Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3186. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 30 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009.03.02 N 30 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптар бекітілсін.
     2. Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті (Т.Б.Нұрашев) және Заң басқармасы (М.Д.Әйтенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.А.Исаевқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

"Бюджеттік инвестициялық  
жобаның (бағдарламаның)  
экономикалық сараптамасының
қорытындысына қойылатын  
талаптарды бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының 
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрі міндетін
атқарушының        
2004 жылғы 30 қыркүйектегі
N 142 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялық жобаның
(бағдарламаның) экономикалық
сараптамасының қорытындысына қойылатын
талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 150-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы қорытындысының жалпы құрылымын және мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
 

     2. Экономикалық сараптама жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу шеңберінде жүргізілген талдауды бағалау және жобаны (бағдарламаны) іске асырудың орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.
 

      3. Осы Талаптар бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) ТЭН-ін әзірлеу шеңберінде жүргізілген оларды экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
 

      4. Экономикалық сараптаманың қорытындысы осы Талаптарға сәйкес үлгілік құрылым бойынша жасалады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаның
(бағдарламаның) экономикалық сараптамасы
қорытындысының үлгілік құрылымы

      5. Инвестициялық жобаның (бағдарламаның) қысқаша сипаттамасы:
      жобаның (бағдарламаның) атауын;
      жобаға (бағдарламаға) өтінім берушіні;
      жобаның (бағдарламаның) мақсатын;
      жобаны (бағдарламаны) іске асыру мерзімін;
      жобаның (бағдарламаның) ауқымын (жобаның (бағдарламаның) қуатын);
      жобаның (бағдарламаның) жалпы құнын;
      жобаны (бағдарламаны) қаржыландыру көздері мен нысанын қамтуға тиіс.
 

      6. Жоба (бағдарлама) жөніндегі құжаттама құрамын бағалау:
      экономикалық сараптама жүргізген кезде назарға алынған құжаттарды;
      ұсынылған құжаттардың құрамы мен мазмұнына байланысты ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      7. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкестігін, яғни тиісті бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармағын көрсете отырып, жобаның (бағдарламаның) Қазақстан Республикасының (облыстың, қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған бюджеттік инвестициялар басымдықтарына, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларға сәйкестігін бағалау.
 

      8. Жобаны (бағдарламаны) коммерциялық бағалау:
      өнімге (қызметтерге) сұранысты (оның үрдістерін) және оның бағаларын талдауды (жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін (көрсетілетін) өнімнің (қызметтердің) түрлерін, көлемі мен бағаларын, бәсекелестердің бағаларын көрсете отырып) бағалауды;
      шикізат, материалдар рыноктарын және жобаның жұмыс істеуімен байланысты өндірістің басқа факторларын талдауды бағалауды;
      жобаны іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағаларын талдауды бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын коммерциялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      9. Техника-технологиялық шешімдерді бағалау:
      шикізат көздері мен жеткізушілеріне, өнім мен қызметтерді тұтынушыларға, көліктік магистральдарға жақындығына, географиялық ерекшелігіне, баламалы нұсқаларға қатысты бағалауды көрсете отырып, орналасатын жерді таңдауды бағалауды;
      жобалық қуатының, жобалық қуаттарды игеру серпінінің есептік негіздемесін қамтитын жобаның ауқымын бағалауды;
      жобаны және оның баламалы нұсқаларын іске асыру схемасын бағалауды;
      әлемдік стандарттарға сәйкестігін, қолданылып жүрген жабдықпен технологиялық сәйкестігін, баламалы нұсқаларын айқындайтын жабдықты таңдауды бағалауды;
      жобаның (бағдарламаның) құрамдауыштарын, іске асыру кестесін (технологиялық кезеңдерін);
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды қамтитын техника-технологиялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      10. Жобаны (бағдарламаны) экологиялық бағалау:
      экологиялық нұқсанды бағалауды, зиянды әсерін азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды, жоба технологиясының қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды қамтитын жобаның қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды қамтитын экологиялық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      11. Жобаны (бағдарламаны) институционалдық бағалау:
      жобаны (бағдарламаны) іске асыру схемасын, функцияларды, шығындар мен пайданы, жауапкершілікті жобаға қатысушылар арасында бөлуді қамтитын жобаны (бағдарламаны) іске асырудың институционалдық схемасын бағалауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын институционалдық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      12. Жобаны қаржылық бағалау:
      жалпы инвестициялық шығасылардың есептелуін бағалауды;
      пайдалану шығасыларының есептелуін бағалауды;
      қаржыландыру схемасын, оның ішінде жоба (бағдарлама) кезеңдері бойынша бағалауды (қаржыландыру шарттары, көздері, қаржы қаражатын қажет ету);
      өнімнің өзіндік құнының есептелуін бағалауды;
      ақша қаражаты ағынының жиынтық есебін, жобаны қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерінің көмегімен талдауды, өтелу мерзімін, қарапайым пайда нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеуді, дисконттау әдістерінің көмегімен талдауды, жобаның таза ағымдағы құнын, ішкі өтелу нормасын есептеуді, жобаны (бағдарламаны) дисконттау әдістерінің көмегімен талдауды - дисконтталған таза кірісті (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (ІRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың қатынасын (В/С), дисконтталған өтелу мерзімін есептеуді қамтитын қаржылық тиімділік көрсеткіштерінің есептелуін бағалауды;
      жобаның сезімталдығын және зиянсыздығын талдауды қамтитын белгісіздік жағдайларындағы талдауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын қаржылық тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      13. Жобаны экономикалық бағалау:
      экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз талдауды;
      нәтижелерді, салдарлар мен әсерлерді талдауды, шығындардың тиімділігін талдауды және өлшенбейтін түсімдерді, өсірілген түсімдер мен шығындарды, тұтынушының қосымша түсімдерін, қайтымсыз шығасыларды, жобаның сыртқы тиімділігін, халықаралық тиімділігін қамтитын экономикалық түсімдер мен шығындарды бағалауды;
      ең аз шығындарды талдауды (баламалы нұсқалар);
      экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің, оның ішінде экономикалық дисконтталған таза кірістің (ЕNPV) және экономикалық ішкі пайда нормасының (ЕІRR) есебін;
      сезімталдығын бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      14. Жобаны әлеуметтік бағалау:
      қажетті біліктілігі бар еңбек ресурстарымен нақты қамтамасыз етілуін талдауды және жұмысшылар мен мамандарды оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру қажеттігін қоса алғанда, еңбек ресурстарының қажеттілігін айқындауды;
      жобаны (бағдарламаны) іске асырудың әлеуметтік маңызы, оның ішінде демографиялық көрсеткіштерді, халықтың кірістерін, жұмыспен қамтылу деңгейін, білім деңгейінің жоғарылауына әсерін және т.б. айқындауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын, тәуекелдерді азайту жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын әлеуметтік тәуекелдерді бағалауды;
      бөлім бойынша ескертулерді қамтуға тиіс.
 

      15. Қорытындылар мен ұсынымдар жоба бойынша қысқаша қорытындыны, жоба бойынша негізгі жетістіктерді, кемшіліктерді, сондай-ақ жобаның оң немесе теріс баға алуын немесе одан әрі пысықтау қажеттілігін, тәуелсіз сараптама жүргізілуін айқындайтын ақтық қорытындыларды қамтуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады