"Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal opinion) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 94 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5729 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.05.27 № 171 Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1864 тіркелген (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 29, 629-құжат) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Бұйрықтың преамбуласындағы "10-тармағының 2) тармақшасын" деген сөздер "14-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                    Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады