"Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5641 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 820 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.08.2019 № 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы бойынша салық есептелігін (декларацияны) жасау ережесінде (300.00-нысан):

      16-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 300.00.12 А жолында Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша, оның ішінде қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;";

      27-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) В бағанында импорттың реттік нөмірі көрсетіледі:

      1 - өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлар импорты;

      2 – су, газ, электр энергиясының импорты;";

      37-тармағында:

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) D бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.

      Есепті кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны шектелмейді;";

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) F бағанында қосылған құн салығын есепке алмай шот-фактурада көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құндарының барлығы көрсетіледі.

      Бұл ретте Салық кодексінің 264-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беретін салық төлеушілер бұл бағанда көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) жеткізушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құнын ескере отырып, шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымның (салық салынатын және (немесе) салынбайтын) жалпы сомасын көрсетеді.

      Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беретін комиссионерлер Салық кодексінің 263-бабы 18-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, олар комиссионер сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын негізге ала отырып, комиссионер жазып берген шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымның (салық салынатын және (немесе) салынбайтын) жалпы сомасын көрсетеді;" ;

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) H бағанында есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте H бағаны егер осы бағанда көрсетілуі тиіс қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада көрсетілген сомадан аз болған жағдайда толтырылады.";

      39-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) D бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.

      Есепті кезең ішінде алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар (тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға құжаттар) тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны шектелмейді;";

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларация 870.00 - нысан) жасау ережесінде:

      16-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3-1) "Декларацияны куәландырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның лауазымды тұлғасының Т.Ә.А." жолында декларацияны куәландырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

      3-2) Декларацияны куәландыру күні.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органда Декларацияның куәландырылу күні көрсетіледі;

      3-3) "Декларацияны куәландырған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасының Т. Ә .А." жолында Декларацияны куәландырған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

      3-4) Декларацияны куәландыру күні.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында декларацияны куәландыру күні көрсетіледі;

      3-5) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның СТН-і.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның СТН-і көрсетіледі;

      3-6) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның СТН-і.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның СТН-і көрсетіледі;

      3-7) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның ЖСН (БСН)-і.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның ЖСН (БСН) - жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі.

      3-8) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ЖСН (БСН)-і.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ЖСН (БСН) - жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі.

      Жол "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі болған жағдайда толтырылуы тиіс;";

      18-тармағында:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 3-жолда салық міндеттемелерін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге негіздер бойынша пайда алушының, немесе Салық кодексінің 493-бабы 2-тармағына сәйкес құрылымдық бөлімшесін төлемақыларды дербес төлеуші деп қарауға шешім қабылдаған заңды тұлғаның - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;";

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 4-жолда салық міндеттемелерін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге негіздер бойынша пайда алушының, немесе Салық кодексінің 493-бабы 2-тармағына сәйкес құрылымдық бөлімшесін төлемақыларды дербес төлеуші деп қарауға шешім қабылдаған заңды тұлғаны ң жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;";

      4) тармақшасы", С бағанында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін табиғат пайдаланушыларға рұқсат берілетін oбъектілер санаты көрсетіледі." деген сөздерімен толықтырылсын.

      Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияға қосымша (870.01-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
№ 165 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген,
Қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлем бойынша салық
есептілігін (декларация)
жасау ережелеріне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша
декларация (қағаз мәтінінен қараңыз) Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
(Декларацияға қосымша) (қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады