Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 35 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудң тізіліміне N 5686 болып енгізілді. Күші жойылды - Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен.

      Күші жойылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлiк есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2519 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 326 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3485 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 23 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4286 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы N 50 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4952 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 99 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5376 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы N 86 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      7-тармақта:
      1200   шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1200  Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін
             бағалы қағаздар";
      13-тармақта:
      7700   шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "7800  Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер
      7830   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер
      7850   Капитал
      7860   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер
      7880   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар";
      2-тарауда:
      1200   шоттар тобының және 1201 шотының атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1200  Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін
             бағалы қағаздар
      1201   Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін
             бағалы қағаздар";
      1205   шотының атауында және бұдан әрі мәтін бойынша "саудаға арналған," деген сөздер "әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелген," деген сөздермен ауыстырылсын;
      1425   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "1426  Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша
             клиентке талаптар
      1427   Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша
             мерзімі өткен берешек";
      1472   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "1473  Исламдық банктің өндірістік және сауда қызметіне
             инвестициялары";
      1756   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "1771  Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық
             қызмет бойынша есептелген кірістері
      1772   Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша
             мерзімі өткен берешек";
      2240   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "2245  Инвестициялық депозиттер";
      2870   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "2871  Қайырымдылық төлемдерінің шоты";
      4424   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "4426  Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы
             алуға байланысты кірістер
       4427    Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі
             өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер";
      4476   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "4477  Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық
             қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістері";
      4617   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "4618  Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша
             қызметтер үшін кірістер";
      4872   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "4880  Исламдық банктің өндірістік және сауда қызметін
             қаржыландырудан кірістері";
      7713   шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
      "7800  Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер
      7801   Ақша
      7802   Тазартылған қымбат металдар
      7803   Басқа банктердегі салымдар
      7804   Исламдық бағалы қағаздар
      7805   Акциялар (қатысу үлестері)
      7806   Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша
             талаптар
      7807   Сыйақы
      7808   Қорлар
      7809   Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа да құралдар
      7810   Салынып (орнатылып) жатқан негізгі құрал-жабдықтар
      7811   Лизингке (жалға) берілген негізгі құрал-жабдықтар
      7820   Басқа да талаптар
      7830   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер
      7831   Төленетін шоттар
      7832   Болашақ кезеңдердің кірістері
      7833   Басқа да міндеттемелер
      7850   Капитал
      7851   Капитал
      7860   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер
      7861   Клиенттен ақшаның түсуі
      7862   Сыйақы түріндегі кірістер
      7863   Активтерді сатып алудан-сатудан болған кірістер
      7864   Дивидендтер
      7865   Бағам айырмасы бойынша іске асырылған кірістер
      7866   Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған
             іске асырылған кірістер
      7867   Бағам айырмасы бойынша іске асырылмаған кірістер
      7868   Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған
             іске асырылмаған кірістер
      7869   Лизинг (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер
      7870   Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша
             кірістер
      7871   Басқа да кірістер
      7880   Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар
      7881   Клиенттің ақшасын алу
      7882   Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар
      7883   Активтерді сатып алудан-сатудан болған шығыстар
      7884   Бағам айырмасы бойынша іске асырылған шығыстар
      7885   Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған
             іске асырылған шығыстар
      7886   Бағам айырмасы бойынша іске асырылмаған шығыстар
      7887   Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған
             іске асырылмаған шығыстар
      7888   Негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизациялық
             аударымдар
      7889   Активтердің құнсыздануынан болған зияндар
      7890   Басқа да шығыстар";
      3-тарауда:
      1201   шотының атауында және сипаттамасында:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1201. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін бағалы қағаздар (активтік).";
      сипаттамасында "кейіннен қайта сату мақсатында банк сатып алған" деген сөздер "банк әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1205 шотының сипаттамасында және бұдан әрі мәтін бойынша "саудаға арналған" деген сөздер тиісінше "әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1425 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1426 және 1427 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "1426. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиентке талаптар (активтік).
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша исламдық банктің сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомалары клиент оларды өтеген немесе олар N 1427 баланстық шотқа жатқызылған кезде есептен шығарылады.
      1427. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек (активтік).
      Шоттың мақсаты: Сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешектерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешектерінің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешектерінің сомалары клиент оларды өтеген немесе олар баланстан шығарылған кезде есептен шығарылады.";
      1472 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1473 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1473. Исламдық банктің өндірістік және сауда қызметіне инвестициялары (активтік).
      Шоттың мақсаты: Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және/немесе әріптестік талаптарымен қаржыландыру кезінде исламдық банктің инвестицияларының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және/немесе әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және/немесе әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары есептен шығарылады.";
      1756 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1771 және 1772 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "1771. Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістері (активтік).
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомалары есептен шығарылады.
      1772. Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомалары клиент оларды өтеген немесе олар баланстан шығарылған кезде есептен шығарылады.";
      2240 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2245 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2245. Инвестициялық депозиттер (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің инвестициялық депозиттерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттен инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған сомалар, сондай-ақ инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдаланудан түскен кірістердің клиенттің пайдасына есептелетін сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша клиенттен қабылданған сомалар оларды инвестициялау немесе клиентке қайтару кезінде есептен шығарылады.";
      2870 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2871 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2871. Қайырымдылық төлемдерінің шоты (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша исламдық банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомалары есептен шығарылады.";
      4424 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4426 және 4427 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "4426. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
       Шоттың мақсаты: Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4427. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
      Шоттың мақсаты: Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4476 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4477 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "4477 Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістері
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4617 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4618 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "4618. Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызметтер үшін кірістер.
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомалары жазылады
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4872 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4880 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "4880. Исламдық банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан кірістері.
      Шоттың мақсаты: Исламдық банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан кірістерінің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      7713 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7801 – 7811, 7820, 7831 – 7833, 7851, 7861, 7862 – 7871, 7881 – 7890 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "7801. Ақша (активтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ұлттық және/немесе шетел валютасында исламдық банк қабылдаған клиенттердің ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ұлттық және/немесе шетел валютасында исламдық банк қабылдаған клиенттердің ақша сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің ұлттық және/немесе шетел валютасындағы ақша сомалары оларды инвестициялау немесе клиентке қайтару кезінде есептен шығарылады.
      7802. Тазартылған қымбат металдар (активтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен исламдық банк сатып алған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен исламдық банк сатып алған тазартылған қымбат металдардың құны немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезіндегі оның артуы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сату кезінде олардың құнын немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезінде олардың құнының кемуі есептен шығарылады.
      7803. Басқа банктердегі салымдар (активтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша исламдық банк қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша исламдық банк қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомалары оларды қайтару кезінде есептен шығарылады.
      7804. Исламдық бағалы қағаздар (активтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен исламдық банк сатып алған исламдық бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен исламдық банк сатып алған исламдық бағалы қағаздардың құны немесе исламдық бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде оның артуы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша исламдық бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнын немесе исламдық бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде олардың құнының кемуі есептен шығарылады.
      7805. Акциялар (қатысу үлестері).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен исламдық банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және/немесе әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және/немесе әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және/немесе әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары оларды сату кезінде есептен шығарылады.
      7806. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары оларды өтеу кезінде есептен шығарылады.
      7807. Сыйақы (активтік).
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге де оперциялар бойынша сыйақы (купон) түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар, салымдар және өзге де оперциялар бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасы оларды төлеу кезінде есептен шығарылады.
      7808. Қорлар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған қорлардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған қорлардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған қорлардың құны оларды сату кезінде есептен шығарылады.
      7809. Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа да құралдар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құнын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құны оларды инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алған кезде жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құны жасалынған лизинг (жалдау) шарты негізінде оларды жалға беру немесе тозумен немесе сатумен байланысты шығару кезінде есептен шығарылады.
      7810. Салынып (орнатылып) жатқан негізгі құрал-жабдықтар.
      Шоттың мақсаты: Сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде тауарды шығаруға (дайындауға) шығындардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде тауарды шығаруға (дайындауға) шығындардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығындардың құны аяқталған жұмыстардың қабылдау актілері негізінде N 7808 немесе N 7809 баланстан тыс шоттарға есептен шығарылады.
      7811. Лизингке (жалға) берілген негізгі құрал-жабдықтар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған және лизингке (жалға) берілген негізгі құрал-жабдықтардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған және лизингке (жалға) берілген негізгі құрал-жабдықтардың құны, сондай-ақ лизинг шарты бойынша алынуға тиісті төлемдердің құны оларды есептеу кезінде жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша жалға берілген негізгі құрал-жабдықтардың құны лизингтің (жалдаудың) қолданылу мерзімі аяқталған, олар тозған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша есептелген төлемдерді алған кезде есептен шығарылады.
       7820 . Басқа да талаптар (активтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде туындайтын басқа да талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде туындайтын басқа да талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да талаптардың сомалары оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығарылады.
      7831. Төленетін шоттар (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында заңды және жеке тұлғалардың алдында туындайтын міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомалары оларды өтеу кезінде есептен шығарылады.
      7832. Болашақ кезеңдердің кірістері (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдердің кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болашақ кезеңдердің кірістерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдердің кірістерінің сомалары есептеу әдісі бойынша кірістердің шотына есептен шығарылады.
      7833. Басқа да міндеттемелер (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында заңды және жеке тұлғалардың алдында туындайтын басқа да міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің сомалары оларды өтеу кезінде есептен шығарылады.
      7851. Капитал (пассивтік).
      Шоттың мақсаты: Есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарттар бойынша клиенттердің таза активтерінің сомаларын есепке алу (қаржылық нәтиже).
      Шоттың кредиті бойынша N 7860 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша N 7880 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын шығыстардың сомасы жазылады.
      7861. Клиенттен ақшаның түсуі.
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің инвестициялық депозит туралы шарттар бойынша түскен ақшасын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттен инвестициялық депозит туралы шарт бойынша түскен ақша жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттің ақшасы N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7862. Сыйақы түріндегі кірістер.
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге де активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар, салымдар және өзге де активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7863. Активтерді сатып алудан-сатудан болған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқару барысында келіп түскен және/немесе сатып алынған активтерді сатып алудан-сатудан болған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтерді сатып алудан-сатудан болған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7864. Дивидендтер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары оларды алу кезінде есептен шығарылады.
      7865. Бағам айырмасы бойынша іске асырылған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруінен болған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7866. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруінен болған іске асырылған кірістердің сомалары оларды шығару кезінде жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7867. Бағам айырмасы бойынша іске асырылмаған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 (есепті кезеңнің аяғында) немесе N 7865 баланстан тыс шотқа (активті сату кезінде) есептен шығарылады.
      7868. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруінен болған іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады .
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 (есепті кезеңнің аяғында) немесе N 7866 баланстан тыс шотқа (активті сату кезінде) есептен шығарылады.
      7869. Лизинг (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған мүліктің лизингі (жалдауы) бойынша төлемдерді алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған мүліктің лизингі (жалдауы) бойынша төлемдерді алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады .
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7870. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7871. Басқа да кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде алынған, N 7862-7870 баланстан тыс шоттарда есептелінбейтін басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде алынған басқа да кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7881. Клиенттің ақшасын алу.
      Шоттың мақсаты: Клиент инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес ақшаны алған кезде клиенттердің ақшасын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің ақшасы оны алу кезінде жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттің ақшасы N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7882. Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызметтер үшін және басқа да қызметтер үшін комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтері үшін және басқа да қызметтер үшін комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7883. Активтерді сатып алудан-сатудан болған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтерді сатып алудан-сатудан болған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтерді сатып алудан-сатудан болған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7884. Бағам айырмасы бойынша іске асырылған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруінен болған іске асырылған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7885. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруінен болған іске асырылған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7886. Бағам айырмасы бойынша іске асырылмаған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомалары
N 7851 (есепті кезеңнің аяғында) немесе N 7884 баланстан тыс шотқа (активті сату кезінде) есептен шығарылады.
      7887. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомалары
N 7851 (есепті кезеңнің аяғында) немесе N 7885 баланстан тыс шотқа (активті сату кезінде) есептен шығарылады.
      7888. Негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7889. Активтердің құнсыздануынан болған зияндар.
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болған зиянның сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болған зиянның сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша зиянның сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.
      7890. Басқа да шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Клиенттің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған, N 7882 – 7889 баланстан тыс шоттарда есептелінбейтін ақшасын пайдалану барысында келтірілген басқа да шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшасын пайдалану барысында келтірілген басқа да шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығарылады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады