Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 93 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5699 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3750 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4481 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5129 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5444 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қосымшада:
      "1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
      1200-шоттар тобының және 1201-шоттың атаулары мынадай редакцияда жазылсын :
"

1200

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар


1201

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар


                                                  ";
      1205, 1206, 1207, 1208, 1209-шоттардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
"

1205

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт


1206

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы


1207

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылармен есептелген сыйақы


1208

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты


1209

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты


                                                 ";
      1425-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1426, 1427-шоттармен толықтырылсын:
"

1426

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиентке қойылатын талаптар


1427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек


                                                 ";
      1472-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1473-шотпен толықтырылсын:
"

1473

Өндірістік және сауда қызметіне ислам банкінің инвестициялары


                                                 ";
      1744-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

1744

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер


                                                 ";
      1756-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1771, 1772-шоттармен толықтырылсын:
"

1771

Жалдау шарттарында инвестициялық қызмет бойынша ислам банкінің есептелген кірістері


1772

Жалдау шарттарында инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек


                                                 ";
      2240-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2245-шотпен толықтырылсын:
"

2245

Инвестициялық депозиттер


                                                 ";
      2870-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2871-шотпен толықтырылсын:
"

2871

Қайырымдылық төлемдерінің шоты


                                                 ";
       "2. Пайда мен шығындардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
      5305-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

5305

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны амортизациялау бойынша шығыстар


                                                  ";
      5709-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"    

5709

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыс


                                                   ";
      5733-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

5733

Сатуға арналған, қолда бар және пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылған шығыстар


                                                    ";
      4201, 4202-шоттардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

4201

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер


4202

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау жөніндегі кірістер


                                                   ";
 
      4424-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4426, 4427-шоттармен толықтырылсын:
"

4426

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер


4427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер


                                                    ";
      4476-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4477-шотпен толықтырылсын:
"

4477

Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алумен байланысты ислам банкінің кірістері


                                                    ";
      4617-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4618-шотпен толықтырылсын:
"

4618

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызмет көрсетулерге кірістер


                                                    ";
      4709-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

4709

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған кіріс


                                                     ";
      4733-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"

4733

Сатуға арналған, қолда бар және пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылған кірістер


                                                     ";
      4872-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4880-шотпен толықтырылсын:
"

4880

Өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан түскен ислам банкінің кірістері


                                                     ";
      "4. Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
      7713-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7800, 7801, 7802, 7803, 7804, 7805, 7806, 7807, 7808, 7809, 7810, 7811, 7820, 7830, 7831, 7832, 7833, 7850, 7851, 7860, 7861, 7862, 7863, 7864, 7865, 7866, 7867, 7868, 7869, 7870, 7871, 7880, 7881, 7882, 7883, 7884, 7885, 7886, 7887, 7888, 7889, 7890 шот топтарымен және шоттармен толықтырылсын:
"

7800

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер


7801

Ақша


7802

Тазартылған қымбат металдар


7803

Басқа банктердегі салымдар


7804

Ислам бағалы қағаздары


7805

Акциялар (қатысу үлестері)


7806

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар


7807

Сыйақы


7808

Қорлар


7809

Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар


7810

Салынып жатқан (орнатылатын) негізгі құралдар


7811

Лизингке (жалға) берілген негізгі құралдар


7820

Басқа талаптар


7830

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер


7831

Төлеуге арналған шоттар


7832

Болашақ кезеңдердің кірістері


7833

Басқа міндеттемелер


7850

Капитал


7851

Капитал


7860

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер


7861

Клиенттен ақша түсімдері


7862

Сыйақы түріндегі кірістер


7863

Активтерді сатып алу-сатудан түскен кірістер


7864

Дивиденттер


7865

Айырбас бағамы бойынша іске асырылған кірістер


7866

Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан түскен іске асырылған кірістер


7867

Айырбас бағамы бойынша іске асырылмаған кірістер


7868

Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістер


7869

Лизингтік (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер


7870

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістер


7871

Басқа кірістер


7880

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар


7881

Клиенттің ақшасын алу


7882

Комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша шығыстар


7883

Активтерді сатып алудан-сатудан пайда болған шығыстар


7884

Айырбас бағамы бойынша іске асырылған шығыстар


7885

Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар


7886

Айырбас бағамы бойынша іске асырылмаған шығыстар


7887

Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар


7888

Негізгі қаражат бойынша амортизациялық аударымдар


7889

Активтердің құнсыздануынан болған шығындар


7890

Басқа шығыстар


                                                       ".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде "Екінші деңгейдегі банктерден алынған есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                            Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады