Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 292 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 03 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5769 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимі ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрі
      __________ А.Күрішбаев
      13 шілде 2009 ж.

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару
      агенттігінің Төрағасы
      __________ Ө. Өзібеков
      12 шілде 2009 ж.

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрі
      __________ Н. Әшімов
      17 шілде 2009 ж.

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі
      __________ Ә. Құсаинов
      31 шілде 2009 ж.

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің Төрағасы
      __________ А. Шабдарбаев
      05 тамыз 2009 ж.

Қазақстан Республикасы   
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының   
2009 жылғы 10 шілдедегі  
N 292 бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу
және олардағы жұмыс режимі ережесі

1.Жалпы ережелер

      1. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимі ережесі (бұдан әрі - Ереже) күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібін, сондай-ақ бүлінуі Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желілерінің қалыпты жұмысы бұзатын, азаматтардың мүддесіне, шаруашылық етуші субъектілердің өндірістік қызметіне, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне және зиян келтіретін, қолданыстағы телекоммуникация желілерінің (телекоммуникация және байланыс желісі құралдары – кәбілдік, радиорелейлік, әуе, радиофикация желілері және басқалары) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында олардағы жұмыс тәртібін реттейді.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағындағы олардың тұратын жеріне, ведомстволық жағдайы мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

2. Желілер, байланыс және радиофикация құрылыстарының
күзетілетін аймақтары

      3. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы мен 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ерекше талаптарда жерді пайдалану аймақтарына жатқызылады. P040001010
      4. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары мыналар үшін белгіленеді:
      1) ормансыз телімдерде елді мекеннен тыс орналасқан, жерасты кәбілдік және әуе байланыс және радиофикация жолы – жер асты кәбілі трассасынан алыстағы немесе әуе желісінің шеткі сымынан екі жағынан да кем дегенде 2 метр қашықтағы, қосарлы тікелей анықталатын, сол желілердің бойындағы жер телімі түрінде;
      2) кәбілдік байланыс желісіндегі қызмет көрсетілмейтін жердегі және жер асты күшейткіш және регенерациялық бекеттер – күшейту және регенерациялық бекеттер құрылғысы ортасынан қашық тұрған немесе оларды бекіту шекарасынан кем дегенде 3 метр қашықтықта және жерге қосу контурынан кем дегенде 2 метр қашықтағы, тұйық желілермен анықталатын, жер телімдері түрінде;
      3) теңіз кәбілдік байланыс желісі – қашықтықтығы 0,25 теңіз миллі (0,4 шақырым) болатын теңіз кәбілі трассасынан және екі жағынан да 100 метр қашықтықтағы өзен, көл, су қоймасы, каналдар (арықтар) арқылы өтпелердегі кәбіл трассасынан алыстағы, қосарлы ендіктермен анықталатын, су бетінен түбіне дейінгі барлық тереңдігі бойынша су кеңістігі телімі түрінде;
      4) құбырлар каналдары трассасынан немесе қадағалау қондырғысынан екі жағынан да кем дегенде 2 метр қашықтықта алыс тұрған, немесе әуе желісінің шеткі сымының екі жағынан да кем дегенде 2 метр қашықтықтағы, қосарлы тікелей анықталатын, осы желілер бойындағы жер телімдері түріндегі топыраққа салынған телефон кәбілдік кәрізі, құрышталған кәбілдер, тіректерге ілінген кәбілдік желілер және елді мекендерде орналасқан әуе байланысы және радиофикация желісі;
      5) тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарының жертөлелері мен шатырындағы, қабаттардағы қалқандар мен қабат арасындағы өтпелердегі және де кәбіл трассасынан екі жағынан да кемінде 25 миллиметр қашықтықта тұрған, қосарлы тікелей анықталатын, ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғаларын бойлай салынған, кәбілдік байланыс желілері.
      5. Орман сілемдері мен ағаштар егілген жерлер арқылы өтетін телекоммуникация желілері трассалары үшін соқпақтар салынады:
      1) байланыс және әуе желілерін және радиофикацияны бойлай:
      жасыл желектердің биіктігі 4 метрден кем болғанда – ені әуе байланыс желісінің шеткі сымдары ара қашықтығынан кем емес, оған 4 метр қосылады (шеткі сымдардан ағаштар бұтағына дейін әр жағынан 2 метрден);
      жасыл желектердің биіктігі 4 метрден асқанда — ені әуе байланыс желісінің шеткі сымдары ара қашықтығынан кем емес оған 6 метр қосылады (шеткі сымдардан ағаштар бұтағына дейін әр жағынан 3 метрден);
      2) кәбілдік байланыс желісі трассасын бойлай — ені кемінде 4 метр (кәбілден әр жағынан да 2 метрден).
      6. Егер, қолданыстағы телекоммуникация желісінің трассасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтан өтетін болса, онда тек ерекше қорғалатын телімдердің қызметтік маңызын сақтау (сирек және құрып бара жатқан аң түрлерін азықтандыратын, бағалы балықтар уылдырық шашатын жерлер) қамтамасыз етілгенде және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оңды қорытындысында ғана соқпақ салуға рұқсат етіледі.
      7. Мемлекеттік қорғалатын орман алқаптары, қала ормандары мен орман бақтарында, елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтарында, эрозияға қарсы ормандарда, өзен, көл, су қоймалары, каналдар мен басқа да су нысандары жағалауы бойындағы ормандардың тыйым салынған алқаптарында, халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланылатын теміржол және автожолдарына бөлінген алаптардағы қорғау жасыл желектерінде, магистралды құбырлар мен басқа да желілік құрылыстарда, халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланылатын теміржол және автожолдарды бойлай отырғызылған қорғаныш орман алқаптарында, дала- және топырақ қорғау ормандарында соқпақтар жасыл желектерге аз зиян келтірумен және олардың қорғау қасиеттерін жоғалтуын болдырмауды ескере отырып, салынады. Соқпақтарда бұталар мен жас ағаштарды кесуге болмайды, (кәбілдік байланыс желісіне арналған соқпақтардан басқа), қопсық топырақтағы, тік жартастағы (15 градустан асқан) және сумен шайылатын жерлердегі ағаш түбірін қазуға тыйым салынады.
      8. Байланыс желісі трассалары, оларды пайдаланатын ұйымдар, бұталар мен ағаштарды әр кезде тазалап отырып, отқа қауіпсіздік жағдайда тазартылады.
      9. Орман сілемдері мен жасыл желектер бойымен өтетін, телекоммуникация желілеріне арналған соқпақтарды, оларды пайдаланатын ұйымдар, белгіленген соқпақ ені бойынша өрттен қауіпсіздік жағдайында ұсталады.
      10. Қала аумағынан тыс жерасты кәбілдік байланыс желісінің трассасы бағдар болып табылатын, арнаулы белгілермен белгіленеді. Арнаулы белгілерді орнатудың тәртібі, түрі мен орны қазіргі бар нормативтермен және телекоммуникация желілеріне арналған ережелермен анықталады.
      11. Қалалар мен басқа да елді мекендерде жер асты кәбілдік және әуе байланыс желісі трассасының өтуі техникалық құжаттар, ғимараттардағы, әуе байланыс желісі тіректеріндегі тақташалар, қадағалау құрылғыларының шатырларындағы логотиптері бойынша анықталады.
      12. Радиорелейлік байланыс желісі трассаларында, радиотолқындар таралуының экрандалу әрекетін ескерту мақсатында, ғимараттар мен құрылыстар салу, ағаштар отырғызу рұқсат етілмейді, жер телімдері анықталады. Бұл телімдердің орналасуы мен шекаралары радиорелейлік желілер құрылысын жобалауда қарастырылады және Қазақстан Республикасы жергілікті атқару органдарымен келісіледі.
      13. Байланыс желілеріндегі, жабдықтары қондырмасыз тікелей топыраққа бірыңғайланған контейнерлерде қойылатын, қызмет көрсетілмейтін күшейту және регенерациялық бекеттер орнатылатын жерлерде жылдың қыс мезгіліне де (қарлы борасында), жаз мезгіліне де арналған тану белгілері орнатылады.
      14. Теңіз кәбілдік байланыс желісі трассасы мен кеме жүретін және ағысты өзен, көл, су қоймасы, каналдар (арықтар) арқылы өтпелердегі кәбілдік байланыс трассаларындағы күзету аймағының шекаралары кәбілдердің жағаға шығарылған жерлерінде сигналдық белгілермен белгіленеді. Теңіз кәбілдік байланыс желісінің трассасы теңіз картасына белгіленеді және теңізде жүзушілердің хабарламасында көрсетіледі.
      15. Байланыс және радиофикация құрылымдары мен басқа да құрылыстар арасындағы ең аз рұқсат етілетін қашықтық (ара қашықтығы), сәйкестік құрылымдар салу ережелерімен, құрылыс нормаларымен анықталады, және байланыс құрылыстарына механикалық және электрлік әсер етуін болдырмау керек.
      16. Кәбілдік және әуе байланыс желісі мен радиофикация трассаларындағы автомобиль және темір жолдарына арналған алқаптардағы күзету аймақтарын, автомобиль және темір жолдары саласының өкілетті органдарымен, байланыс желісін пайдаланатын ұйымдармен келісе отырып, автомобиль және темір жолдары қызметін жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғаларының пайдалануына болады.
      17. Телекоммуникация желілерінің күзету аймақтарында орналасқан жер телімдерін пайдалану тәртібі, Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен реттеледі.
      18. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағында орналасқан жерлерді ауыл шаруашылық егіншілігіне, бау-бақшалық телімге және басқа да ауыл шаруашылық мақсатты жүзеге асыруға беруде, жер ресурстарын басқару жөніндегі өкілетті органның жер теліміне құқығы туралы берілетін құжатта, телімде ерекше пайдалану жағдайы бар аймақтың болуы туралы белгі қойылады.
      Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағында байланыс желісі/құрылысы, істен шыққан жағдайда, байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме жер ресурстарын басқару жөніндегі құзіретті органға, сол жерлерді ерекше арнайы пайдалану шарттары бар белгілерді орнатпай-ақ шаруашылық жұмыстарына пайдалануды қарастыру туралы қатынас жібереді.
      19. Желі өтетін және байланыс құрылыстары орналасқан жерлерді құрылыс салуға бөлгенде тапсырыскерлер, жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының жолдамасы бойынша байланыс желісі/құрылысын пайдаланатын ұйымдармен "Жер телімін таңдау актісін" келіседі. "Жер телімін таңдау актісін" келісуді 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде байланыс желісін/құрылысын пайдаланатын ұйым жүзеге асырады.
      20. Телекоммуникация желілерінің күзету аймақтары шегінде уақытша нысандарды (дүңгіршек, жарнамалық қалқандар, аялдамалар) орналастыруды да, осы Ереженің 19-тармағында көзделген мерзімде байланыс желісі/құрылысын пайдаланатын ұйымдармен келіседі.
      21. Телекоммуникация желісінің күзетілетін аймағындағы жер қазу жұмыстарын жүргізетін құрылыс және басқа ұйымдардың басшылары, меншіктік нысанына қарамастан, күзетілетін аймақтарда жұмыс жүргізу тәртібін өз қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, телекоммуникация желілерінің бүлінуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
      22. Су түбінде байланыс желісі тартылған, су кеңістігі телімінде кемелер болған кезде, кеменің капитаны немесе иесі, жерасты байланыс кәбілінің зәкірмен немесе балық аулау құралдарымен көтерілуіне жол бермеуі тиіс.
      Жерасты кәбілі көтерілген жағдайда капитан немесе кеме иесі мыналарды қамтамасыз етеді:
      1) кәбілдің оған еш зақым келтірмей босатылуы үшін барлық шаралар қабылдауды;
      2) байланыс кәбілінің көтерілу уақыты мен орнын көрсетумен жақын арадағы айлаққа радиомен болған уақиға туралы тез арада хабарлауды.
      23. Жер асты кәбілінің кездейсоқ көтерілуі туралы ақпарат қабылдаған айлақ, ол туралы жақын жердегі байланыс желісі/құрылысын пайдаланатын ұйымға және байланыс саласы өкілетті органының аумақтық бөлімшесіне хабарлайды, ол жиырма төрт сағат ішінде жерасты байланыс желісінің иесін анықтап, оған оқиға туралы хабарлайды.
      24. Үйлердің жертөле және шатыр жайлары, сондай-ақ жергілікті телекоммуникация желісінің кәбілі өтетін, қабаттық қалқандар бөлме (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің тиектік тетіктерімен жабдықталады.

3. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары шегіндегі
жұмыс өндірісінің ерекшеліктері

      25. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары шегінде жазбаша келісімсіз және байланыс желісі/құрылысын пайдаланатын, тиісті ұйымның өкілінің қатысуынсыз рұқсат етілмейді:
      1) түрлі құрылыс, құрастыру, және жарылыс жұмыстарын, 0,3 м артық тереңдікте топырақты қазумен байланысқан (көрсетілген тереңдіктен аспайтын жер жыртуды қоспағанда) жер қазу механизмдерімен топырақты көшіру және жер қазу жұмыстарын жүзеге асыруға;
      2) ұңғыма бұрғылаумен, шығырлаумен, топырақтан сынақ алумен, жарылыс жұмыстарын жүргізумен байланысқан, геологиялық–түсіру, іздестіру, геодезиялық және басқа де зерттеу жұмыстарын жүргізуге;
      3) күзетілетін аймақтарда жобасыз орындалатын жұмыстар жүргізуге және жұмыс өндірісінде байланыс желісі/құрылысы зақымдалуы мүмкін жұмыстарды жүргізуге (шұңқыр қазу, ағаш отырғызу, дала қостарын орналастыру, мал ұстау, материалдарды, азық, тыңайтқыштарды жинау, ату жабдықтарын қою), сондай-ақ от жағуға;
      4) автокөлік, трактор мен механизмдер тұрағы мен жолын жасауға, қоршау және басқа да бөгеулер қоюға, жолдан уақытша кіретін жер жасауға, әуе байланыс желісі және радиоландыру сымдары бойымен, аумағы тіректе ілінген сымның биіктігінен асатын немесе тең келетін аумағы үлкен жүктерді тасуға, каналдар (арық) қазуға, инженерлік жүйелерге (су құбырына, жылу желісіне) жеке үйлердің қосылуы үшін ұзын терең ор қазуға;
      5) кемелер, баржалар мен қалқитын крандардың аялдама орнын жасауға, тиеу-түсіру, су асты-техникалық, түпті тереңдететін және жер қыру жұмыстарын жүргізуге, балықтар мен басқа да су жануарларын аулауға және де түптік аулау құралымен су өсімдіктерін жинауға, суару, мұз жару және дайындау жұмыстарын жүзеге асыруға. Кемелер мен басқа да жүзетін құралдарға зәкір тастауға, берілген зәкірмен, шынжыр, лот, сүйреткі мен тралмен өтуге рұқсат етілмейді;
      6) байланыс желісіне қауіпті әсері мен электромагниттік энергиясы бар, электр желілерін, радиостанция және басқа нысандарды салу;
      7) жерасты байланыс кәбілінің жүруін есепке алмай коррозиядан жерасты коммуникациясын қорғау жасалады;
      8) уақытша нысандарды орналастыру (дүңгіршек, жарнамалық қалқан, аялдама) жүзеге асырылады;
      9) жабынды айырбастау және жөндеу жұмыстары, шатырасты, тіреушелерін бекіту, тіреуішті кәбілдік байланыс желісінің және радиофикация, ғимараттың шатырына салу, сондай–ақ, ғимараттың ішкі және сыртқы байланыс сымы мен кәбілдік бүлінуі болуы мүмкін жұмыстар жүргізіледі;
      26. 25 тармақта көрсетілген жұмыстар өндірісін жүргізуге жазбаша келісім алу үшін, мекеме атына жазылған хабарда, пайдаланымдағы байланыс құрылыс/желілерінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      пошталық мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілген заңды және
      жеке тұлғаның толық аты;
      нысанның орналасқан мекен-жайы;
      жұмыс жүргізілетін учаскенің нақты орналасқан жері;
      жоспарланған жұмысты жүргізуге арналған нақты уақыты (жылы,
      айы, күні, сағаты).
      27. Байланыс желісі/құрылысын пайдаланатын нысандар, мекемеге келіп түскен хабарды қарап, 10 жұмыс күні ішінде тексеріп шығады және өндірісте жұмыс жасауға келісім береді немесе жұмыс жүргізуге дәлелді түрде бас тартады.
      28. Жерасты байланыс желісі/құрылысы орналасу орнында жұмыс жүргізу үшін, заңды және жеке тұлғалар осындай жұмыстар басталғанға дейін белгіленген заңнама тәртібінде жергілікті қала құрылысы және құрылыс, сәулет ісі жөніндегі органның жазбаша келісімін алады.
      29. Техникалық құжаттар бойынша, кәбіл іздеушілермен кәбіл жолдарын анықтау (металлдық кәбілдерге арналған) немесе таңбалауыш-іздегіш (оптикалық кәбілге арналған) және қажеттілігіне қарай, мекеменің топырақ жұмыстарын жүргізуге барлық ұзындығына қарай шығырлау, жерасты кәбілдерінің және басқа байланыс құрылыстарының (жерасты күшейткіш және регенерациялық пункттер, телефондық кәріздерді қарау қондырғыларымен, жермен жалғастыру контуры) орналасқан жерін анықтайды, олардың жатыс тереңдігін анықтайды және деректерді телекоммуникация желілері күзету аймағында жұмыс жүргізуге жауапты сәйкестік тұлғаларға қол қоюмен жеткізеді.
      30. Жұмыс жүргізілетін аймақтағы жер асты байланыс желісі/құрылысының орналасқан жері әрекеттегі жерасты кәбілінің барлық ұзындығы бойына нақтыланады және 15-20 метр сайын тура трасса телімінде орналасқан, биіктігі 1,5-2 метр арнаулы белгілермен белгіленеді, барлық нүктелерде ауытқушылық тікежелілік жол өзегі 0,5 метр, жолдың барлық бұрылыстарындағы жұмыстар қол еңбегімен орындалады.
      31. Арнаулы белгілермен қатар ескерту белгілері де орнатылуы мүмкін, ол күзету аймағының мөлшерін, байланыс желісін/құрылысын пайдаланатын, ұйымның мекен-жайын (елді мекеннің атын) және телефон нөмірін (қара түспен) көрсетумен, "Қазуға тыйым салынады, кәбілдің күзетілетін аймағы" жазуымен қызыл түсті найзағай бейнесімен, ашық түске боялған мөлшері 400х300 миллиметр металл тікбұрыш болып келеді. Белгі жер бетінен 1,7 метр биіктегі бағанда орнатылады.
      32. Шығырларды ашуға ескертуші, арнайы белгілерді орнату жұмыстары байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілінің қатысуымен жұмыс жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың күшімен және құралдарымен орындалады.
      33. Байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілі келгенге және трассаны арнайы белгілермен белгілегенге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
      34. Байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеменің байланыс желісінің арнажолын анықтау жұмысының нәтижесі бойынша телекоммуникация желісінің күзетілетін аймағында жұмыс жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен акт жасалады. Актіде құрылыс объектісінің атауы, қандай және қанша мөлшерде шығырдың қазылғаны, орнатылған ескертуші және арнайы белгілердің саны, жұмыс сатысы, байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын өкілдің қашан қатысуы керектігі, сондай-ақ кәбіл желілерінің, телефон құдықтарының, байланыс құрылғыларының, орнатылған ескертуші және арнайы белгілердің сақталуына жұмыс жүргізушінің жауапкершілігі көрсетіледі. Сол жерге сәйкес байластырулармен, анықталған арнажолдың алғашқы нұсқасы, сондай-ақ күзетілетін аймаққа кіретін аумақты қалпына келтіру мерзімі жасалады.
      35. Жұмыс жүргізушілер (мастер, бригада жетекшісі, құрылыс механизмдері мен машиналар машинистері) телекоммуникация желісі күзетілетін аймақта жұмысты бастағанға дейін байланыс желісінің/құрылғыларының сол жерде белгіленуімен және орналасуымен бірге байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілімен танысуы, байланыс желісінің/құрылғыларының сақталуын қамтамасыз ететін (қолмен немесе механикаландырылған әдіспен) жер жұмыстарын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулар алады. Бұдан басқа, аталған тұлғалар байланыс желілері мен құрылғыларында адам өміріне қауіпті кернеудің және көрсетілген байланыс желілерін/құрылғыларын зақымдаған кезде электр тоғына түсу қаупі бар екендігі туралы ескертіледі.
      36. Осы аймақтарда сәйкес жұмыстар жүргізу жүктелімдерінде жұмыс жүргізетін жердегі байланыс желілері мен құрылғыларының бар екендігі көрсетіледі. Телекоммуникация желісінің күзетілетін аймағындағы жұмыс байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілінің қатысуымен, прорабтың немесе мастердің қадағалуымен орындалады.
      37. Телекоммуникация желісінің күзетілетін аймағында жұмыс жүргізу ниеті бар жеке және заңды тұлғалар, жұмыс басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеменің өкілін шақыру туралы жазбаша хабарламаның байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекемеге жіберілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар осы Ереженің 68-тармағына сәйкес шарт жасау.
      38. Жазбаша хабарламада осы Ереженің 26-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
      39. Байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме, техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін, жұмыс орнына өз өкілінің келісімделген мерзімде уақытында келуін қамтамасыз етеді.
      40. Жұмыс жүргізетін жерге байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілі келмей қалған жағдайда, ол туралы жұмыс жүргізуші бір тәулік ішінде сол мекеме басшысына телефонограмма жіберіп, хабарлауға міндетті.
      41. Байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеменің телекоммуникация желісі күзетілетін аймақта желілерді/құрылғыларды пайдаланатын мекеменің өкілінсіз немесе желілерді/құрылғыларды пайдаланатын мекеменің жазбаша келісімі болмаған жағдайда телекоммуникация желісі күзетілетін аймақта жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.
      42. Телекоммуникация желісі күзетілетін аймақта тоқтаусыз жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап ететін апаттық жағдайларда, төмендегі талаптарды орындаған жағдайда байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеменің өкілдерімен алдын ала келісімдемей осындай жұмыстарды жүргізуге рұқсат беріледі:
      1) байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме, апат орнына жұмысшыларды жібере отырып, сол мезгілде оның өкілдерінің келуінің қажеттігі туралы хабарлайды;
      2) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлға (мастер, бригада жетекшісі, құрылыс механизмдері мен машиналар машинистері) жұмыс жүргізушілер үшін нұсқау беру жұмыстарын жүргізеді;
      3) байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілі апат орнына келгенге дейін күзетілетін аймақтағы жер жұмыстары қолмен жүргізіледі;
      4) жерасты кәбілі немесе басқа да байланыс құрылғылары табылған жағдайда, олардың бүтіндігі қамтамасыз етіледі.
      Апат орнына келген байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілі байланыс желілері/құрылғылары орналасқан жерді көрсетіп, олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтауы және жұмыс толық аяқталғанға дейін болады.
      43. Жобамен байланыс желісін/құрылғыларын тасымалдау (жұмыс мерзіміне немесе тұрақты мерзімге) қарастырылған жерлердегі жұмыс өндірісі қолданыстағы байланыс желілерін ауыстырып қосқаннан кейін ғана басталады.
      44. Қолданыстағы байланыс желілерін жаңадан салынғандарға ауыстырып қосу жұмысын, аталған желілер мен құрылғыларды тасымалдау жұмысы аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жобаға тапсырыс беруші – жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен, телекоммуникация желілерінің тұрып қалуы мерзіміне байланысты шығындарды өтеп, ауыстырып қосу шығындарының сметасы бойынша байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме жүзеге асырады.
      45. Жерасты байланыс желісінің трассасы бойынша тікелей құрылыс механизмдерінің, ағаш тасымалдайтын және жыланбауырлы көліктің қозғалысы үшін уақытша жүретін қондырғылар қажет болған жағдайда, құрылыс жұмысын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме өкілінің келісімімен байланыс желілерін/құрылғыларын механикалық зақымдалулардан қорғайды (ағаш төсеніштер мен бетон тақталар төсейді, ұсақ тастар төгеді).
      46. Ірі көлемді жүктерді радиоландыру және әуе байланыс желілері сымдарының астымен өткізу қажет болған жағдайда, сымдардың үзілуін болдырмау үшін жүктің (механизмнің) ең жоғарғы нүктесі мен сымның арасында кемінде 200 миллиметр саңылау қалдыра отырып, неғұрлым биік тіректер немесе траверсалар орнату жолымен, оларды уақытша көтереді. Бұл жұмыстарды телекоммуникация желісі күзетілетін аймақта жұмыс жүргізетін жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен, байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме орындайды.
      47. Жерасты байланыс желісі күзетілетін аймақтың шеңберіндегі желілер/байланыс құралдар маңайындағы топырақты тек қолмен (күрекпен), қатты соққыларсыз қазуға рұқсат етіледі. Соққы беруші құралдарды (сүймен, қайла, танап, пневматикалық құралдар) қолдануға рұқсат етілмейді.
      48. Жерасты байланыс желілерінің жолында әрекет ететін жер жұмыстары байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекемемен келісілген мерзімде орындалады. Жерасты байланыс желілерінің арнажолында ор мен қазаншұңқырларды қазған кезде құрылыс жұмыстарын жүргізуші жеке және заңды тұлғалар кәбілді бұзылымдардан келесі тәртіппен қорғайды:
      1) тікелей топырақта салынған кәбіл қолмен толығымен қазылып алынады және қажет кезінде балкалар мен ағаштарға берік ілінетін, орға көлденеңінен салынған бірыңғай ағаш қорапқа салынады. Қорап ұштары ор шетінен кемінде 0,5 метрден артық шығып тұрады. Сымнан жасалған сақиналардың көмегімен қорап ілініп тұрады;
      2) құбырлардың (блоктардың) ішіне орнатылған кәбіл қолмен құбырдың (блоктың) тек үстіңгі шетіне дейін қазылады. Кейін аталған кәбілді ілу үшін қажетті балка салынады. Содан кейін құбырдың (блоктың) төменгі жағына дейін топырақты қазып, кәбілді іліп, топырақ қазуды жалғастыра береді;
      3) орды немесе қазаншұңқырды жерасты байланыс кәбілі жатқан деңгейден төмен қазған жағдайда, немесе оған топырақ пен тұнбалардың түсуін болдырмау үшін шаралар қабылданады.
      4) үлкен қашықтықта жалаңашталған телефон құдықтарының кәбілін немесе блогын қорғау, жұмыс өндірісінің жобасын дайындау сатысында қаралады. Жалаңашталған байланыс кәбілінің қорғауы болмаған жағдайда, жұмыс жүргізетін тұлға олардың қорғалуын ұйымдастырады.
      49. Радиорелейлік станцияның немесе су асты байланыс желісін қорғау аймағының шеңберіндегі жұмыс өндірісінің шарттарына сәйкес байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекемемен келісім бойынша анықталады.
      50. Жерасты байланыс желісі орналасқан аймақтағы тоң топырақты жібіту байланыс кәбілдері талшығының оқшаулануы мен қаптауын зақымдамайтын температурада жүргізіледі. Тоң топырақты соққы беретін механизмдермен өңдеуге рұқсат етілмейді.
      51. Жерасты кәбіл желілері мен телефон канализациясының қиылысқан жеріндегі орды көму, мұқият нығыздау арқылы қалыңдығы 0,1 метрден аспайтын топырақ қабатын құюмен жүргізіледі. Қысқы жағдайда құммен немесе тығыз топырақпен құю жұмыстары жүргізіледі.
      52. Ор кәбіл салынған (ілінген) қораптармен және мәткелермен бірге көміліп, жабық жұмыстарға акті жасалады.
      53. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде телефон құдықтарының (жәшіктерінің) люк қақпақтарын, тарату шкафтарын, ескерту белгілерін, жерасты кәбілдік байланыс желісінің жолындағы өлшеу бағаналарын жермен немесе құрылыс материалдарымен үйіп тастауға, телефон канализацияларының жолдарына салмағы 5 т. астам жүктерді тастауға, сондай-ақ байланыс желілерін/құрылғыларын пайдалануға беретін ұйыммен келісімдеусіз байланыс құрылғыларының орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      54. Кәбілдік байланыс желісі/байланыс құралдары зақымдалған жағдайда, құрылыс жұмыстарын жүргізуші тұлға байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекемеге сол бойда хабарлайды, сонымен қатар, апатты жедел түрде жоюға көмек көрсетеді.
      55. Кәбілдік байланыс желісін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары бойынша жол қаптамаларын алуды және топырақты қазуды талап ететін өндіріс шарттары, көлік жолдары бойынша өкілетті органмен, ал қала маңы мен басқа елді мекендерде – жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Көрсетілген жұмыстардың өндіріс шарттары туралы хабарлама байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекемеге жұмыс өндірісінің қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейінгі күнтезбелік үш күн мерзімде жолданады.
      56. Егер телекоммуникация желілерінің зақымдалуы кезінде айналма байланыс ұйымының қатысу мүмкіндігі болмаса, жол қаптамаларын алу және топырақты қазу бойынша жұмыстарды алдын ала келісімдеусіз жүргізе беріледі, бірақ өндіріс жұмыстары жүргізіліп жатқан орынға міндетті түрде көлік жолдары бойынша өкілетті органның немесе жергілікті атқарушы орган өкілін шақыру тиіс. Бұл жағдайда, байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланатын мекеме апат орнын айналып өтетін көлік және жаяу жүрушілер үшін қажетті ескерту белгілер қояды және өндіріс жұмыстарынан кейін жол қаптамасын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
      57. Иелігіндегі жерлер арқылы телекоммуникация желілері өтетін жеке және заңды тұлғаларға (жер учаскелерінің иелері, жер пайдаланушылар, жалға алушылар) байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйымдардың жазбаша келісімінсіз телекоммуникация желілерінің қалыпты жұмысын бұзатын іс-әрекет жүргізуіне рұқсат етілмейді, атап айтқанда:
      1) байланыс кәбілдері тартылған, әуе байланыс жолдары мен радиофикация бағандары, радиорелейлі станциялар құрылғылары, кәбілі жәшіктері мен үлестіру қораптары орнатылған жерлерден байланыс желілері мен құрылғылары алдын ала шығарылмай ғимараттар мен көпірлерді бұзу және қайта салуға, метрополитен мен теміржол коллекторларын, туннельдерін қайта салуға;
      2) жерасты байланыс кәбіл трассаларын көмуге, ол трассаларда уақытша қоймалар жасауға, химиялық белсенді заттарды ағызуға және өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға, өлшеу, ескерту белгілерін және телефон құдықтарын сындыруға;
      3) күтім жасалмайтын күшейткіш және регенерациялық пункттері (жерүсті және жерасты) мен радиорелейлік станциялардың, телефон кәріздерінің кәбіл құдықтарының, үлестіру шкафтары мен жәшіктерінің есіктерін ашуға, сондай-ақ байланыс желілеріне қосылуға (осы желілерге күтім жасаушылардан басқалар);
      4) байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйымдардың техникалық персоналының еркін қозғалысына кедергі келтіріп, байланыс желілері трассаларын қоршауға;
      5) телекоммуникация қызметтерін пайдалану мақсатында абоненттік телефон желісі мен радиофикация желісіне өз бетінше қосылуға;
      6) байланыс желілері/құрылғыларын зақымдайтын басқа да әрекеттер жасауға (бағандар мен арматураны қоршауға, сымдарды үзуге, оларға бөгде заттарды тастауға).
      Осы тармақта қаралған әрекеттерді байланыс желісін/құрылғысын пайдаланушы ұйыммен келісу осы Ереженің 25-26 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
      58. Жергілікті атқарушы органдар құрылыс жүргізуге аумағымен телекоммуникация желілері өтетін жер учаскесін бөлген жағдайда Құрылыс салушы бұл құрылысты осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген мерзімде байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланушы ұйыммен алдын ала келісіп алады.
      59. Аумағымен телекоммуникация желілері өтетін қалалық учаскедегі сызбаларда 1:500 масштабпен немесе трассаның ауылдық елді мекендер арқылы өту жерінде 1:2000 мастштабпен көрсетілген жер учаскелерін бөлу кезінде жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерінің иелерін бөліп берілетін жер учаскелерінде телекоммуникация желілерінің барлығы туралы ескертіледі.
      60. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары мен орман соқпақтарында байланыс желілерін/құрылғыларын пайдаланушы ұйымдарға мыналар рұқсат етілуі мүмкін:
      1) жер учаскелерінің иелерінің (меншік иесі, жер пайдаланушы, жалға алушылармен) келісімімен байланыс желілері/құрылғыларын пайдалану күтімін жасауға қажетті жол, кіреберіс, көпір және басқа да құрылғыларды өз есебінен орнату;
      2) байланыс желілері/құрылғыларын жөндеу үшін шұңқыр, траншея және қазаншұңқырлар қазып, соңынан оларды көму;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласының өкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін орман алқаптары арқылы өтетін байланыс желілері/құрылғыларында, осы желі/құрылғыларға жақын трассалардағы апатты жою үшін жекелеген ағаштарды кесу;
      4) орман соқпағының белгіленген енін қамтамасыз ету үшін ағаш бұтақтарын кесу;

4. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарында
жұмыс жүргізуге қойылатын талаптар

      61. Қалалық учаскедегі сызбаларда 1:500 масштабпен немесе трассаның ауылдық елді мекендер арқылы өту жерінде 1:2000 масштабпен көрсетілген және байланыс желілері/құрылғылары өтетін жер учаскелерінде шарауашылық қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар осы желілердің сақталуын қамтамасыз етудің барлық шараларын қолданады. Заңды тұлғалардың меншік иелігіне қарамастан заңды және жеке тұлғалар жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарымен байланыс желілері және құрылғыларымен қиылысатын және жанасатын орындардың орындаушылық сызбаларында жерасты коммуникациялардың (су, жылу, энергия, газ тарату желілерінің) бар-жоғын заңда көрсетілген ретте келісуін қамтамасыз етеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілеріне және құрылыс нормалары, ережелері мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес орындалады.
      62. Байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйымның техникалық персоналы тиісті өкілеттігі туралы құжатты көрсеткен жағдайда телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағында орналасқан желілерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін кедергісіз кіру (машинамен кіруге) құқы беріледі.
      63. Егер байланыс желілері тыйым салынған (шекара) жолдар мен арнайы объектілерден өтетін болса, тиісті ұйымдар байланыс желілері/құрығыларын пайдаланушы ұйымның техникалық персоналына көріп, жұмыс жүргізу үшін кіру құқына еш ақы алмастан тәуліктің кез келген уақытында кіруге рұқсат қағаздарын береді.
      64. Ауылшаруашылығы жерлері, бақ және саяжай учаскелерімен өтетін кәбілдік байланыс жолдарын салу және жөндеу жұмыстары бұл жерлер дақылдардан тазартылған кезеңде жүргізіледі, ал апатты жою және байланыс желілерін пайдалану күтімін жасау жұмыстары кез келген уақытта жасалады.
      65. Байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ауылшаруашылығы жерлерін ауылшаруашылық өндірісіне жарамды күйге келтіріп, жер учаскелерінің иелеріне және жер пайдаланушыларға жұмыс барысында келтірген шығындарын өтеді. Шығындарды анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес белгіленеді.
      66. Байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйым шоссе және темір жолмен, құбырлар, кеме жолы және өзен, көлмен ағызу жолдары, су қоймалары, арықтармен, өндірістік кәсіпорындар, аэродромға өтетін аумақтарымен, мемлекеттік немесе жеке меншіктегі ауылшаруашылық жерлермен, қиылысатын жерлердегі байланыс желілерін жөндеу және өлшеуді көлік, өндіріс және басқа да мүдделі ұйымдармен (кәсіпорындармен), сондай-ақ жер учаскелерінің иелері және жер пайдаланушылармен келісіледі.
      67. Егер құрылыс аумақтары арқылы байланыс желілері/құрылғылары өтетін болса, байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйыммен келісіліп, құрылыс объектілерінің жобалары мен сметаларында аталған байланыс желілері/құрылғыларын сақтауды немесе жұмыс аяқталғанға дейін оларды ауыстыруды қамтамасыз ететін шаралар көзделеді.
      68. Байланыс желілері және құрылғыларын сақтауға техникалық қадағалау құрылыс жүргізуші тұлға мен байланыс желілері/құрылғыларын пайдаланушы ұйым арасындағы шарт негізінде жүргізіледі.
      69. Жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар меншік формасына қарамастан жұмыс жүргізудің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген жерасты байланыс желілерін анықтаған жағдайда жұмыстарды тоқтатуы тиіс және саласындағы өкілетті аумақтық органға хабарлап, хабардың түскен мезетінен бастап жиырма төрт сағат ішінде олардың иесін анықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады