Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5150 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1189 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1302 тіркелген), Агенттік Басқармасының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1189 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 302  қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3221 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 ж., N 9-13, 43 құжаттар жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395  қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3408 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының, кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктер есеп беретін айдың ішінде меншікті қаражатын және тартылған қаражатты ішкі активтерге орналастырады, бұл ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері, реттелген борыштың орташа айлық мөлшері, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық мөлшері, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық мөлшері және ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің сомасына қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс";

      2-тармақтың екінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдында "Банк шығарған борыштық бағалы қағаздардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1 және 4-4-тармақтарында "оның орнындағы" деген сөздер "есепке қол қоюға уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-2. Банктер қосымша мәліметтерді уәкілетті органға күн сайын электрондық тасымалдағышта есепті күннен кейін келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынады.";

      1, 2, 3-қосымшалар осы қаулының қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2008 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде "Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинақтау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдіруін қамтамасыз етсін.

      5. Агенттіктің Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                          Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                           ұйымдарын реттеу мен
                                          қадағалау агенттігінің
                                         2008 жылғы 25 қаңтардағы
                                           N 8 қаулысына қосымша

                                     "Қаражатының бір бөлігін ішкі
                                         активтерге орналастыру
                                          нұсқаулыққа 1-қосымша

              _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________ ішкі активтердің орташа айлық
       мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге
               орналастыру коэффициентінің есебі

Активтер

Есеп беретін
айдың күндері
бойынша ішкі
активтер

Ішкі
активтердің
орташа
айлық
мөлшері

А

1

2

3

...

n


1. Ақша мен салымдар







2. Берілген заемдар







3. Борыштық бағалы қағаздар







4. Дебиторлық берешек







5. Жарғылық капиталға қатысуы







6. Тазартылған қымбат металдар







7. Жылжымалы мүлік







8. Жылжымайтын мүлік







9. Материалдық емес активтер







Қазақстан Республикасындағы
активтердің орташа айлық мөлшері-
нің жиынтығы



Ішкі активтердің орташа айлық
мөлшерінің жиынтығы







   Жұмыс күнінің айлық саны                    _________
Банктің меншік капиталының мөлшері          _________
Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері    _________
Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері       _________
Ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшері  _________
Ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін
орналастыру коэффициенті                    _________

      Бірінші басшы немесе
      есепке қол қоюға уәкілетті адам
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      Бас бухгалтер
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      күні     мөр

                                           Банктер қаражатының
                                      бір бөлігін ішкі активтерге
                                          орналастыру жөніндегі
                                               нұсқаулыққа
                                               2-қосымша
               _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________ ішкі және өзге міндеттемелердің
               орташа айлық мөлшерінің есебі

Міндеттемелер және жарғылық
капитал

Есеп беретін айдың күндері
бойынша ішкі міндеттемелер

1

2

3

... 

n

1. Салымдар






2. Алынған заемдар






3. Кредиторлық берешек






Ішкі міндеттемелердің орташа
айлық мөлшерінің жиынтығы


4. Реттелген борыш






5. Банк шығарған борыштық
бағалы қағаздар






6. Мерзімсіз қаржы құралдары






7. Төленген жарғылық капитал
(акциялар)






Орташа айлық ішкі
міндеттемелер, реттелген
борыштың орташа айлық мөлшері,
банк шығарған борыштық бағалы
қағаздардың орташа айлық
мөлшері, мерзімсіз қаржы
құралдарының орташа айлық
мөлшері, жарғылық капиталдың
орташа айлық мөлшері сомасының жиынтығы


         Бірінші басшы немесе
      есепке қол қоюға уәкілетті адам
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      Бас бухгалтер
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      күні     мөр

                                          Банктер қаражатының
                                      бір бөлігін ішкі активтерге
                                          орналастыру жөніндегі
                                               нұсқаулыққа
                                               3-қосымша
               _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________қаражаттардың бір бөлігін ішкі
          активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге
                     арналған қосымша мәліметтер

Белгі-
нің
нөмірі
Көрсеткіш атауы Сомасы
1 2 3

8801

Қолма қол теңге


8802

Қазақстан Республикасының
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердегі
салымдар және ностро
шоттар


8803

Қазақстан Республикасының
резиденттеріне берілген
заемдар


8804

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің борыштық
бағалы қағаздары


8805

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің
дебиторлық берешегі


8806

Жарғылық капиталға қатысуы


8807

Қазақстан Республикасы
аймағында сақталатын
тазартылған қымбат
металдар сомасы


8808

Қазақстан Республикасы
аймағындағы жылжымалы
мүлік


8809

Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан
жылжымайтын мүлік


8810

Қазақстан Республикасында-
ғы материалдық емес
активтер


8811

Қазақстан Республикасы
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердің
салымдары мен лоро шоттары


8812

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің салымдары


8813

Қазақстан Республикасы
резиденттерінен алынған
заемдар


8814

Қазақстан Республикасы
резиденттері алдындағы
кредиторлық берешек


         Бірінші басшы немесе
      есепке қол қоюға уәкілетті адам
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      Бас бухгалтер
      ___________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

      күні     мөр.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады