірмесін ауданның уәкілетті органы береді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы әлеуметтік
қызметкерлерді аттестаттау
ережесіне қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.01.26 № 21-ө бұйрығымен.

      __________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Сертификат N _________

      20__ жылғы "___" ____________аттестаттау комиссиясының шешімімен

      N________хаттама,

      Т.А.Ә. ______________________________________________________________

      арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды

      Аттестаттау

      комиссиясының төрағасы: _____________________________________________

      (Т. А. Ә., қолы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      (Т. А. Ә., қолы)

      __________________________________________________

      (Т. А. Ә., қолы)

      __________________________________________________

      (Т. А. Ә., қолы)

      __________________________________________________

      (Т. А. Ә., қолы)

      М.О.

      Елді мекен _________________________ Күні "___" ___________ 20___ ж.

      (қала, облысты көрсету керек)

      Тіркеу N ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады