Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 12 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5579 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 91 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.30 N 91 Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                 З. Балиева
 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 12 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістердің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне  N 5019 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 ж., N 13, 70-құжат.):
      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 қосымшалардың 7-тармағының 2) тармақшаларында:
      "40 минуттан аспайды" деген сөздер "30 минуттан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне  N 5020 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 13, 83-құжат):
      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 қосымшалардың 7-тармағының 2) тармақшаларында:
      "40 минуттан аспайды" деген сөздер "30 минуттан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне  N 5021 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған, 2007 жыл, N 13, 92-құжат), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Әділет министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 234 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5292 тіркелген, 2007 жыл, N 13, 3-құжат):
      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16 қосымшалардың 7-тармағының 2) тармақшаларында және 15 қосымшаның 7-тармағында:
      "40 минуттан аспайды" деген сөздер "30 минуттан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы N 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5013 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 13, 92-құжат):
      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 қосымшалардың 7-тармағының 3) тармақшаларында:
      "40 минуттан аспайды" деген сөздер "30 минуттан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады