Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5568 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 03.03.2014 № 49-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санының ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С.Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов


  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2009 жылғы 5 ақпандағы
N 29-НҚ бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын ұсынудың, қараудың және бекітудің бірыңғай тәртібін анықтайды.

      3. Осы Ереженің мақсатында пайдаланылатын ұғымдар:

      1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға табиғи монополия субъектісінің персоналының нормативтік санын бекіту туралы ресми өтініші (арыз).

      Осы ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекітуге арналған өтінімді ұсыну және қабылдау

      4. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарау және бекіту кезінде қолданылатын персоналдың нормативтік санын (бұдан әрі - Нормативтік сан) бекітуге арналған өтінімді қажетті негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

      5. Нормативтік санын бекітуге арналған өтінімге:

      1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;

      2) нормативтер санының есебін негіздейтін материалдар (нормативтік санын анықтау үшін қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);

      3) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) субъектінің құрылымдық бөлімшелері персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде жұмыс атқаратын персоналдың) санаттары бойынша ағымдағы кезең және өткен екі жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны, сондай-ақ персоналының қалыптасқан нақты саны деректерінің жиынтық кестесі, соның ішінде электронды түрде;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген нормативтік санының есептерінің негізіне қабылданатын санның үлгі нормативтері;

      5) ағымдағы жыл және өткен екі жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.

      6. Өтінімге қоса берілетін есептер және өтінімнің негіздеуші материалдары Субъект бірінші басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы Субъектінің бұйрығының көшірмесінің қосымшасымен) мөрімен және қолымен расталуға, тігілуге, нөмірленуге тиіс.

      7. Уәкілетті орган қосымша ақпаратты сұратады, қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілер персоналының санына салыстырмалы талдау жүргізеді. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты толық көлемде алғанға дейін, не салыстырмалы талдау жүргізу мерзіміне, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады. Уәкілетті орган өтінімді қарау тоқтатылғаны туралы Субъектіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Субъект отыз күнтізбелік мерзім ішінде сұратылған ақпаратты ұсынады.

      Субъект уәкілетті орган белгілеген мерзімде талап етілген ақпаратты ұсынбаған жағдайда немесе оны толық көлемде ұсынбағанда, немесе жүргізілген салыстырмалы талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган берілген өтінімге сәйкес есептік нормативтік санды есептемейді.

      8. Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпараттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну;

      2) осы Ереженің 6-тармағының талаптарын бұза отырып құжаттарды ұсыну;

      3) шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.

      9. Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Субъект өтініммен уәкілетті органға бас тартылған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен ерте емес өтініш жасай алады.

3. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімді қарау және оны бекіту тәртібі

      10. Өтінімді уәкілетті органның талаптарына сәйкес негізделген есептерді ұсынған кезде уәкілетті орган отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі уәкілетті органға өтінім түскен күннен бастап есептеледі.

      11. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды, қоғамдық бірлестіктерді, нормативтік санның жобасын ұсынған Субъектіні тарта отырып, нормативтік санның жобасына сараптама жүргізеді.

      12. Субъектінің нормативтік санын бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді. Нормативтік санды бекітуден бас тартылған кезде Субъектіге дәлелді қорытынды жолданады.

4. Қорытынды ережелер

      13. Уәкілетті орган нормативтік санды, Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімді беру алдындағы субъектінің нормативтік санды бекітуге өтінім беру жағдайларын қоспағанда, үлгі нормативтік санның (еңбек нормалары) қолданыс мерзімінен аспайтын кезеңге бекітеді.

  Табиғи монополиялар
субъектілері персоналының
нормативтік санын бекіту
ережесіне қосымша
Ағымдағы және өткен кезеңдерге
арналған нормативтік және нақты
санның жиынтық кестесі

Нормативтік саны

Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Қызмет көрсететін өндірістерде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персонал

1

2

3

4

 

Бұрын бекітілген нормативтік сан

Өткен кезеңге

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Қызмет көрсететін өндірістерде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персонал

5

6

7

 

Нақты саны

Ағымдағы 2 жылда

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Қызмет көрсететін өндірістерде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персонал

8

9

10

 

Нақты саны

Соңғы 2 жылда

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Қызмет көрсететін өндірістерде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персонал

Өндірістік персонал

Әкімшілік персонал

Қызмет көрсететін өндірістерде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персонал

11

12

13

14

15

16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады