Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 820 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19221 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 5 тамыздағы
№ 820 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Салық есептілігін жасау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелген, 2008 жылы шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің № 7 бюллетенінде жарияланған, "Салық есептілігін жасау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды) Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары есебін жасау ережелері (641.00-нысан) мен Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына аударымдардың есебін (651-нысан) жасау ережесі.

      2. "Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      3. "Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 165 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірде "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      4. "Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 565 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5696 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 наурызда № 31 (1827) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      5. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5697 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 наурызда № 31 (1827) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      6. "Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 және "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6110 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда № 40 (1836) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      7. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 311 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6320 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдеде № 189 (26250) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады