Тұрақтандыру банкін құру, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу, жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 179 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5782 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-3-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақтандыру банкін құру, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу, жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейінгі жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сэрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 179 қаулысымен бекітілді

Тұрақтандыру банкін құру, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу, жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Тұрақтандыру банкін құру, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу, жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тұрақтандыру банкін құру, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу, жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Тұрақтандыру банкін құру тәртібі

      1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) консервация режимінде тұрған банктің (бұдан әрі – банк) уақытша әкімшілігінен банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру бойынша операция жүргізу туралы ұсынысты алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы уақытша әкімшілікке дереу хабарлайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Уәкілетті органның тұрақтандыру банкін құру туралы шешімінде мыналар көрсетіледі:

      1) уәкілетті органның атауы, орналасқан орны, мемлекеттік тіркелуі жөніндегі мәліметтер;

      2) тұрақтандыру банкін құру туралы шешім;

      3) тұрақтандыру банкінің атауы, орналасқан орны;

      4) тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оның мүддесін үшінші тұлғалар алдында қорғайтын уәкілетті тұлғалардың жеке құрамы;

      5) жарияланған акциялардың саны мен түрі, осы банк инвесторы (инвесторларының) арасында орналастырылатын тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының номиналды құны;

      6) тұрақтандыру банкінің жарғысын бекіту жөніндегі шешім;

      7) тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тағайындалған тұлғаларға мыналар туралы тапсырма:

      тұрақтандыру банкінің жарғысына қол қою;

      тұрақтандыру банкін әділет органдарында тіркеу;

      тұрақтандыру банкінің тіркеушісімен шарт жасасу;

      уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу үшін банк акцияларының шығарылым проспектісіне қол қою;

      8) тұрақтандыру банкінің тіркеушісі туралы ақпарат;

      9) банктің уақытша әкімшілігінің активтер мен міндеттемелерді құрылатын тұрақтандыру банкіне беру туралы тапсырмасы;

      10) шешімнің күшіне енгізілу күні;

      11) өзге де талаптар, оның ішінде банктік және өзге де операцияларды жүргізу үшін қажетті банктің үй-жайын, жабдығын, программалық қамтамасыз етуін пайдалану, сондай-ақ кредиттік бюроға ақпаратты беру мәселесі бойынша.

      3. Тұрақтандыру банкі Банктер туралы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескеріп, акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылады.

      4. Тұрақтандыру банкін құру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды және оны уәкілетті орган қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

2-тарау. Тұрақтандыру банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу тәртібі

      5. Тұрақтандыру банкіне банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге операцияларды жүргізуге лицензия тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті тұлғаға мына құжаттарды ол бергеннен кейін беріледі:

      1) өтінішті;

      2) нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесі және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің көшірмесін;

      3) алынып тасталды

      4) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты.

      Лицензияда көрсетілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін тұрақтандыру банкіне берілетін активтер мен міндеттемелерге байланысты уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкіне банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны осы Қағидалардың қосымшасында бекітілген нысан бойынша береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшері және оларды қалыптастыру тәртібі

      7. Тұрақтандыру банкінің жарғылық капиталы инвестор мен тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті тұлға арасында жасалатын шартқа сәйкес тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларына инвестор төлем жасағаннан кейін қалыптасады.

      8. Инвестор тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларын сатып алған кезде, банк тұрақтандыру банкі мәртебесін жоғалтады және осы банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысында белгілеген мөлшерлерден кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Тұрақтандыру банкін құру,
банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензия алу, жарғылық және
меншікті капиталдарын
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия

      Лицензияның нөмірі _________ Берілген күні __ жылғы "__" ________

      ________________________________________________________________________________

      (банктің толық атауы)

      Осы лицензия операциялардың мынадай түрлерін (ұлттық және (немесе) шетел

      валютасында) жүргізуге құқық береді:

      1) банктік операцияларды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2) өзге де операцияларды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөр орны

  Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады