Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс aгенттігі төрағасының міндеті атқарушының "Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 60 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5581 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының "Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-б бұйрығына (2004 жылғы 28 қазандағы N 3177 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесінде:
      3-тармақта 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) абонент - байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";
      2) тармақшада "коммутациялық жабдығымен терминал" сөздері "телекоммуникациялар құралдарымен абоненттік құрылғы" сөздерімен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "жазбаша мәтіннен" сөздерінен кейін ", бейнелерді" сөзімен толықтырылсын;
      13) тармақшада "абоненттік жолдар бойынша 128 абоненттік нөмірден аспайтын абоненттердің санымен" сөздері "128-ден аспайтын абоненттік нөмір санымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      15) тармақшада "жалғау олардың әрқайсысы үшін кезекпен ғана мүмкін болады" сөздері "осы екі терминал үшін бір уақытта байланыстыру мүмкін емес" сөздерімен ауыстырылсын;
      Мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "16) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық поштаның мекен-жайы, пошталық мекен-жайы, төл құжатының деректері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық картаның, қосылған күн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
      17) абоненттік құрылғы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
      18) байланыс желісі - байланыс құралы мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе;
      19) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы:
      20) байланыс жолдары - тарату жолдары (кабельдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кабельдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;
      21) байланыс қызметтері - пошта жөнелтілімдері мен арнаулы жөнелтілімдерді пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
      22) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі;
      23) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға;
      24) байланыс операторы - байланыс қызметін көрсетуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
      25) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигналды беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне карай арналар телефондық, телеграфтық, деректерді беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша - халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
      26) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
      27) жалғау жолы - телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;
      28) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық деп бөлінеді;
      29) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефондық қосылысты уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефонды қосылысты есепке алудың әдістері технологиясының қосындысы;
      30) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;
      31) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы:
      тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғаулардың тарифтеу бірлігінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
      уақытына қарай құрамдас бөліктен - телефондық қосылыс берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты уақытына карай төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
      32) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефондық қосылыстың берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;
      33) ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
      34) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;
      35) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік, жалғау жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
      36) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) телекоммуникацияның бірыңғай желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
      37) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, іздеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
      38) телекоммуникация хабарламалары телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;
      39) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;
      40) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдарының арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;
      41) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;
      42) электр байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.";
      5-тармақта "Қазақстан Республикасы" сөздерінен кейін "сондай-ақ уәкілетті органмен берілген лицензиялармен" сөздерімен толықтырылсын;
      8-тармақта "телекоммуникациялар" сөздерінен кейін ", сондай-ақ тікелей олар туралы ақпаратпен" сөздерімен толықтырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Абонент қызметке ақы төлеудің абоненттік, уақытпен есепке алу немесе аралас жүйесін таңдауға құқылы.";
      11-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "11. Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы бүкіл аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104), құтқару (051), анықтамалық (118) қызметтерді шақыру тегін болып табылады.";
      Ереже төмендегідей мазмұндағы 2-1 тараумен толықтырылсын:
      "2-1. Қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторын таңдаудағы қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетудің ерекшеліктері
      11-1. Телефон байланысы операторлары өздерінің желілерінде байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторын еркін таңдауына техникалық мүмкіндікпен қамтамасыз етеді.
      11-2. Қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы:
      1) алдын ала таңдаумен;
      2) операторды әр шақыруда таңдауы жолымен ұйымдастырылады.";
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Егер тапсырысты қызмет көрсету жүйесі бойынша қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсеткен кезде, шақырылатын тұлғаның желісі абоненттің болмағанында алмастыратын терминалға қосылғаны айқындалса, байланыс операторы бұл туралы абонентке хабарлайды. Абонент келіскен жағдайында, телефон қосылыстарына төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығынан анықталады. Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе, онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлем алынбайды.";
      Мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Егер телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде, шақырылатын тұлға желісі зияткерлік қызметтер ұсыну бойынша жабдыққа немесе анықтамалық жүйеге қосылғаны айқындалса, онда байланыс операторы абонентті осындай қосылыстың құны туралы хабарлайды. Абонент келіскен жағдайында, телефон қосылыстарына төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығынан анықталады. Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе, онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлем алынбайды.";
      26-тармақта:
      "байланыс операторының қабылданған" сөздері алынып тасталсын;
      үшінші абзац мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) автожауап беруші;
      4) зияткерлік қызметтер ұсыну бойынша жабдықтар.";
      27-тармақ "Сонымен қатар, толық емес тарифтеу бірлігі толыққа ұлғайту жағына дейін дөңгеленеді." сөздерімен толықтырылсын;
      28-тармақта "байланыс операторы төлемге жататын телефон қосылысының минималды ұзақтығын белгілейді. Сондай-ақ, минималды ұзақтығынан аз уақытқа созылған мұндай қосылыс дөңгеленеді және минималды ұзақтық қосылысы ретінде төленеді" сөздері "телефон қосылысына төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығынан анықталады";
      30-тармақта "қосылыс минуты" сөздері "тарифтеу бірліктері" сөздерімен ауыстырылсын;
      33-тармақта "ұсыну" сөзі алынып тасталсын;
      43-тармақта "байланыс операторының лауазымды тұлғасы" сөздері "шартқа қол қоюға уәкілеттелген байланыс операторының өкілі" сөздерімен ауыстырылсын;
      Ереже төмендегідей мазмұндағы 43-1 тармақпен толықтырылсын:
      "43-1. Келісім шартта қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторын алдын ала таңдауы көрсетіледі.";
      61-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Сондай-ақ, телефон байланысы желісіне пайдаланушының қолжетімділігін тоқтату туралы хабарлама абонентке тиісті ескертуден тұратын ұсынылған байланыс қызметтеріне берешектің болуы туралы берілген шот-хабарлама болып табылады.
      Абонентті телекоммуникация желісіне қолжетімділігін тоқтатқан сәтінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде байланыс операторы Абонентке алдағы уақытта шартты бұзу туралы хабарлама жолдауға және 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін біржақты тәртіпте шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
      Көрсетілген қызметтер туралы ақпарат және абоненттер туралы қызметтік ақпарат байланыс операторымен кезекті есептік кезең аяқталғаннан кейін үш жылдың ішінде сақталады.".
      Мынадай мазмұндағы 66-тармақпен толықтырылсын:
      "66. Оператордың кінәсінен орын алған байланыстың кідірткені кезінде абоненттік төлемді қайта есептеу байланыстың нақты кідірткен сәтінен бастап терминал жұмысын толық қалпына келтірген сәтіне дейін жүргізіледі".
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.Е. Баймұратов) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишіғаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                           Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      ______ А.С. Шабдарбаев
      11 ақпан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады