"Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 275-I бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 105 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5629 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.10.2013 № 827 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 275-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1959 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы және одан әрі мәтіні "су жолдары ұйымдарының" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) оның еңбек қызметі өткен қызмет саласы мен ұйымдастыру құқықтық-нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындардағы және басқа да ұйымдардағы басшылық лауазымындағы жұмысы.";
      5-тармақтың екінші абзацындағы "кадр қызметіне" деген сөздерден кейін "немесе кадр мәселелері бойынша жауапты қызметкерге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Құсайынов

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      _____________ Г. Әбдіхалықова
      2009 жылғы 11 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады