"Көлік құралдарын еріксіз тоқтатуға "Кірпі" арнайы құрылғысын қолдану тәртібінің нұсқамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5605 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 842 бұйрығымен.

      Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған "Кірпі" арнайы. құрылғысын ішкі істер органдарының қызметінде қолдануды одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көлік құралдарын еріксіз тоқтатуға "Кірпі" арнайы құрылғысын қолдану тәртібінің, нұсқамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 316 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) аталған Нұсқаманы ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырып, сынақтар қабылдай отырып, практикалық сабақтар өткізілсін;
      2) белгіленген тиесілік нормаларына сәйкес "Кірпі" арнайы құрылғысын сатып алуды қамтамасыз етсін;";
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет-министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберіп оны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі О.А. Федоровқа және Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастан он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                Б. Мұхаметжанов

      "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      __________ Р. Түсіпбеков
      2009 жылғы 2 ақпан

      "Келісілді"

      Қ.Н. Қасымов

      О.А. Федоров

      Қ.Ө. Тілеубаев

      М.М. Оразалиев

      С.Т. Құсетов

      Б.Қ. Манарбаева

      Н.Қ. Нұрғазин

      Б.Ш. Есенова

      Б.Б. Қожахметов

      Ө.Т. Түсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады