Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1189 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1302 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1189 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3221 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде, N 9-13, 43-құжат жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3408 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5150 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 30 маусымдағы N 91 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5296 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, N 10 жарияланған), Агенттік Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 251 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5535 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта :
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің ішкі міндеттемелері банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова