Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5593 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010.08.06 № 136 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 2-тармағына және 155-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар;
      2) Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушысының "Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 142 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 қарашада N 3186 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушысының "Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 144 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 қарашада N 3184 тіркелген).
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                       М. Құсайынов

                                       Қазақстан Республикасы
                                      Экономика және бюджеттiк
                                      жоспарлау министрінің м.а.
                                       2009 жылғы 2 наурыздағы
                                     N 30 бұйрығымен бекiтiлген

Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық
негiздемесiн әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бұдан әрi - жоба) техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге және сараптауға қойылатын Талаптар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) мен ТЭН сараптама қорытындысының жалпы құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 7-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      4. Экономикалық сараптама – жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде келтірілген, жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың кешендік бағалау нәтижесі.
      5. Жобаны экономикалық сараптаудың нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.
      Экономикалық сараптаудың оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны осы талаптарға жауап беретін және белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерді растайтын, сондай-ақ жобаны іске асырудың жүзеге асырылымдығы және тиміділігінің алғышарттары бар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне ұсынылады.
      Экономикалық сараптаудың теріс қорытындысы оны экономикалық талдауды бағалау нәтижесі жобаны іске асырудың жүзеге аспайтындығын және/немесе тиімсіздігін көрсететін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне беріледі.
      Жобаның ТЭН құрылымы және/немесе мазмұны осы талаптарға сәйкес болмаған жағдайда қайта түзетуге жолданады.

2. Жобалардың ТЭН әзірлеуге қойылатын талаптар

      6. Осы Талаптар жобалардың ТЭН-iн әзiрлеген кезде пайдалану үшiн мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеген кезде пайдалануға ұсынылады.
      7. Оңтайлы жобалық шешімдерді, оның ішінде инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін неғұрлым орынды маркетингтік, техникалық-технологиялық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа шешімдер жөніндегі ұсынысты тұжырымдау ТЭН-ді әзірлеудің мақсаты болып табылады.
      8. Жобалардың ТЭН-не сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешiмдерi бөлiгiнде қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында айқындалады.
      9. Жобалардың ерекшелiгiне қарай, қосымша бөлiмдер қосуға жол беріледі.
      10. Қазақстан Республикасында іске асыруда ұқсасы жоқ жобалар бойынша халықаралық тәжірибені ескеретін деректер қолданылады.
      11. Жобаның ТЭН-нiң мазмұны мынадай құрылымға сай болуы тиiс:
      жоба түйiнi;
      кiрiспе;
      маркетингтiк бөлiм;
      техникалық-технологиялық бөлiм;
      экологиялық бөлiм;
      институционалдық бөлiм;
      қаржылық бөлiм;
      экономикалық бөлiм;
      әлеуметтiк бөлiм;
      жоба (бағдарлама) бойынша жалпы қорытынды;
      қосымшалар.
      12. Жоба түйiнi мынадай тармақтарды қамтуға тиiс:
      жоба атауы;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (жобаның өтiнiм берушiсі) атауы;
      жобаның жалпы құны (теңгемен және валютамен);
      жоба ауқымы, соның ішінде жоба қуаты;
      әрбiр құрамдауыштың құны көрсетiлген жоба құрамдауыштары;
      жоба iске асырылатын жер (облыс, қала);
      жобаның, соның iшiнде сандық көрiнiстегi мақсаты мен мiндеттерi;
      мақсатты топтар, соның ішінде негiзгi пайда алушылар;                 қаржыландырудың болжамды көздерi мен схемасы;
      қаржыландыру жылдары бойынша бөлiнген жобаны iске асыру кезеңi
      ТЭН әзірлеу және сараптаудың қаржыландыру көзі мен сомасы (ББӘ бағдарламасының атауын көрсете отырып).
      13. "Кiрiспе" деген бөлiмде қазiргi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, табиғи-климаттық, құқықтық және жобаны iске асыру көзделiп отырған басқа да жағдайлар сипатталады, оның iшiнде халықтың тұрмыс деңгейiнiң қазiргi және болжамды (жобаның инвестициялық және инвестициялықтан кейiнгi кезеңдердi қамтитын әрекет ету циклы кезеңiне арналған) көрсеткiштерi, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуi, инвестициялық ахуал және жобаның болжамды орнын және әсер ету саласын сипаттайтын басқа да әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер көрсетiледi.
      Осы бөлiмде проблема айқындалады, сондай-ақ бұл проблеманы шешудiң (жоба мақсатына қол жеткiзудiң) барлық ықтимал нұсқалары көрсетiледi, бұл нұсқалар бойынша жоба ТЭН-нiң кейiнгi әрбiр бөлiмiнде салыстырмалы талдау жүргiзiледi.
      14. Маркетингтiк бөлiм жобада ұсынылатын өнiмге (қызметтерге) (жобаның әрекет ету кезеңiне арналған) қазiргi және келешектегі сұраныстың бағалануын көрсетедi.
      Бұл бөлiм:
      сұранысты (оның тенденцияларын) талдау өзіне жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін (ұсынылатын) өнімдердің (қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларды қамтиды;
      саладағы (өңірдегі) ахуалды ескере отырып өндірілетін (ұсынылатын) өнімдердің (қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларды талдау;
      сұраныстың сандық көрсеткiштерiнiң талдануы мен негiздемесiн, оның үрдiстерiн және өнiмнiң (қызметтердiң) бағаларын немесе әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалауды бiлдiретiн сұранысты немесе жобаның әлеуметтiк-экономикалық пайдаларын талдауды;
      жобаның елдiң экспорттық әлеуетiнiң өсуiне әсерiнiң бағасын;
      жобаның жұмыс iстеуiмен байланысты шикiзат, материалдар рыногын және өндiрiстiң басқа да факторларын талдауды;
      өндірушілер мен жеткізушілерді, олардың бағаларын, жеткізу сапасы мен шарттарын, сондай-ақ жоба қажеттіктерін қанағаттандыру мүмкіншілігін салыстырмалы талдауды көздейтін, жобаны іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нарықтары мен бағаларын талдауды;
      осы салада жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң жұмысын, соның ішінде бәсекелестердi талдауды;
      өнiмдi (қызметтердi) өткiзуге жәрдемдесу жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды;
      тәуекелдiң негiзгi факторларын, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымын айқындайтын коммерциялық тәуекелдердi бағалауды, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды;
      пайдаланылатын ақпарат көздерiн және маркетингтiк зерттеулер жүргiзу әдiстемесiн қамтуға тиiс.
      15. Техникалық-технологиялық бөлiм жобаның құрылымын, жоба бойынша жобаның өлшемдерін, құрамдаушыларын, сондай-ақ оның құнын айқындайтын техникалық шешімдерді сипаттаумен бірге жобаны іске асырудың әртүрлі технологиялық шешімдерін көрсетеді.
      Осы бөлім:
      жобаны іске асырудың әртүрлі технологиялық шешімдерін, олардың басымдықтары мен кемшіліктерін талдау, таңдалған нұсқаны негіздемесін талдауды;
      жобаны орналасу орнын, шикізат көздері мен жеткізушілеріне, өнім мен қызметтерді тұтынушыларға қатысты орналасуды, инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистралдарына, автомобиль жолдарына, құбыр желілеріне, энергетика көздеріне және т.б.) мен байланысқа жақын болуын негіздейтін жобаның орналасатын жері, сондай-ақ жобаның орналасуының баламалы нұсқаларын;
      жоба қуаттылығының есептік негіздемесін, жоба қуаттылығын игеру серпінін айқындайтын жобаның ауқымын, жобаның өңірлердің инфрақұрылымына және жиынтық (аралас) салалардың дамуына әсерін бағалауды;
      жобалық жабдықты таңдауды негіздеу, қазіргі пайдаланудағы жабдықпен технологиялық үйлесімділігі (егер ол жобаны іске асыру аясында көзделсе), "баға-сапа" арақатынасының оңтайлылығы, негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы, жабдықтарды таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықтарды қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобаға қойылатын технологиялық және техникалық талаптарды белгілейтін жобаның сапа стандартын пайдалануды;
      инженерлік құрылыстар жобаларын, яғни қолда бар көлік кіреберіс жолдары мен құралдарын, электр-, жылу-, сумен жабдықтау және канализацияны, сондай-ақ қойма орындарымен қамтамасыз етілуін ескере отырып жобаның қамтамасыз етуді;
      қаржыландыру көздері мен көлемдерін ескеріп (республикалық/жергілікті бюджет, заемдық қаражаттар), ұзақтығын кескіндеп көрсете отырып, іске асырылу жылдары және технологиялық кезеңдері бойынша жобаның концессия объектісін құру/жетілдіру кезеңін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
      тәуекелдiң негiзгi факторларын, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымын айқындайтын техникалық тәуекелдердi бағалауды, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды қамтуы тиіс.
      Жобалау және техникалық шешімдерді таңдаған кезде экологиялық қолайсыз әсері барынша аз, сондай-ақ жобаны іске асырудан әлеуметтік-экономикалық тиімділігі көп шешімдер таңдалады.
      16. Экологиялық бөлiм жобаның экологиялық аспектiлерiн көрсетедi.
      Бұл бөлiм:
      жобаның қоршаған орта жай-күйiне әсерiн бағалауды, жобаны iске асырудан тиетiн экологиялық залалды сандық бағалауды және оның зиянды әсерiн азайту жөнiндегi болжамды iс-шараларды;
      өңір саясаты тұтастай елдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін жобада ұсынылған іс-шаралар және олардың сандық нәтижелері;
      тәуекелдiң негiзгi факторларын, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды көрсететiн экологиялық тәуекелдердi бағалауды қамтуға тиiс.
      Жобалық және техникалық шешімдер таңдалған кезде экологиялық нормативтерге сәйкес немесе қолданыстағы нормативтерден асатын шешімдер ғана таңдалады.
      17. Институционалдық бөлiм құқықтық негiз, басқару құрылымы және қаржы шығындарын бағалау сипатталған, жобаның әрекет ету кезеңiнде оны басқарудың схемасын қамтуға тиiс. Жобада жаңа институционалдық схема жасалған жағдайда баламалы нұсқаларды келтiре отырып, бұл схеманы жасаудың егжей-тегжейлi негiздемесiн көрсету қажет.
      Бұл бөлiмде iске асыру барысында да, инвестициялықтан кейiнгi кезеңде де жобаға қатысушылардың барлығы туралы ақпарат (толық заңды атауы, шыққан елi, ұйымдық-құқықтық нысаны, жарғылық капиталы, құрылтайшылары мен олардың қатысу үлестерi, құрылған жылы, қызметiнiң негiзгi түрлерi, осы саладағы жобаларды iске асыру тәжiрибесi), олардың өзара iс-қимылы, шығындар мен түсiмдердiң, жауапкершiлiктiң бөлiнуi, сондай-ақ институционалдық тәуекелдер (тәуекелдiң негiзгi факторлары, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымы, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шаралар) көрсетiледi.
      18. Қаржылық бөлiм жобаны қаржыландырудың баламалы схемалары мен көздерiн, қаржы шығындары мен кiрiстердi, жобаны іске асыру барысына инфляцияның әсерін бағалауды, сонымен қатар қаржылық тиімділігін, жобаны іске асырудың қаржылық моделін бағалауды  қамтиды.
      Бұл бөлiм мыналарды:
      жалпы инвестициялық шығындарды, қаржыландыруға қажеттiлiктiң жоба кезеңдерi бойынша бөлiнуiн;
      жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру көлемі (болған жағдайда);
      өндiрiстiк шығындардың (пайдалану шығындары) есебiн;
      мыналарды қамтитын жобаны қаржылық талдау:
      өнiмнiң, тарифтің, өнімді (қызметті) өткізу бағасының өзiндiк құнының есебiн;
      сатудан түсетiн кiрiстердiң есебiн, бөлiнбеген және таза пайданың есебiн;
      ақша қаражаты ағынының жиынтық есебiн;
      қаржылық бағалаудың қарапайым әдiстерiнiң көмегiмен жобаны талдауды, соның ішінде өзiн-өзi ақтау мерзiмiнiң, қарапайым пайда нормасының, берешектi өтеу коэффициентiнiң есебiн;
      дисконттау әдiстерiнiң көмегiмен жобаны талдауды - дисконтталған таза кiрiстiң (NPV), iшкi пайда нормасының (IRR), дисконтталатын түсiмдер мен шығындар қатынасының (В/С), дисконтталған өтелу мерзiмiнiң есебiн;
      белгiсiздiк жағдайларындағы, соның ішінде негiзгi өлшемдер (өткiзу көлемi, өткiзу бағасы, тiкелей шығындар) бойынша сезiмталдықты, жобаның шығынсыздығын талдауды;
      жобаның өтімділігін талдауды қамтитын қаржылық талдауды (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін  мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеген кезде жүзеге асырылады).
      бюджет қаражатын алушылар болып табылатын жобаға қатысушылардың ағымдағы қаржылық жай-күйiн;
      қаржыландыру схемасын, көздерiн (республикалық/жергілікті бюджет, заемдық қаражаттар), шарттарын және олардың баламалы нұсқаларын талдауды;
      тәуекелдiң негiзгi факторларын, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды айқындайтын қаржылық тәуекелдердi бағалауды қамтуға тиiс.
      19. Экономикалық бөлiм жобаның тұтастай республика (өңiр) экономикасы тұрғысынан талдануын көрсетедi.
      Бұл бөлiм:
      жобамен бiрге және жобасыз экономикалық жағдайды талдауды;
      экономикалық түсiмдер мен шығындарды бағалауды, соның iшiнде нәтижелердi, салдарлар мен әсерлердi, шығындардың тиiмдiлiгiн және өлшенбейтiн түсiмдердi, өсiрiлген түсiмдер мен шығындарды, тұтынушының қосымша түсiмдерiн, жобаның қайтымсыз шығасыларын, сыртқы тиiмдiлiгiн, халықаралық тиiмдiлiгiн, жанама түсiмдерiн талдауды;
      ең аз шығындарды талдауды;
      жобаның экономикалық тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң, оның iшiнде экономикалық дисконтталған таза кiрiстiң (ЕNPV) және экономикалық iшкi пайда нормасының (ЕIRR) есебiн қамтуға тиiс;
      жобаның бюджеттік тиімділігін есептеуді (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеген кезде жүзеге асырылады).
      20. Әлеуметтiк бөлiм жобаның (бағдарламаның) экономикалық аспектiлерiн және бенефициарлар бойынша жобаны (бағдарламаны) iске асырудан түсетiн түсiмдердi көрсетедi.
      Бұл бөлiм:
      жобаның халықтың әлеуметтiк-мәдени және демографиялық сипаттамалары тұрғысынан негiзделуiн;
      жобаның еңбек ресурстарын қажет етуiн және оның халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етуiн;
      қажеттi бiлiктiлiгi бар еңбек ресурстарымен нақты қамтамасыз етiлуiн;
      жұмысшылар мен мамандарды оқыту және қайта даярлау бағдарламасын;
      еңбектi қорғауды және қауiпсiздiк техникасын;
      халықтың тұрмыс деңгейi көрсеткiштерiнiң есебiн (демографиялық көрсеткiштер, халықтың кiрiсi, жұмыспен қамтылу деңгейi, бiлiм деңгейiн арттыруға әсерi және т.б.);
      тәуекелдiң негiзгi факторларын, өзгерiстердiң болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдердi азайту жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды қамтитын әлеуметтiк тәуекелдердi бағалауды қамтуға тиiс.
      21. "Жалпы қорытындылар" бөлiмінде жобаның негiзгi жетiстiктерi мен кемшiлiктерi, жобаны iске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау жөнiндегi қорытындылар мен логиканың сипаты, жоба бойынша негiзгi тәуекелдер, басқа да қорытындылар көрсетiледi.
      22. Жобаның ТЭН-не қосымшалар: жобаны iске асырудың қарастырылып отырған әрбiр нұсқасы бойынша қаржы-экономикалық модельдердi, шығыстар, серпiндер кестесiн, өтелу кестесiн, диаграммаларды, суреттердi, орналасатын жер картасын және жобаның ТЭН-де көрсетiлген ақпаратты растайтын және ашатын басқа да материалдар мен құжаттарды қамтуға тиiс.
      23. Жер учаскелерін пайдалануды көздейтін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру туралы шешімдері ұсынылуы қажет.
      24. Жаңадан құруды немесе қайта құруды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке арналған құқықты бекітетін құжаттар көшірмесі ұсынылуы тиіс.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН сараптамасына қойылатын талаптар

      25. Осы Талаптар оның ТЭН әзірлеу аясында жүргізілген бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың экономикалық сараптама жүргізу кезінде пайдалануға ұсынылады.
      26. ТЭН экономикалық сараптама жүргізуге ұсынылған ТЭН жобасының және жобалардың ерекшелiгiне байланысты талап ететiн оң сараптамалар қорытындылары, атап айтқанда:
      1) мемлекеттік ведомстволық емес құрылыс сараптамасының;
      2) салалық орган сараптамасының;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасының;
      4) банктiк сараптаманың;
      5) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілеттi орган сараптамасының негiзiнде жүргiзіледi.
      27. Құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік ведомстволық емес құрылыс сараптамасының, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы, жер учаскелерін таңдау актісі, техникалық шарттар талап етіледі.
      Ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы қажет.
      Инновациялық және/немесе ғарыштық қызметті болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қажет.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар бойынша банктік сараптама қорытындысы қажет.
      Жоба ерекшелігіне тәуелді қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болып табылатын басқа да сараптамалар енгізіледі.
      28. Экономикалық сараптауды жүргізген кезде сарапшы жобаны экономикалық сараптау қорытындысының үлгі құрылымын басшылыққа алады.
      29. Бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық сараптау қорытындысының үлгі құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
      инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;
      жоба бойынша құжаттама құрамын бағалау;
      жобаның бюджеттік инвестициялау басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
      жобаны маркетингтік талдауды бағалау;
      техникалық-технологиялық шешімдерді бағалау;
      жобаны экологиялық бағалау;
      жобаны институционалдық бағалау;
      жобаны қаржылық бағалау;
      жобаны экономикалық бағалау;
      жобаны әлеуметтік бағалау;
      қорытындылар мен ұсынымдар.
      30. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы:
      жобаның атауын;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы (жобаға өтінім берушінің) жобаның мақсатын;
      жобаны іске асыру мерзімін;
      жобаның ауқымын, соның ішінде жобаның қуатын;
      жобаның жалпы құнын;
      жобаны қаржыландыру көздері мен нысанын қамтуға тиіс.
      31. "Жоба жөніндегі құжаттама құрамын бағалау" бөлімі:
      экономикалық сараптама жүргізген кезде назарға алынған құжаттар мен материалдарды;
      ұсынылған құжаттардың құрамына байланысты ескертулерді қамтуға тиіс.
      32. Жобаның Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен айқындалған бюджеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкестігін бағалау.
      33. "Жобаны маркетингтік талдауды бағалау" бөлімі:
      сұранысты (оның үрдістерін), жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімдер (қызметтер) көлемдері мен бағаларын көрсете отырып, бәсекелестердің бағаларын немесе жобаның әлуеметтік-экономикалық қажеттігін бағалауды;
      шикізат, материалдар рыноктарын және жобаның жұмыс істеуімен байланысты өндірістің басқа факторларын талдауды бағалауды;
      жобаны іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағаларын талдауды бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын коммерциялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      34. "Техникалық-технологиялық шешімдерді бағалау" бөлімі:
      шикізат көздері мен жеткізушілеріне, өнім мен қызметтерді тұтынушыларға, инженерлік-көліктік инфрақұрылымға (теміржол магистралдарына, автокөлік жолдарына, құбыр желілеріне, энергия көздеріне және т.б.) мен байланысқа жақындығына және географиялық ерекшелігі мен баламалы нұсқаларына қатысты бағалауды көрсете отырып, орналасатын жерді таңдауды бағалауды;
      жобалық қуатының, жобалық қуаттарды игеру серпінінің есептік негіздемесін қамтитын жобаның ауқымын бағалауды;
      жобаны іске асыру схемасын және оның баламалы нұсқаларын бағалауды;
      әлемдік стандарттарға сәйкестігін, қолданылып жүрген жабдықпен технологиялық сәйкестігін айқындайтын жабдықты таңдауды және ұсынылған баламалы нұсқаларын бағалауды;
      жобаның іске асыру кестесін (технологиялық кезеңдерін) бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды қамтитын техникалық-технологиялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      35. "Жобаны экологиялық бағалау" бөлімі:
      экологиялық нұқсанды бағалауды, зиянды әсерін азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды қамтитын жобаның қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды қамтитын экологиялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      36. "Жобаны институционалдық бағалау" бөлімі:
      жобаны басқару схемасын, функцияларды, шығындар мен пайданы, жауапкершілікті жобаға қатысушылар арасында бөлуді қамтитын жобаны іске асырудың институционалдық схемасын бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын институционалдық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      37. "Жобаны қаржылық бағалау" бөлімі:
      жалпы инвестициялық шығасылардың есептелуін бағалауды;
      пайдалану шығасыларының есептелуін бағалауды;
      қаржыландыру схемасын, оның ішінде жоба кезеңдері бойынша бағалауды, сондай-ақ қаржыландыру шарттарын, көздерді, қаржы қаражатын қажет етуді бағалау;
      өнімнің өзіндік құнының есептелуін бағалауды;
      ақша қаражаты ағынының жиынтық есебін, жобаны қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерінің көмегімен талдауды, өтелу мерзімін, қарапайым пайда нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеуді, дисконттау әдістерінің көмегімен талдауды, жобаның таза ағымдағы құнын, ішкі өтелу нормасын есептеуді, жобаны дисконттау әдістерінің көмегімен талдауды - дисконтталған таза кірісті (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (ІRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың қатынасын (В/С), дисконтталған өтелу мерзімін есептеуді қамтитын қаржылық тиімділік көрсеткіштерінің есептелуін бағалауды;
      жобаның сезімталдығын және зиянсыздығын талдауды қамтитын белгісіздік жағдайларындағы талдауын бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын қаржылық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      38. "Жобаны экономикалық бағалау" бөлімі:
      экономикалық ахуалды жобамен және жобасыз талдауын бағалауды;
      нәтижелерді, салдарлар мен әсерлерді талдауды, шығындардың тиімділігін талдауды және өлшенбейтін түсімдерді, өсірілген түсімдер мен шығындарды, тұтынушының қосымша түсімдерін, жобаның сыртқы әсерін, халықаралық әсерін қамтитын экономикалық түсімдер мен шығындарды бағалауды;
      ең аз шығындарды талдауды бағалауды (баламалы нұсқалар);
      экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің, оның ішінде экономикалық дисконтталған таза кірістің (ЕNPV) және экономикалық ішкі пайда нормасының (ЕІRR) есебін;
      жобаның бюджеттік тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады).
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      39. "Жобаны әлеуметтік бағалау" бөлімі:
      қажетті біліктілігі бар еңбек ресурстарымен нақты қамтамасыз етілуін талдауды және жұмысшылар мен мамандарды оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру қажеттігін қоса алғанда, еңбек ресурстарының қажеттілігін айқындауды;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік маңызы, оның ішінде демографиялық көрсеткіштерді, халықтың кірістерін, жұмыспен қамтылу деңгейін, білім деңгейінің жоғарылауына әсерін және т.б. бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын әлеуметтік тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
      40. "Қорытындылар мен ұсынымдар" бөлімі:
      жалпы ұсынымдарды;
      жоба бойынша негізгі басымдықтар мен кемшіліктерді;
      жоба бойынша теріс немесе оң қорытындыны қамтуға тиіс.
      41. Жобаның ТЭН-ні жоба ерекшелігіне байланысты, осы Талаптардың 26-тармағында көрсетілген тиісті сараптамалардың оң қорытындыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып міндетті түрде түзетілуі тиіс.

                                            Қазақстан Республикасы
                                           Экономика және бюджеттік
                                           жоспарлау министрінің м.а.
                                           2009 жылғы 2 наурыздағы
                                               N 30 бұйрығымен
                                                  бекітілген

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық–экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – жобаның ТЭН) әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін жобаның ТЭН әзірлеген кезде осы талаптар сақталуы тиіс.
      3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін жобаның ТЭН сараптау жүргізген кезде осы талаптар сақталуы тиіс.
      4. Оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде концессиялық жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру бойынша барынша орынды маркетингтік, техника-технологиялық, қаржы, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, концессиялық жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық салдарларын айқындау, ТЭН қабылданған шешімдерді ескере отырып, оны іске асыру жөніндегі тәуекелдерді бағалау, мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерін, сондай-ақ жобаны іске асырудың мемлекеттік бюджетке әсерін айқындау жобаның ТЭН әзірлеудің мақсаты болып табылады.
      5. Жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық орындылығын айқындау жобаның ТЭН сараптаудың мақсаты болып табылады.
      6. Жобаны экономикалық сараптаудың нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.
      Экономикалық сараптаудың оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны осы талаптарға жауап беретін және белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерді растайтын, сондай-ақ жобаны іске асырудың жүзеге асырылымдығы және тиімділігінің алғы шарттары бар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне ұсынылады.
      Экономикалық сараптаудың теріс қорытындысы оны экономикалық талдауды бағалау нәтижесі жобаны іске асырудың жүзеге аспайтындығын және/немесе тиімсіздігін көрсететін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне беріледі.
      Жобаның ТЭН құрылымы және/немесе мазмұны осы талаптарға сәйкес болмаған жағдайда қайта түзеуге жолданады.
      7. Жоба ТЭН экономикалық сараптауды жүргізудің мақсаты жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық дұрыстығын айқындау болып табылады.

2. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге қойылатын талаптар

      8. ТЭН жобасында ұсынылған нұсқалардың балама пысықтаулары, есептеулері, соның ішінде жоспарлық шешімдері, инвестицияларды енгізудің тиімділігі бойынша есептеулер, сонымен қатар салу (қайта салу) және пайдалану кезіндегі әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдар көрсетілуі қажет.
      9. Жобаны концессия схемасы бойынша іске асыру мақсатында инвестицияларды салудың экономикалық тиімділігі тиісті есептеулермен және егер ондайлар бар болса ұқсас жобалармен салыстырумен расталуы тиіс.
      10. ТЭН әзірлеудің негізгі міндеттері:
      жобаның концессия схемасы іске асырымдылығын бағалау – қолда бар барлық техникалық, қаржылық, экономикалық және басқа да сипаттағы шектеулерді ескере отырып, жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі;
      концессиялық жобаның абсолютті тиімділігін бағалау – шарттың орындалуын тексеру:
      қол жеткізілетін нәтижелердің мәні талап етілетін шығындардың мәнінен (ресурстық шығыстардан) жоғары;
      қаржыландыру көздері бойынша жобаны іске асырудың баламалы нұсқауларын бағалау – жобаны концессия негізінде іске асыруды жобаны іске асырудың ең орынды нұсқасы ретінде дәйектеу мақсатында жобаны іске асырудың балама нұсқаларын салыстыру;
      11. Жобаның ТЭН-нің мазмұны мынадай құрылымға сәйкес келуі тиіс:
      жобаның түйіндемесі;
      кіріспе;
      маркетингтік бөлім;
      техникалық-технологиялық бөлім;
      нормативтік құқықтық бөлім;
      экологиялық бөлім;
      институционалдық бөлім;
      қаржылық бөлім;
      тәуекелдерді бағалау;
      экономикалық бөлім;
      әлеуметтік бөлім;
      мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшері, оның мемлекеттік бюджетке әсері;
      жоба бойынша жалпы қорытындылар;
      қосымшалар.
      12. Жобаның ерекшелігіне қарай, ТЭН шеңберінде қабылданған шешімдерді барынша егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер мен кіші бөлімдер қосылады.
      13. Жобаның түйіндемесінде жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады және бастапқы құжаттама және жобалық шешімдердің ТЭН-і шеңберінде негізделген мемлекеттік қолдау шараларын ескеріп немесе ескерусіз жобаны концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру қажеттілігі жөніндегі басты қорытындылар көрсетіледі.
      Жоба түйіндемесі мыналарды қамтуы тиіс:
      жобаның атауы;
      жобаның іске асырылатын орны;
      ұлттық валютадағы және жоба ТЭН-нің шеңберінде есепке алынған шетелдік валютадағы жобаның жоспарланған жалпы құны;
      жобаның ауқымы;
      жобаның қуаты;
      әрбірінің құнын көрсете отырып жобаның компоненттері;
      жобаның мақсаты мен міндеті, оның ішінде, сандық мәні;
      концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар;
      жылдар бойынша бөлінген болжанып отырған қаржыландыру көздері;
      іске асыру кезеңдері жылдарға бөлінген жобаны іске асыру мерзімі;
      мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшері;
      сандық мәнде жобаны іске асырудың негізгі нәтижелері: әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер, қаржылық көрсеткіштер, мемлекеттік бюджетке әсері.
      14. "Кіріспе" бөлімінде жобаның сыртқы ортасы, оның ішінде, жобаны іске асыру болжанып отырған қазіргі әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, құқықтық және басқа да жағдайлар баяндалады.
      Бөлімде концессиялық жобаны іске асыру кезеңіне арналған және дайындық кезеңін, концессия объектісін құру (қайта жаңғырту) кезеңін, концессия объектісін пайдалану кезеңін, халықтың өмір сүру деңгейін, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін, инвестициялық климат және жобаның болжанатын орналасқан жерін, әсер ету саласын сипаттайтын басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын қазіргі және болжанатын көрсеткіштер көрсетіледі.
      Бұл бөлімде концессия схемасы бойынша жобаны іске асыруды шешетін саланың проблемасы айқындалады, сондай-ақ осы проблеманы шешудің баламалы нұсқалары көрсетіледі (жоба ТЭН-нің әрбір келесі бөлімдерінде салыстырмалы талдау жүргізілетін концессиялық жобаның мақсатына қол жеткізу).
      15. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын өнімге деген сұраныстың ағымдағы және перспективадағы (концессиялық жобаны іске асыру мерзімінде) конъюнктурасын талдауды және бағалауды және тұтынылатын өндіріс факторларының ұсыныстарын көрсетеді.
      Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
      сұранысты (оның тенденцияларын) талдау мыналарды қамтиды:
      тұтынушылар санаты бойынша жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін (ұсынылатын) өнімдердің (қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларды талдау;
      тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы ахуалды ескере отырып, өндірілетін (ұсынылатын) өнімдердің (қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларды талдау;
      сұраныстың сандық өлшемдерін, оның тенденцияларын және өнім (қызметтер) бағаларын бағалаудан немесе қызметтер бойынша қажеттіктерді бағалаудан тұратын жобаның әлеуметтік-экономикалық пайдаларын талдау;
      осы саладағы қолданыстағы, ұқсас немесе балама объектілерді олардың жоба алдындағы басымдықтары және кемшіліктері тұрғысында салыстырмалы талдау;
      бұрын бағасы дотациялық немесе тегін болған өнім (қызмет) бағасымен бірге өнім (қызмет) бірлігін өндіру үшін ықтимал тұтынушылардың төлеу дайындығын (мүмкіншілігін) салыстырмалы талдау;
      өнім (қызмет) бірлігі үшін тиімді (әлеуметтік-әділетті) бағаны талдау;
      өндірушілер және жеткізушілер, олардың бағаны қалыптастыруы, өнімді жеткізудің сапасы мен шарттары бойынша салыстырмалы талдауды қамтитын жоба шеңберінде тұтынылатын шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау;
      концессияға беруге ұсынылатын объектіні құру/қайта жаңғырту, пайдалану кезеңдерінде тиісті біліктіліктегі еңбек ресурстарымен жобаның қамтамасыз етілуін сондай-ақ шетел мамандарын тарту негіздемесін талдау;
      өнімді (тауарды/қызметті) өткізуге жәрдемдесу жөніндегі ұсынылатын іс-шаралар, өнімді (тауарды/қызметті) табиғи бірлікте сату бағдарламасы.
      Әрбір кіші бөлімде ақпараттың қолданылатын көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есептермен бірге маркетингтік зерттеу өткізу әдістемесі көрсетіледі.
      16. Техникалық-технологиялық бөлім жоба құрамын, жобаның өлшемдері мен компоненттерін айқындайтын жоба бойынша техникалық-технологиялық шешім сипатталған, оның ішінде, концессия схемасы бойынша жобаны іске асыруға арналған оңтайлы жобалық шешімдерді айқындайтын процесті көрсетеді.
      Бөлім мынаны қамтуы тиіс:
      таңдалған үздік жобаны іске асыру нұсқасын негіздеумен бірге техникалық-технологиялық шешімдерді сипаттау және салыстырмалы талдау;
      шикізат көздері мен ықтимал өнім берушілерге, өнім (тауар/қызмет) тұтынушылары мен көлік магистраліне жақындығына, географиялық ерекшеліктеріне қарай жобаны іске асыру орнын таңдауды негіздейтін жобаны іске асырудың таңдап алынған орнын негіздеу;
      қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді есепке ала отырып, жобаның қуатын есептік негіздеу;
      жоба іске асырылатын өңірлердің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
      жобалық жабдықты таңдауды негіздеу, оның ішінде, қазіргі пайдаланудағы жабдықпен технологиялық үйлесімділігі (егер ол жобаны іске асыру аясында көзделсе), "баға-сапа" арақатынасының оңтайлылығы, негізгі құралдар амортизациясы, жабдықтарды таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықтарды қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды, сапа стандартын пайдалануы;
      жобаның қолда бар көліктік кіреберіс жолдары мен құралдарын, электр, жылу, сумен жабдықтау мен кәріздерді, сондай-ақ қойма үй-жайларымен қамтамасыз етілуін ескере отырып жобаның инженерлік құрылыстарының іске асырылуының қамтамасыз етілуі;
      уақытпен жоба бойынша іс-шаралар ұзақтығы мен дәйектілігін кескіндеп көрсете отырып, іске асырылу жылдары және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалануын және концессияға беруге ұсынылған объектіні құру/қайта жаңғырту кезеңін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
      Жоба бойынша техникалық шешімдерді таңдаған кезде, бірінші кезекте экологиялық қолайсыз әсері барынша аз немесе теріс экологиялық әсері жоқ, сондай-ақ жобаны іске асырудан әлеуметтік-экономикалық әсері барынша көп шешімдер таңдалады.
      17. Нормативтік құқықтық бөлім қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жобаны концессия схемасы бойынша іске асыру мүмкіндігін, концессионерлерге мемлекет меншігі объектілерінің жаңасын құру (құрылысын салу) немесе қолданыстағыларын қайта жаңғырту объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында кейіннен концессияға беруге байланысты туындайтын азаматтық-құқықтық қатынастарды, уақытша иелену және пайдалану құқығын беруді қамтиды.
      18. Қоршаған ортаны қорғау бөлімі жобаны іске асыру аясында қабылданған техникалық шешімдерінің іске асырылуының қоршаған ортаға әсерінің экологиялық қырларын және олардың бекітілген экологиялық нормаларға сәйкестігін көрсетеді.
      Қоршаған ортаға әсерді бағалау ТЭН–де тиісті Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құжатына және табиғат қорғау қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілермен орындалады.
      Осы бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
      жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалауды, жобаны іске асырудан болатын сандық бағалауды және оның зиянды әсерін азайту бойынша болжамды іс-шараларды;
      өңірдің де, сондай-ақ тұтастай Қазақстан Республикасының экологиялық ахуалын және олардың сандық мәндегі нәтижесін әзірлеуді жақсарту үшін жобада болжанған іс-шаралар.
      Жоба аясында техникалық-технологиялық шешімдерді таңдаған кезде бекітілген экологиялық нормативтер талаптарына сәйкес шешімдер таңдап алынуы керек.
      19. Институционалдық тарау оның өмірлік циклы бойында жобаны іске асыруға қатысушылардың барлығы жөніндегі ақпаратты және олардың функцияларын, сондай-ақ қаржылық шығыстарды бағалаумен бірге басқару құрылымын көрсететін институционалдық схемасын көрсетеді.
      Осы тарау мыналарды қамтуы тиіс:
      жобаны іске асыру бойынша әр кезеңде іс-шараларды егжей-тегжейлі сипаттау (жобаны іске асыру жоспары):
      даярлық, концессия объектілерін құру/жетілдіру кезеңі, концессия объектісін пайдалану кезеңі;
      іске асырудың әр кезеңінде жобаны басқару, басқару құрылымының, басқарудың оңтайлы сызбасын әзірлеу сызбасының балама нұсқаларын салыстырмалы талдау;
      олардың жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын функцияларын, тікелей және жанама пайда алушыларды көрсете отырып әр кезеңде жобаны іске асыруға қатысушылар мен тараптарды айқындау;
      жобаның орнықты жұмыс істеуі мен табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін әлеуетті концессионерге қойылатын талаптар мен сипаттамаларды айқындау.
      20. Қаржы тарауы, оның ішінде жобаны іске асырудың қаржылық үлгісі, жобаны қаржыландырудың баламалы сызбасы мен көздерін бағалауды, инфляцияның жобаның іске асырылуына әсерін есепке алуды, қаржылық тиімділікті бағалауды, жобаның ТЭН аясында қабылданған жоба бойынша қаржылық шешімдерді ашып көрсетеді.
      Осы тарау мыналарды қамтуы тиіс:
      жалпы инвестициялық шығындарды есептеуді, жобаның сатылары бойынша қаржыландыру қажеттігін таратуды, концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру кезеңдері бойынша қаржыландыру жоспарын;
      пайдалану шығынын, өндірістік шығынды, ағымдағы ұстау шығыстарын (пайдалану шығыны) есептеуді;
      өнімнің, тарифтің, өнімнің өткізу бағасының өзіндік құнын есептеуді;
      жылдар бойынша индексацияны есепке ала отырып, қаржылық үлгі аясында қаралған өнімді ақылы негізде берген жағдайында салыстырмалы талдау және оңтайлы тарифті (бағаны) айқындауды және оңтайлы баға деңгейін анықтау, егер жобаны концессия схемасы бойынша іске асырғандағы тауар өндірілген жағдайда;
      сауда-саттықтан түскен кірісті есептеу, бөлінбеген және таза пайданы есептеуді;
      ақша қаражаты ағынын есептеуді, пайда мен шығындар туралы есепті;
      инфляция есебін, валюта бағамын, дисконт нормасын және тәуекелге түзетуді айқындауды;
      дисконттау әдісінің көмегімен жобаны (бағдарламаны) талдау, оның ішінде келтірілген таза кіріс есебі ( Net Present Value - NPV ), пайдалылықтың ішкі нормасы ( Internal Rate of Return , IRR ), дисконттық пайда мен шығыстардың қатынасы, өзін өзі ақтаудың дисконттық мерзімін;
      инвестициялық жобаның меншікті қаржылық тиімділігін есептеуді;
      жобаны жүз пайыз мемлекеттік бюджеттен, мемлекеттік қарыз тарту есебінен немесе концессия негізінде іске асырғандағы қаржыландырудың сызбаларының, көздерінің, жағдайларының балама нұсқаларын салыстырмалы талдауды;
      концессияның тиімді мерзімін анықтауды;
      жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолдануға жарамды параметрлерін анықтауды;
      залалсыздық шегін есептеуді;
      осындай шығыстарды кім және қашан қаржыландырылатынын нақты айқындай отырып, пайдалану шығыстарын қаржыландыру көздерін.
      Тарауда көрсеткіштерді есептеу тәртібі (формулалар көрсетілген), қабылданған жол берулер ашып көрсетілуі тиіс. Деректер мен есептер мәтіндік түсіндірмесі бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде ұсынылады.
      Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланыстырылған және экономикалық ойша тұжырымдалып қорытындыланған салыстырмалы кестеде ұсынылуы тиіс. Талдау халықаралық практиканы ескере, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып математикалық үлгілеумен негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
      21. "Қауіп-қатерлерді бағалау" бөлімі әрбір кезеңде іске асырылуға қабілетті әртүрлі қауіп қатерлерді көрсетеді: дайындық, концессия объектісін құру/жетілдіру кезеңі, концессия объектісін пайдалану және жобаның сыртқы жағдайларына байланысты кезең.
      Бұл бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын коммерциялық қауіп-қатерлерді бағалау;
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын әлеуметтік қауіп-қатерлерді бағалау;
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын экономикалық қауіп-қатерлерді бағалау;
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын техникалық қауіп-қатерлерді бағалау;
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын қаржылық қауіп-қатерлерді бағалау;
      жобаға қатысушылар арасындағы қауіп-қатерлерді бөлудің салыстырмалы талдау;
      қауіп-қатерлердің негізгі факторларын, болжамды сипаттаманы және өзгерістер өрісін, қауіп-қатерлерді төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен конседент үшін ерекше қауіп-қатерлерді бағалау;
      белгісіздік жағдайларындағы талдау, оның ішінде, негізгі өлшемдер (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығасылар) бойынша сезімталдықты талдау, оның ішінде, өлшемдер өзгеруінің жол берілетін шекті мәнін айқындау.
      Қауіп-қатерлерді бағалау қазіргі заманғы үлгілеу негізінде есептелуі тиіс.
      22. Экономикалық бөлім жобаның жалпы Қазақстан Республикасының (облыстың, өңірдің) экономикасына әсерін білдіреді (макроэкономикалық талдау):
      саладағы ахуалды және оның жобасыз даму перспективаларын талдауы, негізгі салалық көрсеткіштердің (өнімдерді (қызметтердің) өндіру көлемі, жалпы сыртқы өнімнің (жалпы өңірлік өнімнің) құрылымындағы саланың үлесі, салаға инвестициялардың көлемі және мәндері және олардың болашақтағы болжамды мәні көрсетуі тиіс;
      жобаның іске асырылуын ескере отырып, саланың даму келешегін талдау негізгі салалық көрсеткіштердің (өнімдердің (қызметтердің) өндіру көлемі, жалпы сыртқы өнімнің (жалпы өңірлік өнімнің) құрылымындағы саланың үлесі, салаға инвестициялардың көлемі және мәндері және олардың болашақтағы болжамды мәні көрсетуі тиіс;
      жобамен және жобасыз ахуалды салыстырмалы талдау;
      таза қоғамдық пайдалардың, экономикалық таза келтірілген кірістің ( expected net present value – ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормаларының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерінің есебі;
      жобаны іске асырудың аралас салалардың дамуына әсерін талдау;
      жалпы жоба үшін және жоба нәтижелерінің, салдарының және әсерінің талдауын, шығындар тиімділігінің және өлшенбейтін пайдаларының, ұлғайған пайдалары мен шығындарының, тұтынушының қосымша пайдаларын, қайтарусыз шығасылардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаның жанама пайдаларының талдауды қамтитын тура және тікелей пайда табушылар үшін пайдалар мен шығындарды талдау;
      жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты толықтыруға, инновациялар дамуына әсерін талдау;
      ағымдағы бағалардағы және өткен жылғы салыстырмалы бағалардағы тікелей макроэкономикалық әсердің есебі;
      ағымдағы бағалардағы және өткен жылғы салыстырмалы бағалардағы жанама макроэкономикалық әсердің есебі;
      ағымдағы бағалардағы және өткен жылғы салыстырмалы бағалардағы жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
      жобаның экономикалық тиімділігінің жылдық индексінің есебі;
      жобаның экономикалық тиімділігінің интегралдық индикаторларының есебі;
      жобаны іске асырудың макроэкономикалық тиімділігінің есебі.
      23. Әлеуметтік бөлім жобаның әлеуметтік аспектілерін және жобаны іске асырудан түсетін әлеуметтік пайдаларды көрсетеді.
      Бұл бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
      өңірдегі әлеуметтік ахуалды және жобасыз даму перспективаларын талдау, Қазақстанның және жоба іске асыру болжанатын өңірдегі халықтың өмір сүру деңгейінің (халықтың кірістері, жұмыспен қамтылу деңгейі) негізгі көрсеткіштерінің мәндері, және олардың соңғы үш жылғы серпіні мен болашақтағы болжамды мәні көрсетілуі тиіс;
      жобаның іске асырылуын ескере отырып, әлеуметтік ахуалдың даму перспективаларын талдау;
      халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамалары тұрғысынан жобаның негізділігін талдау, оның ішінде, жоба концессия схемасы бойынша іске асырылғандағы халықтың өнімдерді (тауарды/қызметті) тұтынғандығы үшін төлеуге дайындық мәселелерін зерттеу;
      жобаның қызметкерлердің санаттары бойынша еңбек ресурстарына мұқтаждығы, әрбір кезеңде олардың біліктіліктеріне қойылатын талаптар және оның Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуына әсері;
      жобаны іске асыру аясында оқыту бағдарламалары және жұмысшылар мен мамандарды қайта даярлау;
      еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормалары;
      әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту орындылығын (қажеттілігін) талдау;
      жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) қажеттілігін талдау/бағалау.
      24. "Мемлекеттік қолдаудың түрі мен көлемі, бюджетке ықпал етуі" бөлімінде жобаның ТЭН негізделетін концессионердің қызметін мемлекеттік қолдаудың мүмкін болатын түрлері мен мөлшері, ұлттық валютадағы көлемін және жобаны іске асырудың мемлекеттік бюджетке әсерін көрсетумен бірге мемлекеттік қолдаудың берілген түрін ұсыну тиімділігі көрсетіледі.
      Бөлім келесілерді:
      мемлекеттік қолдау түрлерін таңдау негізін, мемлекеттік қолдаудың оңтайлы мөлшерінің есебін және мемлекеттік қолдаудың пайдалылығы индексін (негізгі міндеттемелерді қоспағанда);
      дисконтты бюджеттік ақшалай ағындар есебін, бюджеттік әсерді, жобаның бюджеттік тиімділігі есебін, келтірілген таза пайданы, ішкі пайдалылық нормасын;
      қаржыландыру көздері бойынша жобаны іске асырудың баламалы нұсқаларын салыстырмалы талдау (жүз пайыз мөлшерде мемлекет бюджетінің есебінен, мемлекеттік қарыз есебінен);
      жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) ықпал ету жүктемесінің есебін қамтуы тиіс.
      25. "Жалпы тұжырым" бөлімінде жобаның негізгі құндылықтары мен кемшіліктері, жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау бойынша қисынды сипаттау және қорытындылау, басқа қорытындылар көрініс табады.
      26. Жобаның ТЭН қосымшалары жобаның ТЭН-де келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін жобаны іске асырудың қарастырылып жатқан әр нұсқасы бойынша қаржы-экономикалық үлгісі; шығыстар кестесін, динамикті өзін-өзі өтеу кестесін, диаграммаларды, суреттерді, жергілікті жерлер картасын қамтуы қажет.

3. ТЭН жобасын сараптауға қойылатын талаптар

      27. Жобаның ТЭН сараптауды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      28. Экономикалық сараптаманы (бұдан әрі - сараптама) жүргізген кезде сарапшы мына принциптерді басшылыққа алады:
      жобаның нәтижелілігі – оны жүзеге асыру тиімділігінің оң болуы, яғни қосылатын нәтижелер бағалауының жобаны іске асыру үшін талап етілетін қажет жиынтық шығындардың бағалауынан асуы;
      бара-барлық және объективтілік – оған қатысты күмәнділік және белгісіздік дәрежесін ескере отырып жоба қаралатын, объектінің құрылымы мен сипатын дұрыс көрсету;
      кешенділік – жобаны іске асырудың жан-жақты салдарын есепке алу, тек экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік, экологиялық және басқа да экономикадан тыс салалардағы салдарын және нәтижелер мен шығындардың тиісті түрлері мен өлшемдерін анықтау;
      даралық – әрбір қатысушы ұстанымымен жоба тиімділігін бағалау;
      келісушілік – ТЭН әр түрлі бөлімдерінде және ұсынылған құжаттарда көрсетілген деректер мен ақпарат өзара келісіледі;
      дұрыстығы – ТЭН бөлімдерінде ұсынылған ақпараттар мен деректер ұсынылған құжаттар мен есептеулердегі басқа сараптамалардың қорытындыларында расталған;
      негізділік – ТЭН шеңберінде қабылданған шешімдер неігізделген болып табылады;
      есептіліктің дұрыстығы – есептеу тәртібі және алынған көрсеткіштер дұрыс болып табылады.
      29. Мыналар:
      жобаны іске асырудың әлеуметтік тиімділігін концессия схемасы   бойынша талдау;
      жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігін концессия схемасы бойынша талдау;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін концессия схемасы бойынша талдау;
      мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін концессия схемасы бойынша талдау;
      жоба тәуекелдерін басқару жүйесін талдау сараптама міндеттері болып табылады.
      30. ТЭН жобасының сараптамасы ұсынылған ТЭН жобасы және жоба ерекшеліктеріне сәйкес талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындысы негізінде, атап айтқанда:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларды мемлекеттік сараптау өкілеттігін берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
      2) салалық орган сараптамасы;
      3) қоршаған ортаны қорғау салысындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасы;
      4) банк сараптамасы;
      5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның сараптамасы.
      31. Сараптаманы жүргізу нәтижесі ТЭН жобасына жүргізілген концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның сараптамалық қорытындысы болып табылады.
      32. Сараптама қорытындысының мазмұны келесі тараулардан тұрады:
      жалпы деректер;
      жоба паспорты;
      жоба бойынша құжаттама құрамын бағалау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жобаны іске асыру мүмкіншілігі;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігі;
      мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігі;
      жоба тәуекелдерін басқару жүйесі;
      жоба бойынша қорытындылар.
      33. "Жалпы мәліметтер" бөлімінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның жобаның ТЭН сараптауды жүргізудің құқықтық негізі мен мақсаты көрсетіледі.
      34. "Жоба паспорты" бөлімі мыналарды қамтиды:
      жобаның атауы;
      жобаның мақсаты;
      жобаның міндеттері, соның ішінде сандық өлшемде;
      жоспарланатын іске асыру мерзімі;
      концессиялық жобаның ұлттық валютадағы және техникалық-экономикалық негіздеме аясында есептеулер үшін қабылданған шетел валютасындағы жалпы құны;
      жобаны іске асыру аясындағы негізгі техникалық параметрлер;
      жоба компоненттері, олардың әрбіреуінің құны көрсетілген;
      жобаны іске асыру орны;
      қаржыландырудың болжанатын көздері;
      мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшері.
      35. "Жоба бойынша құжаттама құрамын бағалау" тарауы мыналардың болуын бағалауды қамтиды:
      жобаның ТЭН-де талаптарға сәйкес қажетті ақпарат;
      осы талаптардың 30-тармағына сәйкес тиісті оң сараптамалар.
      36. "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жобаны іске асыру мүмкіншілігі" тарауы жобаны Қазақстан Республикасының концессия мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамасы аясында іске асыру мүмкіншілігін талдауды қамтиды.
      37. "Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі" тарауы мыналарды талдауды қамтиды:
      жобаны іске асырудың әлеуметтік тиімділігі;
      жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі.
      Жобаны іске асырудың әлеуметтік тиімділігін талдау мыналарды талдауды қамтиды:
      жобаны іске асырудан түсетін қоғамдық пайда;
      еңбек ресурстарындағы қажеттілік;
      халықтың өнімді (тауарды/қызметті) тұтынғаны үшін төлеу дайындығы;
      жобаны іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және қайта дайындау;
      жобаны іске асырудан туындайтын әлеуметтік әсер ескеріледі.
      Жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігін талдау мыналарды талдауды қамтиды:
      концессионер түпкілікті тұтынушыларға ұсынуға жоспарлайтын тауарларға (қызметтерге) деген сұраныс және ұсыныс;
      жобаны іске асырғандағы концессионердің тауарды (қызметті) өндіруінің экономикалық қажеттігі;
      саладағы "жобамен" және "жобасыз" жағдайлар;
      жобаны іске асырудың аралас салалардың дамуына әсері.
      38."Жобаның коммерциялық тиімділігі" бөлімі:
      жобаның ТЭН шеңберінде қаржылық модельді талдауды;
      жобаның ТЭН шеңберінде анықталған оңтайлы тарифті (бағаны) талдауды;
      жобаны қаржыландырудың көздері мен шарттарын талдауды қамтуы тиіс.
      39. "Мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігі" бөлімі:
      жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) әсерін;
      жобаның ТЭН аясында қаралатын мемлекеттік қолдаулардың тиісті қаржылық жылға белгіленген лимиттерінің аясында жобаны іске асыру мүмкіншілігін талдауды;
      жобаның ТЭН көрсетілген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшерін көрсетудің қажеттілігі мен мүмкіншілігін талдауды қамтуы тиіс.
      40. "Жоба тәуекелдерін басқару жүйесі" бөлімі:
      жоба тәуекелдерін айқындауды талдауды;
      жоба тәуекелдерін сапалық және сандық бағалауды талдауды;
      жоба тәуекелдерін бөлуді талдауды;
      жоба тәуекелдерін төмендету немесе алдын алу бойынша іс-шараларды талдауды қамтуы тиіс.
      41. "Қорытындылар мен ұсынымдар" бөлімі:
      жалпы ұсынымдарды;
      жоба бойынша негізгі басымдықтар мен кемшіліктер;
      жоба бойынша оң немесе теріс қорытындыны;
      концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың көлемдерін;
      ұсынымдық тарифтерді қамтуы тиіс.
      42. Жобаның ТЭН осы талаптардың 30-тармағында көрсетілген тиісті оң сараптамалық қорытындылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, оның ерекшелігіне тәуелді міндетті түрде түзетілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады